«Трансформерлер: Соңғы сарбаз»: халықаралық трейлер
Майкл Бэйдің «Трансформерлер: Соңғы сарбаз» фильмінің жаңа ролигінен зұлым Оптимус Праймды көруге болады. Жер бетінде Трансформерлер мен адамдар арасында соғыс болып жатады. Басты кейіпкер Оптимус Прайм адамдарға қажет кезінде аяқ астынан жоғалып кетеді. Адамзатты құтқаруға бола ма екен? Бұл әзірге жұмбақ. Дегенмен, оның кілті өткенде, яғни, Трансформерлердің Жерге құпия түрде келуінде жатыр. Трансформер, ағылшын лорды, қарапайым кейіпкер және Оксфорд профессорынан құралған еріктілер тобы аласапыранды тоқтауға тырысады.
Таспа франшизаның алдыңғы үш фильмінен қысқа болатыны белгілі болды.
Тұсаукесері 22 маусымға жоспарланып отыр.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін