«Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар»: Үшінші эпизод
Негізі, джедайлар ауылы Ирландияның батыс жағалауындағы жартастың төбесіне салынады деп жоспарланған, бірақ түсірілімнің мақсаттылығын, логистика мен қауіпсіздігін ескере отырып, ол жақта жұмыстар жүргізілмейтін болды. Сондықтан, декорациялар, сопылар тұратын лашықтар Pinewood киностудиясының ашық алаңында құрылды. Қажетті көріністер Pinewood студиясында түсіріліп болған соң, декорацияны жинап алып, Ирландия жартастарында қайта құрған.
«Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар» картинасының түсірілім тобы Pinewood студиясының павильонында «Мыңжылдық сұңқардың» интерьерін қайта орнатты, оны қоюшы-суретші Марк Харрис «Жұлдыздар соғысы: Күштің қайта жаңғыруы» фильміне арнап жасаған еді. Бұл «Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар» картинасының авторларына «Мыңжылдық сұңқардың» үлгісін 19 тонналық джедайлар ағашының астындағы Longcross Studios студиясының алаңына толығымен сыйдыруға мүмкіндік берді.
Канто-Байт ойынханасы декорациясының үлкен болғаны соншалық, оны Pinewood студиясында екі павильонға бөлуге тура келді. Оның сыртқы бөлігі Longcross студиясында орнатылды, ал ойынхана орналасқан Канто-Байт ғаламшарының рөлін ортағасырлық хорват қаласы Дубровник сомдады. Құрылысы 16 аптаға созылған казиноның декорациясы әр департаменттердің бір-бірімен байланысып, ерекше туындыға айналатынын көрсетті.









пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін