È

2018 жылы күтілетін 10 фильм

2018 жылы күтілетін 10 фильм

Жаңа киножыл басталды, бізді көптеген қызықты жобалар күтуде. Сіздер блокбастерді онсыз да жақсы білесіздер ғой, сондықтан қарапайым көрерменнің назарынан тыс қалып жүрген картиналарды ғана топтамаға қосуды жөн санадық.


«Мария Магдалина»

Бір жыл бұрын Гарт Дэвис «Арыстан» картинасымен оскарлы жарысқа түсіп, БАФТЕ-де үздік бейімделген сценарий үшін және екінші қатардағы үздік актер ретінде екі жүлдеге ие болған еді. Бұл жолы британдықтың жаңа жұмысы діни тақырып пен актерлік құрамымен назар аудартады, басты рөлдер заманауи қос тамаша актер - Хоакин Феникс пен Руни Мараға бұйырды. Чиветель Эджиофор апостолдың рөлінде. «Арыстан» үшін гильдия жүлдесін алған оператор Грег Фрэйзер де өз орнында. Сыншылар фильмге қырын қарағанымен, біз сіздермен бірге Иисус рөліндегі Феникстің көруге тұрарлық көрініс екенін білеміз ғой.

Айналымға шығу күні: 5 сәуір

 

«Тыныш жер»

Картина режиссері, «Кеңсе» хикаясының белгілі әзілкеш актері және Эмили Бланттың күйеуі Джон Красински аяқ астынан бір үйде құбыжықтармен бірге тұратын отбасы жайлы қорқынышты триллер түсірді. Бұл жұмысы жақсы шыққан секілді. Фильмді жылдың басты жаңалығының бірі деп санайды. Қазіргі таңда, картина қызанақта 100% жағымды пікірлерге ие болған, орташа бағасы 10-нан 8,4.

Шығу күні: 12 сәуір

 

«Талли»

«Аспанға ұшсам ғой» және «Джуно» атты оскарлы картиналарды түсірген Джейсон Райтман жаңа жұмысымен қайта оралды, «Санденстегі» тұсаукесерінен соң, оның туындысын көптеген сыншылар режиссердің мансабындағы үздік жоба деп таныды. Бұл жалғызбасты ана (Шарлиз Терон) жайлы хикая, ол сыйлық ретінде күтушіге (Маккензи Дэвиз) ие болады да, сонымен тіл табысуға тырысады. Қазіргі таңда фильм қызанақта 89% жағымды пікірлерге ие болды, орташа бағасы 10-нан 8,1-ді құрайды.

Шығу күні: 12 сәуір

 

«Төбеттер аралы»

Заманауи өмірдің ең жарқын режиссері Уэс Андерсон жақында өткен Берлиналеде жаңа картинасымен үздік режиссура үшін жеңіске жеткен болатын. Бұл мультипликациялық фильм өзінің итін үлкен қоқыстан іздеп жүрген 12 жасар бала туралы баяндайды, ол жаққа адамдардың барлық төрт аяқты достарын басшының бұйрығымен қуып жіберген еді. Фильмді әдеттегідей, өткір ойы, әзілі мен жақсылығы үшін мақтады. Андерсон тағы да тамаша құрам жинады - Билл Мюррей, Фрэнсис МакДорманд, Брайан Крэнстон, Эдвард Нортон, Грета Гервиг және т.б. бұл жолы дыбыстаумен айналысты.

Шығу күні: 3 мамыр

 

«Реинкарнация»

«Санденстің» басты сыйлығы және жылдың басты қорқынышты фильмі шығар. Қазіргі кезде фильмнің қызанақтағы жағымды пікірлері 100%-ды құрайды, ал орташа бағасы – 10-нан 9. Фильмді көптеген артықшылықтары үшін мақтайды, ең алдымен, қорқынышты атмосферасы бірден көзге түседі. Сонымен қатар, басты рөлді сомдаған Тони Коллет те бағаланды. Соңғы жылдары киномандарды инди-хоррорлар қуантып келеді, сондықтан фильмге артылатын үміт көп.

Шығу күні: 7 маусым

 

«Жауынгер»

«Сикарионың» Дени Вильневсіз, Йохан Йоханссонсыз, Роджер Дикинссіз және Эмили Блантсыз түсірілген жалғасы. Дегенмен, құпиялы мексикандық Бенисио дель Торо мен арнайы қызметтің қатал агенті Джош Бролин өз орындарын тапты. Трейлерге қарасақ, бірінші фильмге деген махаббатпен жасалған жақсы, мықты атыс-шабыс фильмі шығатын сияқты. Бізге керегі де осы.

Шығу күні: 28 маусым

 

«Мектуб: менің махаббатым»

«Адель өмірі» атышулы картинасының режиссері Абделатиф Кешиш былтыр осы жұмысымен Каннға қатысқан болатын. Ол кезде ештеңе ұта алмады, дегенмен көптеген сыншыларға аталмыш фильм ұнады. Олар ең алдымен, картинаның атмосферасы мен әдемілігін сөз етті. Міне, бір жылдан соң, фильм экранға шықпақ.

Шығу күні: 26 шілде

 

«Уайымдама, ол алысқа ұзай алмайды»

Әйгілі Гас Ван Сент жаңа жұмысымен «Санденсте» даулы пікірлерге ие болды, бірақ актерлік құрамына қарап, осы тізімге қосуды ұйғардық. Хоакин Феникс, Джона Хилл, Руни Мара және Джек Блэк осы жазда карикатурашының таңғажайып хикаясын баяндайды, кейіпкер автокөлік апатынан кейін қайтадан қозғалып үйренеді, өмірді қаз қалпында жақсы көре бастайды.

Шығу күні: 23 тамыз

 

«Алғашқы адам»

«Оскар» марапатында «Ла Ла Ленд» фильміне жасалған қатігездіктен соң, бүкіл әлемге өкпелі Дамьен Шазелль Нил Армстронг жайлы баяндайтын жаңа картинасымен қайта оралды. Басты рөлдерде - Райан Гослинг пен Клер Фой. Оператор Линус Сандгрен және композитор Джастин Гурвиц те өз орындарында, сондықтан картинаның Оскар алатынына үміттене берсек болады.

Шығу күні: 22 қараша

 

«Жесірлер»

Биылғы жылдың басты фильмі болатын шығар. «Ұят», «Аштық» және «12 жылдық құлдық» картиналарының авторы, дарынды Стив Маккуин ұры күйеулері шабуыл кезінде қайтыс болған әйелдер жайлы фильм түсірді. Жесірлер бұл жағдайға көндіге алмай, істі ақырына дейін жеткізуді ұйғарады. Сценарий жазуға әйгілі «Жоғалып кеткендердің» авторы Гиллиан Флиннің өзі көмектесті, ал басты рөлдерді Элизабет Дебики, Виола Дэвис, Мишель Родригес, Колин Фаррелл, Лиам Нисон және Джон Бернтал сомдады.

Шығу күні: 22 қараша

 

 

Жанкелді Өмірәлиев

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

3 апреля 2018, 01:57

скучные

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер