È

«Жойқын ақсары қыз» алғашқы аптада жүз миллионон теңгеден артық қаржы жинады

27-30 шілде аралығындағы кассалық жинақ

«Жойқын ақсары қыз» фильмі отандық айналымда тиісті қолдау таппады, ал Николь Кидман, Кирстен Данст және Эль Фаннинг секілді жұлдыздардың қатысуындағы «Қауіпті азғыру» драмасы жеңіліс тапқандардың қатарына енді. «Мажорлар» да көрермен қызығушылығын тудыра алмады. Отандық көременнің қандай киноларды құлшына тамашалағандарын Қазақстандағы кассалық жинаққа арналған материалымыздан оқыңыздар.

Әлсіз көрсеткіштерге қарамастан, кассалық жинақтың көш басында Дэвид Литчтің «Жойқын ақсары қыз» фильмі тұр. Картина тұсаукесерлі аптада 102 145 450 теңге жинаған. Фильм Энтони Джонстонның «Ең суық қала» туындысы негізінде түсірілді. Шарлиз Терон бұл жобаға 5 жылын арнады. Актрисаның рөліне қатысты дайындық жұмыстарына 8 жеке жаттықтырушы көмектесті. Алайда, түсірілім алаңында оқыс жағдайлар болып, Шарлиз 2 тісін сындырып алды.

«Жойқын ақсары қыз» фильмінен көрініс

Бірінші орыннан екіншісіне «Дюнкерк» әскери драмасы жайғасты, ол екінші аптада айналымнан 94 102 900 теңге жинаған. Кристофер Нолан түсірілім тобының құрамына «Бэтмен: Бастау» фильмімен жұмыс істеген композитор Ханс Циммерді және «Қара сарбаз» және «Қара сарбаз: Аңыздың қайта жаңғыруы» картиналарына түскен актерлар Том Харди мен Киллиан Мёрфиді шақырды.

«Маймылдар аралы: Соғыс» кинотаспасы бір сатыға төмендеді. Фильм кассаны 55 015 000 теңгеге толтырды. Энди Серкис, Терри Нотари және Карин Коновал - «Маймылдар аралы» трилогиясының барлық бөліміне түскен актерлар. Түсірілімге Кариннің қатысуы біраз қиынға соққан. Актриса орангутанның рөліне ену үшін қолына ауыр заттарды ұстап, приматтардың қимыл-қозғалыстарын жаттап жүрді.

«2рас: Аңыз» фильмінен көрініс

Рэпэр Тупак Шакурдың өмірі мен шығармашылығына арналған «2рас: Аңыз» өмірбаяндық таспасы 39 687 750 теңге жинады. Режиссері Джон Синглтон болуы мүмкін еді, өйткені ол Афени Шакурдан ұлы туралы фильм түсіруге рұқсат алған еді. Алайда, Джон продюсерлермен келіспей қалып, жобадан шығып кетеді. Оның орнына музыкалық өндіріс туралы «Империя» хикаясы арқылы танылған Бенни Бум келеді.

Айналымдағы үздік бестікті «Өрмекші адам. Қайта оралу» фильмі аяқтады, ол 34 495 350 теңге жинаған. Актер Кеннет Чои картина арқылы әлемдік Marvel кинематографиясына екінші рет шығып отыр. 2011 жылы оның қатысуымен «Бірінші кек алушы» фильмінің тұсаукесері болған. Гэри Олдман («Арамыздағы ғарыш») Құзғынның рөлінен үмітті еді, алайда оның орнына рөлге Майкл Китон («Бёрдмэн») ие болды. Айта кету керек, екі актер да Бэтмен туралы фильмге түскен.

«Қауіпті азғыру» фильмінен көрініс

Николя Бедостың «Жігіт пен қыз» дебютті жұмысы 10 879 150 теңге көлемінде пайда тапты. Дория Тилье мен Николя Бедос кейіпкерлерінің жас кезі мен қарттық шағын сомдады. Сондықтан, актерлар гримге бірнеше сағат уақытын жұмсады: қарт Виктордың гримі 6 сағатта жасалды. Картинаны алғашқылардың бірі болып Франция мен Бельгия халқы көрді. Тұсаукесері екі қалада 2017 жылдың 8 наурызында болды.

«Қауіпті азғыру» драмасы қазақстандықтарды қызықтыра алмады, нәтижесінде 7 262 150 теңге жинады. Ал «Аңызға айнал! Кіші Бигфут» анимациясы 8 427 600 теңге және «Ессіз көршілер» комедиясы 4 837 900 теңге көлемінде қаржыға ие болды.

«Мажорлар» фильмінің көрсеткіші төмен болды. Картина өткен аптада бар-жоғы 689 250 теңге жинады, бұл тұсаукесерлі жинаққа қарағанда 10 есе төмен.

 

* Материал Rentrak пен Ticketon.kz жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалды

Қазақстанда Rentrak жүйесіне Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісі қосылған

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

12 тамыз 2017, 14:39

любят у нас Шарлиз и боевички =)

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса