«Талли»: Шарлиз Теронның қатысуындағы дубляждалған тизер
«Талли» комедиясы жақында өткен «Сандэнс» фестивалінде жақсы қабылданды әрі шараның ашылуында көрсетілген фильмдердің бірі болды. Шарлиз Терон («Жойқын ақсары қыз», «Форсаж 8») бұл фильмде ана болудың басқа қырын сезінеді. Фильмде оның үш баласы және үнемі жылай беретін сәбиі болады. Фильм тизерінен отбасы мүшелері кешкі асқа жиналғанда Терон кейіпкерінің әбден қалжырап отырғаны көрсетіледі. Соны көрген ағасы, яғни актер Марк Дюпласс («Біз сияқты адамдар», «Көкшіл жорғаторғай» дәмханасы») түнгі бала күтушісін іздеуге кіріседі.
Маккензи Дэвис («Жүзбен жүгіруші 2049», «Марсиандық») бейнесіндегі бақыт есік қағады. Иә, бұл сол Талли есімді әйел. «Мен бұл жерге саған қамқор болу үшін келдім», - дейді ол. Терон сомдайтын кейіпкер алғашында ерекше көмекшісіне таң қалады, бірақ кейін әйелдер арасында өзара байланыс пен түсіністік орнайды.
Режиссер Джейсон Райтман («Еңбек күні», «Мен аспанға ұшсам ғой») «Таллиді» Диабло Коудидің («Джуно») сценарийі бойынша түсірді.
«Талли» - Шарлиз Теронның Райтман-Коудимен алғашқы шығармашылық жұмыс тәжірибесі емес. 2011 жылы ол үздік әйел рөлі үшін «Алтын глобус» номинациясын иеленген «Байғұс бай қыз» таспасына түскен. Жоба режиссері - Джейсон Райтман, ал сценарий авторы Диабло Коуди болған. Одан бөлек, Райтман мен Коуди 2007 жылы «Джуно» жобасында бірге жұмыс істеген, ол фильм үздік ерекше сценарий үшін «Оскар» иеленді.
«Талли» фильмінің Қазақстандағы тұсаукесері 12 сәуірде болмақ.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін