È

«Жауынгер»: есірткі саудасына қарсы күресетіндер «Қанішер» сиквелінің алғашқы трейлерінде

«Жауынгер»: есірткі саудасына қарсы күресетіндер «Қанішер» сиквелінің алғашқы трейлерінде

Sony «Қанішер 2: Жауынгер» таспасының алғашқы трейлерін жариялады. Бенисио Дель Торо («Мінсіз күн», «Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар») және Джош Бролин («Батылдар ісі», «Цезарь жасасын!») жедел қызметкер Алехандро Гиллик пен ОБҚ (ЦРУ) агенті Мэтт Грейвер рөлінде қайта оралмақ. Эмили Блантпен бірге 2015 жылы «Қанішерде» басты рөлдерді сомдаған жұп Құрама Штаттары мен Мексика шекарасында есірткіге қарсы күресті қайта жүргізеді. Олар Америка шекарасын террористер арқылы заңсыз өтпек болған есірткі саудагерлерімен арпалысады, ақыры екі картельді бір-біріне қарсы айдап салмақ болады.

«Сіздер осының барлығын бастан кешуімді қалап тұрсыздар ма? Мен батпаққа батуға мәжбүр боламын», - дейді Бролин кейіпкері мемлекеттік шенеуніктерге. Әрі қарай Грейвер соғыс бастайтынын Гиллике хабарлайды. Ол «Кімге қарсы?» деген сауалға «Барлығына қарсы» деп жауап береді.

Трейлердің өзінде шөл даланың бойымен ұшып жүрген тікұшақтар, түрлі көлік құралдарының атылып жатқандары көрсетіледі. Режиссер Дени Вильнёв және Эмили Блант жалғасының түсіріліміне қатыспады. «Жауынгермен» итальяндық режиссер Стефано Соллима айналысты, ол көпшілікке «Гоморр» хикаясы арқылы таныс. Сиквел сценарийін қайтадан Тейлор Шеридан («Желді өзен») жазды.

«Қанішердің» жалпы бокс-офисы 85 миллион долларды құрады. Таспа «Оскардың» үш номинациясын иеленген.

«Жауынгердің» Қазақстандағы тұсаукесері 2018 жылдың 28 маусымында болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер