«Жойқын ақсары қыз»: Жарылыс
«Жойқын ақсары қыздың» сынамалы көрсетілімі биылғы жылдың наурыз айының ортасында «Оңтүстік-Батыс арқылы Оңтүстікке» американдық фестивалінде көрсетілген болатын. Сол кезде-ақ Дэвид Литчтің («Джон Уик») режиссерлік шеберлігіне әрі халықтың Джеймс Бонд рөлін әйел образында қабылдауына байланысты күмәнданған едік. Әйгілі 007 британ агентінің әйел түріндегі образы – фетиш пен карикатура, сондықтан да Литч гендерлік уақытта осындай тыңшылық фильм түсіруді қалаған болар. Осы тұста Энтони Джонстонның өткен ғасырдың 80-жылдарының соңындағы Берлинді баяндайтын «Ең суық қала» графикалық романы сәтті шықты. Берлинді Батыс пен Шығысқа бөліп тұрған әйгілі Қамал құлаған кездегі картиналарды тірілту үшін бес жылға жуық дайындық пен түсірілім қажет болды. Литч көрермендерге салқынқандылықты көрсетуге тырысқан секілді. Өйткені, фильмнің басында мұз айдынында түсірілгендей, ЛоррейнБротон мұзды хауыздан шыға келеді. ШарлизТерон («Әзәзілдің адвокаты», «Әскери сүңгуір») пародиясыз шынайы түрде суық көзқарас танытып, мұзбен және темекімен көрінеді. Ол - MI6 британ барлаушысының агенті.
«Жойқын ақсары қызды» әйел бейнесіндегі атыс-шабыс фильмі ретінде елестетіп, шындық жағына қарай ойысасың. Себебі, екінші маңызды сәт – көрерменнің Литчтің шартты кейіпкерлер мен шартты моральдан құралған ерекше әдісін қабылдауында. Егер «иә» десеңіз, «Жойқын ақсары қыз» сіздің көретін фильміңіз әрі Екі сағаттық ойыныңыз болып табылады. Болмаса, Теронды айналып өтіп, афишадан басқа билет ала беріңіз. Таспа авторларының мақсаты – үздік заманауи актрисаның бірін әзілсіз суық бейне немесе біртүрлі тапсырмаларды орындайтын техника ретінде көрсету. Кейіпкер ешкімге сенбейді, дегенмен нәтижесі қуантады. Негізі, Литч бізге өзге де мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Джон Уиктің әйелдегі образын ұсынды десек қателесетін сияқтымыз. Ол 1989 жылдың қарашасындағы суық Берлиннің көне бейнесін көрсетеді. «Жойқын ақсары қыз» гүлдер арқылы түсіндіріледі. Қызыл мен алқызыл түстер көк пен сұр түстердің жанында бостандық гүлдері болып есептеледі, 80-жылдардағы «жаңа толқынның» ерекше саундтрегімен таң қалдырады. Осылайша, сағынған әндерді тыңдатып, әдемі киімдер мен көліктер арқылы сол уақытқа апарады. Бұл - расымен де 80-жылдардағы әдемілікті бейнелейтін гиперстильді фильм.
«Жойқын ақсары қыздың» флэшбэк арқылы көрсетілетін оқиғасы, басты кейіпкер Лоррейннің MI6 ішкі қауіпсіздік қызметіндегі тергеу барысы өте қарапайым. Ол кез-келген әдіспен Берлин қамалының күйреуінің алдындағы агент желісі туралы анықтаманы біліп алып, «суық соғыстың» соңындағы тыңшылар жанжалын болдырмауы тиіс. Ал кейіпкер Теронның бұрыннан бері күдік туғызып келе жатқан басшының кеңестік МҚК арасындағы байланысын білу операциясы берлин резиденті Дэвид Персивалмен (Джеймс МакЭвой, «...Мен жан-тәніммен билеймін», «Джейн Остин») бірге өтеді. Жалпы, МакЭвой әріптесіне қарағанда, «Шайқас клубындағы» Брэд Питтің бейнесін екінші рет қайталайтындай көрінеді. Ол тартымды әрі қу жігітті көрсетеді. Джонатан Селаның («Трансформерлер: Соңғы сарбаз», «Джон Уик») үздік операторлық жұмысының арқасында, контрбарлаушы қыздың іс-әрекеттері өте әсерлі әрі шынайы шыққан. Села монтаждау бөліктерінен бас тарта отырып, Теронның «Штази» шығыс-неміс барлауының агенттерімен шайқасын хореография мен акробатика элементтерімен берген. Осындай жанрдың құрамдас бөлігі болып табылатын виртуалды түсірілім таспаның бейнелі картасына айналғандай...
Дегенмен, «Жойқын ақсары қыздың» мұндай өнімділік деңгейі бар оқиғаның негізгі мағынасыздығын толтыра алмайды. Теронның әсемдігі Қар Патшайымының тартымдылығына ұқсас, хикаяның негізгі шегесі іспетті. Оның Лоррейні Сталлоне мен Шварценеггерге қаратып айтылған гендерлік жауап секілді. Бірақ, кейіпкер мінезі ешқандай терең мотивацияны білдірмейді. Терон образындағы жалғыз адамгершілік қасиет – француз барлауының агенті Дельфинаға (София Бутелла, «Мумия», «Стартрек: Шексіздік») деген сезімі, кейіннен оның ғашығына айналады. Әйелді басқа әйелден өзге кім жақсы түсінсін? Қалжыңсыз айтар болсақ, Литчті режиссер ретінде сюжеттегі параллель көріністер онша қызықтырмайтын секілді. Фильмдегі негізгі жауыздар қорқынышты бейнедегі көпшіліктің бірі сияқты, олардың пафосты өмірі мен өлмейтіндігі кейіпкерлер образын экшннан анық комикске бұрып әкетеді. «Штазиге» жұмыс істеп жүрген сатқын Бинокль рөліндегі Тиль Швайгер («Аспанға жеткізу», «Дөңгелекті бағыт») бар күшімен қирап жатқан үйіндінің астында аман қалуға талпынатын шығыс немісінің образын көрсетуге тырысады.
Жалпы, «Жойқын ақсары қыз» салмақты туынды, бірақ Шарлиз Теронның экрандағы шайқасынан ешқандай әсер ала алмайсың, оның көзінде от жоқ. Әрине, продюсердің кейіпкерге деген көзқарасы сондай шығар. Яғни, ол ең алдымен барлығын жайпап салатын ақылды техника болуы шарт, содан кейін ғана жұмбаққа толы тартымды әйел бола алады. Терон өз кейіпкері арқылы еркектерді құртып, кек алатын әйелді көрсетті. Литч режиссер ретінде Лоррейн образын сән әлеміндегі кутюрье секілді ұсынды. Ол кейіпкеріне салтанатты сахнаны дайындап қойған, ал кейіпкер барлық мәселені қарумен, соғыспен шешеді. Бірақ, сол кездері ылғи әдемі киініп жүреді. Құдды бір Джеймс Бонд па дерсің. Иә, өзіне жақындатпай, барлығын алыста ұстап, көрермен қызығушылығын арттыруға тырысқан сфинкс секілді. Дэвид Литч бұрынғы каскадер ретінде көрерменге не қажет екенін білетін сияқты. Кадрдағы драматургияның және кейіпкерлер арасындағы химияның жоқтығы, сюжеттегі мінез бен твисттердің шарықтау шегі...
«Джон Уиктан» кейін «Жойқын ақсары қыздың» шығуын құптауға болатын сияқты. Тыңшылық атыс-шабыс фильмінің қайта жаңғыруы, оның мықты қойылымдары таспаның қатал еркектер әлеміне бағытталған қарсы шығуы секілді.
Киноға Сергей Бутаков барды
Оцените рецензию
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін