È

10 есте қаларлық отандық сериал

10 есте қаларлық отандық сериал

Әдетте сериалдар көрермендерді қызықтыру жағынан толықметражды фильмдерден кем түспейді. Сәтті шыққан көпсериялы жоба жас актерлер үшін жақсы бастама және сериалды түсірушілер үшін жақсы табыс көзі бола алады. Біз бүгін көрерменді бейжай қалдырмаған отандық он сериалды оқырман назарына ұсынып отырмыз.

10-ыншы орын - «Астана – махаббатым менің»

Музыкалық мелодрама жанрындағы қазақ-түрік жобасы. Режиссеры Ермек Шынарбаев. Телесериалды түсіру жұмыстары 140 күнге созылды.

Рөлдерде: Әділ Ахметов, Бибігүл Ақтан, Әсел Садуақасова, Базар Акча және Эрман Бурмали.

 

9-ыншы орын - «Махаббатым жүрегімде»

«Махаббатым жүрегімде» - режиссер Асқар Ұзабаев пен продюсер Баян Мақсатқызының тандемі, жоба 2014 жылы жарыққа шықты. Байдың баласы мен ауылдың қарапайым қызының арасындағы махаббат туралы жаттанды оқиға болғанымен көрерменнің көңілінен шықты.

Әсіресе басты рөлдегі актерлерд көрерменнің есінде ерекше қалды: «Қазақ аруы-2014» байқауының жеңімпазы Гүлназ Жоланова және актер Тәуекел Мүслим. 2015 жылы көпсериалы мелодраманың екінші маусымы ұсынылды.

 

8-інші орын - «Побег из аула»

«Побег из аула» - продюсер, режиссер әрі актер Нұртас Адамбайдың жобасы.

Басты кейіпкерлер Куча, Жирный, Сапог және Ербол өздерінше өмір сүреді, ғашық болады, махаббат үшін күреседі, үйленеді, живут, влюбляются, борются за любовь, женятся, келеңсіз жағдайларға да ұшырайды, бірақ қашанда олардың көңіл-күйлері көтеріңкі. Комедия жанрында түсірілген сериал отандастырымыздың арасында танымалдыққа ие болды. Сондықтан да болар, сериалдың авторалыр толықметражды «Побег из аула. Операция «Махаббат» фильмін түсірді.

Ситкомда Нұртас Адамбай, Дәут Шайхисламов, Мақсат Мамраимов, Иңнкәр Әбдраш және басқалар ойнады.

 

7-інші орын - «Патруль»

«НТК» арнасындағы әзіл-сықақ жобаларының бірі - сериал «Патруль» көрермендердің көңілінен шықты. Сериалдағы кейіпкерлер Чапай аудандық ІІБ қызметкерлері, олар патрульге шыққанда немесе кезекшілікке қалғанда түрлі күлкілі жағдайларға тап болады.

Басты рөлдерде: Әділжан Шомболов, Рүстем Омаров, Мейіржан Түребаев, Мейіржан Шерниязов, Медет Аманбаев және басқалар. комедиялық телефильмнің режиссеры Әнуар Матжанов.

 

6-ыншы орын - «Әке»

Режиссер Асқар Ұзабаев түсірген әлеуметтік драма жанырндағы сериал.

Көпсериалы фильм ұзақ уақыт түрмеде отырып шыққан әкені балаларымен қайта тіл табысуы туралы.

Әкенің рөлін ойнаған актер Азат Сейтметов Seoul International Drama Awards халықаралық фестивалінде «Үздік ер адам рөлі» номинациясын жеңіп алды.

Сериалдың қроюшы-операторы - Максим Задарновский, продюсер - Ринат Сафаров.

 

5-інші орын - «Сырғалым»

«Қазақстан» телеарнасының рейтингісі бойынша «Сырғалым» сериалын еліміздегі әрбір оныншы көрермен тамашалапты. Біздің отандық сериалмен Татарстан көрермендері де танысыпты.

Сериалдың басты кейіпкері - Сырғалым есімді қыз, ол ауылдан қалада тұратын әкесінің еск досының үйіне келеді. Оның бұл үйге келуі үлкен отбасының мазасын қашырады. Ағайынды жігіттер оған өз сезімдерін білдіреді: бірі ғашық болып қалады, енді бірі қамқорлық танытады, енді біреуі оны үйден қуып жібергісі келеді.

«Сырғалым» сериалының қоюшы-режиссеры - Дмитрий Коробкин, ол «Деффчонки» жобасы арқылы белгілі.

 

4-інші орын - «Вузеры»

Комедиялық сериал алаңсыз студенттік өмір жайлы. Ситкомда бсты кейіпкерлерді ойнаған актерлер әр қазақстандыққа жақсы таныс: Рамис Кұлахмет, Еркебұлан Мырзабек, Марат Әлиев, Асан Мажит, Жәния Джуринская, Сая Оразғалиева, Әсем Жакетаева және басқалар.

Сценариймен, нақтырақ айтқанда әзілдермен бүтіндей бір топ жұмыс істеді: Асқар Бисембин, Марат Әлібаев, Еркебұлан Мырзабек, Марат Оралғазин және басқалар.

Фильмнің саундтректерін Әли Оқапов және Ғалымжан Молданазар орындады.

 

3-інші орын - «Тракторшының махаббаты» («Любовь тракториста»)

Баян Мақсатқызы мен Асқар Ұзабаевтың тағы бір сәтті шыққан жобасы.

Сюжет бойынша қаланың Белла есімді қызы өзінің үйлену тойына асығып бара жатады, жолда көлік апатына түсіп, есінен айырылып қалады. Қиын жағдайға тап болған бейтаныс қызға ауылдың тракторшысы жасұлан қамқорлық танытады.

Басты рөлдерді Кәмшат Жолдыбаева және Берік Айтжанов ойнады.

Түсірілім барысында түсірілім тобы ауылда тұрды, массовканың басым бөлігін ауыл тұрғындары құрады.

2-інші орын - «Тоғысқан тағдырлар» («Перекресток»)

Балалық және жастық шақтары 90-жылдарға тұспа-тұс келгендерге бұл сериалдағы актерлер жақсы таныс. алматылық отбасы жайлы оқиғаны көрермендері жылы қабылдады. Өйткені ол кезде «Тоғысқан тағдырлар» жалғыз ғана отандық көпсериалы фильм болатын. Экранға барлығы 465 серия шықты. Сериал 1996-жылы басталып, 2000 жылы аяқталды.

 

1-інші орын - «Агайынды» («Братья»)

Көрерменге жақсы таныс «Рэкетир»фильмін түсірген режиссер Ақан Сатаев түсірген сериал.

«Агайынды» сериалының сюжеті ауылда тұратын үш ағайынды жігіт Шыңғыс, Қуаныш және Бақыт жайлы. жас жігіттердің әрқайсысының өқз армандары, алға қоған мақсаттары бар. Өз дегендеріне жету үшін жігіттер тағдырдың біраз сынынан өтеді.

Ағайындыларды Берік Айтжанов, Нұрлан Әлімжанов және Әнуар Нүрпеисов ойнады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер