È

Отандық кинодағы 10 әйелдің кинопортреті

Отандық кинодағы 10 әйелдің кинопортреті

Нәзік, тәуелсіз, дана, табысты, батыл, ұяң, жас әрі өмірде тәжірибелі – бұл қазіргі отандық кинодағы қазақстандық әйелдердің бейнесі. 8 наурыз мерекесі қарсаңында «Бродвей» осы нәзікжангдыларды не шабыттандыратынын анықтап көрді.

«Келинка Сабина»

Байдың ерке қызы туралы жеңіл әрі тапқыр оқиғада ана тілін білмейтін, қиындық көрмеген Сабина Жүнері ауылына тап болып, Жәнібек атты малшының әйелі атанадаы. Алматылық Сабина ауылға келін болады. Міне, дәл осы кезде барлығ басталады...

Ең бастысы, Сабина ештеңеге қарамастан мойымады, ол айналасын тани бастады, білмегенін үйренуге тырысты, адамдармен араласты. Қиындықтарға қарамастарн, өзін өзі жоғалтып алған жоқ. Сондықтан да болар біз сабинаны жақс көріп қалдық.

«Свадьба на троих»

Картинаның сипаттамасында Асқар Бисембин фильмді авантюралық-романтикалық комедия деп атайды. Бәрі дұрыс, лентада кейіпкерлердің басын біріктіретін күтпеген жайттар баяндалады, Баст кейіпкерлер Мәскеуден келген алаяқ Азамат пен жас әдемі қыз Әлия күтпеген жерден күйеужігіт пен қалыңдық болуға мәжбүр.

Экран Әлия актриса Аружан Джазильбекова өзінің сүйікті жігітіне тұрмысқа шығуды армандайды. Әлия нар тәуекелге бара алатынын, өзінің мықты мінезін, таза жүрегін көрсете алды, осы қасиеттеріне орай оның бағы жанды.

«Анаға апарар жол»

Сегізінші наурыз, баршаға белгілі - бұл аналар мерекесі, егер осы материалда ана махаббаты жайлы фильм туралы айтпсақ әділетсіз болар еді.

«Анаға апарар жол» өзі үшін, өзінің жақындары үшін күресе білген мықты әйел туралы әсерлі картина. .

Лентаның сюжеті Қазақстандағы бірнеше күрделі тарихи кезеңдерді қамтиды: ұжымдастыру кезеңі, халықтың алапат трагедиясы – жұт, Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі кезең.

«Гламур для дур»

Лента қазіргі қоғамдағы кейбір келеңсіздіктерді жеңіл түрде келемеждейді. «Гламур для дур» қысқа мерзімде ғаламтор арқылы танымал болуға болатыны жайлы оқиға. Басты кейіпкер Ұлжан Балжанова 19 жаста, осы жасқа дейін ол ауылда өскен. Ата-анасы оны өд ықтиярынсыз күйеуіге бермес үшін мектеп бітірушілер кешінен Алматыға қашып кетіп, әпкесіне барады. Ол әлеуметтік желі арқылы танымал болуды армандайды.

Ұлжан «Гламур для дур» картинасында атақ үшін әркімнің сөзіне ермей, өзіңнің басыңмен ойлаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеді.

«Замуж в 30»

Фактәлерді салыстыра отырып, «Замуж в 30» комедиясын Sunny Production мен режиссер Асқар Бисембиннің үйлену тойы туралы кезекті жобасы. Рас, қандай да бір пікір айтуға асықпаңыз, ханшайымның ақбозатқа мінген ханзадасын күткен, соңы бақытты аяқталған оқиға ешқашан артық болмайды…

«Замуж в 30» өзінің махаббатын іздеген қыз туралы оқиға. Анель бәрімізге ұқсайды, ол өзінің ешкіммен кездеспейтінінен ұялады. Біраз қателіктерінен кейін ол өзін өзі сол қалпында жақсы көруді үйренеді, өзін өзі жақсы көргенде ғана оның басқа жанмен қарым-қатынасы түзелетінін түсінеді.

«Виртуальная любовь»

Қазақстандық-ресейлік фильм, виртуалдық романда қандай құпиялар бар екенін ашатын қазіргі заманғы романтикалық оқиға. Тәкәппар сұлу (Бибігүл Ақтан) өзінің икемсіз әріптесіне көз қырын да салмайды, ал ол болса, қызды көргенде тілін жұтып қояды. Алисағаламтор арқылы өзінің махаббатын кездестіруді армандайды және арманына жетеді, ол өз уақытында айналасына қарап, шынайы сезімге ашыла түседі.

Шынайы сезімнің қашан да өтірік пен қулықты жеңетінін фильм тағы бір мәрте дәлелдейді. Сюжет,те адамның ең алдымен ар алдында таза, өзінің ұстанымдарына берік болу керек екенін көрсетеді, осындай әйелдер үшін ғана еркектер ерлікт жасауға әзір болады. Қалғанын фильмді көргенде түсінесіздер.

«Осторожно, корова»

Жүз келілік ұсқынсыз үйректен аққуға айналған Баян Есентаеваның кейіпкері өте тартымды, фильм өте әсерлі болды десек артық айтқандық емес.

Режиссер Асқар Ұзабаев студент кезінде өзінің артық салмағы үшін курстастарының келемежіне айнаған айгүл есімді қыздың оқиғасын баяндайды. Оны бәрі сиыр деп атайтын. Жауапсыз махаббаттан, сатқындықтан опық жеген кейіпкер өзінің өмірін түбегейлі өзгертпек болады. Адам танымастай өзгерген қыз кейін өзінің туған ауылына оралады.

«Осторожно, корова» нәзік әйелдің сәтсіздіктері мен жетістіктері жайлы оқиға, ол сүріне жүріп дұпрыс таңдау жасауға үйренеді, тәйелсіз жанға айналады, ол ағыспен жүзе бермей, өз өмір сүру ережесін өзі қалыптастырады.

«Келинка тоже человек»

Үлкен экраннан фильмі көруге мүмкіндік болса, мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз дейді киносыншылар. «Бродвейдің» кинотоптамаларының ішінде фильмді отандық кинозалдардан оңай тауып алуға болады. біздің сөз етіп отырғанымыз отандық жаңа комедия – «Келинка тоже человек».

Айжан мен Майра – анасы мен қызы, бірақ Айжан - келін, ал Майра - қатал ене, олардың қарым-қатынасы онша жақсы емес.

Бірақ күндердің күнінде бәрі өзгереді... Антикварлық дүкеннің сатушысы Айжанға ескі шәйнек сыйлайды, осы ыдыстан шәй ішкен Айжан мен Майраның денелері ауысып кетеді. Жұмбақ сатушы олардың арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына көмектесе алды ма, әлде бұл кездейсоқтық па? Сіздер мұны Майра мен Айжанның арасындағы шытырман оқиғадан біле аласыздар.

«Всё из-за мужиков»

Кинолентаның атауының өзі қызығушылық тудырады, әсіресе 8 наурых Халықаралық әйелдер мерекесі қасаңында мұндай фильмнің шығуы заңды секілді. Жаңа отанлдық комедияда тек қана үш еркек қана қалған әйелдер әлемінің қандай екені суреттеледі.

Оқиға Астанада болған. Үш жас жігіт керемет мүмкіндіккке ие болып, тек әйелдер ғана өмір сүретін әлемге тап болады. Қызлар олардың барлық еркелігін көтеріп, алақандарынада аялауға әзір. Барлығы әйелдердің ұстанымына сай қалыптасқан әйелдер әлемінде өмір сүру қаншалықты оңай?Бұл сұраққа қандай жағдайда да жаңа фильмді көрген соң ғана жауап бере аласыз. Айтпақ, лентаның авторлары еркектер, мұнда әзіл де, күтпеген жағдайлар да өте көп.

«16 қыз»

Қанағат Мұстафиннің«16 қыз» романтикалық комедиясының сюжеті Бауыржан есімді жас жігіт жайлы, ана-анасы оны үйлендіруді армандайды. Сол үшін олар қалыңдық іздеуге кіріседі. Бауыржанның өзі сүйген қызына үйленгісі келеді, бірақ оның сүйіктісі Айжан басқа жігітпен атастырылған. Айжан әкесін енжіткісі келмейді, сондықтан бас кейіпкердің ұсынысынан бас тартуға мәжбүр.

«16 қыз» соңы жақсы аяқталатын әдемі ертегі. Аша Матайдың кейіпкері – Айжан өзіне өзі сенімді, аздап авантюраға бара алатын, әзілді түсінетін әйелдің қашан да өзінің дегеніне жете алатынын дәлелдеді. Ал біздің мақсатымыз біреу, өзіміз сүю және сүйікті болу.

Мерекелеріңізбен, қымбатты әйелдер, фильмдерді жақсы көңіл-күймен тамашалаңыздар!

 

Малика Дауылбай

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер