È

Дархан Төлегенов: «Қоғамдағы киноның ролі – өз-өзімізге сұрақ қоятын айна»

Дархан Төлегенов: «Қоғамдағы киноның ролі – өз-өзімізге сұрақ қоятын айна»

Дархан Төлегенов 1993 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Театр бағытындағы колледжде оқыған. 2017 жылы Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Көркем кино режиссері» мамандығын (Аманжол Айтуаров шеберханасы), 2017 жылы аталмыш оқу орнында магистратурасын жалғастырды.


- Сіз үшін кино деген ұғым қандай мағына береді?

- Өз ойыңды/болмысыңды айту/көрсету. Эмоциялар. Пікір айту. Көңіл көтеру.

- Кино саласына келуіңізге себепкер болған кім/не?

- Меніңше, бұл менің қолымнан келетін істердің ең тәуірі. Шындығына келетін болсам, жеті жасымда Ридли Скоттың «Гладиатор» (Gladiator, 2000, Ridley Scott) фильмін алғаш ашылған кинотеатрдан барып көрген болатынмын. Не туралы екендігін түсінбесем де, денемнің түршіккені есімде. Фильм тамашалап болғаннан кейін кинодан осы сезім ғана қалады. Осыдан бастап, жете түсінбесем де, санамнан тыс, кино – айналысқым келетін ерекше өнер екендігін түсіндім. Бала кезімізде барлығымыз ойыншық ойнаймыз, ойынымызға сюжет құраймыз, бұның өзі кино.

- Сізді шабыттандыратын қай режиссердің шығармашылығы? Олардың жұмыстары несімен ерекшеленеді?

- Асгар Фарһадидің (Asghar Farhadi), Андрей Звягинцевтің, Жак Одиардың (Jacques Audiard) фильмдері жүйкені сынайтын, көріп болған соң көптеген сұрақ қалдыратын өте жарқын баяндалған тұрмыстық оқиғалар. Олардың көрермен назарын фильмнің басынан титрға дейін ұстай алатындығы ұнайды.

- Киноның қоғамдағы ролі қандай болуы қажет?

- Қоғамдағы киноның ролі – өз-өзімізге сұрақ қоятын айна. Өзімізге көңіліміз толғанда бізді қуантып, сергіте алады. Кемшілігімізді көргенімізде жігерлендіре алады. Өзімізді қалай өзгертуге болатындығы туралы ойландырады.

Гуж Тадевосян, Әлімжан Құдабаев, Реза Миркарими және Дархан Төлегенов
Гуж Тадевосян, Әлімжан Құдабаев, Реза Миркарими және Дархан Төлегенов

- Қазақ киносының өткені мен бүгінін салыстырып қарайтын болсақ, қандай өзгерістер орын алып отыр?

- Бүгінде кино қол жетімді. Екінің бірі арнайы білімсіз немесе ұлттық киностудия көркемдік комитетінің мақұлдауынсыз-ақ кино түсіре алады. Мүмкін, айырмашылық осында ғана шығар. Ал, көркемдік жағына келетін болсақ, бұл нәрсемен киносыншылар айналысу керек секілді.

- Сіздің ойыңызша, қазіргі отандық фильмдерге не жетіспейді? Артықшылығы мен кемшіліктері?

- Бізде барлығы бар. Киноиндустрияны көтеретін фестивальдік алаң, сапалы бәсеке, қазақстандық кинематографты көтереміз деп жүрген жас мамандар жетерлік. Әттеген-ай дейтін бір тұсы, питчиң алаңдар, бизнес платформалар, кинематографты қолдайтын фондтардың жоқтығы.

- «Байқоңыр» кинофестивалінде көрсетілген «Маршрут» фильміңіздің идеясы қалай пайда болды?

- Жеке қорымда достарыммен өзен жағасында үсті-басымыз лай болып, алысып, ойнап жүрген видеомыз бар. Осы жазбаларды көріп отырып, көлдің жағасында қандай да бір оқиға түсіргім келді. Содан, сценарий жазуға кірісіп кеттім.

- Болашақта қандай тақырыптарда фильм түсірмек ойыңыз бар? Аталмыш тақырыпқа қызығушылығыңыздың себебі не?

- Кино – мәселелерді шешпейді, тек оны көрсетеді. Бұл проблемаларды көрсету арқылы көрерменге сұрақ қойып, олардың шешімін тапқанын қалаймын. Мен кез-келген тақырыпқа қиялданамын, кейбір жағдайларды өршітіп, әсірелеймін және оларды экранға шығарғым келеді. Экранда сенің қағидаларыңмен өмір сүретін жеке әлеміңді құрағаннан асқан қандай ғанибет бар?!

Дайындаған Baiqonyr ISFF дирекциясы

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Baiqonyr ISFF: Ushqyn байқаудан тыс бағдарламасы

ІІ ХКФ Ushqyn студенттік кинофестивалінің үздік қысқаметрлі фильмдері Baiqonyr ISFF-де көрсетіледі

Brod.kaz

Казахстанское кино

9 Қыркүйек, 2019

IV Baiqonyr International Short Film Festival жеңімпаздары

Baiqonyr фестивалі қысқаметрлі кино саласындағы үздік режиссерларды анықтады 

Brod.kaz

Baiqonyr ISFF: Ұлттық байқаудың қатысушылары

Байқауға 22 қысқаметрлі фильм енді

Brod.kaz

Таныс бейне

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер