È

Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

3-8 қыркүйек аралығында Алматыда тоғызыншы рет BAIQONYR халықаралық кинофестивалі өтетінін қуана хабарлаймыз. Биылғы фестиваль қатысушылар арасында жоғары қызығушылық тудырып, оған қатысуға 670-тен астам өтінім келіп түсті.

Baiqonyr – бұл Орталық Азиядағы дебюттік және қысқаметрлі фильмдер бойынша өтетін бірегей халықаралық фестиваль. Биыл фестиваль ресми демеушілеріміздің бірі - MEGA Alma-Ata сауда орталығындағы Chaplin Cinemas кинотеатрында өтеді.

Фестиваль үш бағытты қамтиды:

Қысқаметрлі көркем фильмдер Халықаралық байқауы,

Көркем және деректі фильмдер Ұлттық байқауы,

Үшінші бағыт – бұған дейін «ойын жанрындағы дебюттік фильмдер» бағдарламасы ретінде өткізіліп келген бағыт, биыл бөлек байқау ретінде қарастырылады.

Киносарапшы және фестивальдің бағдарлама директоры Ержан Жұмабековтің айтуынша, 20 елден келіп түскен 670 өтінімнің ішінен фестивальде байқау бағдарламасына қатысатын 33 фильм іріктеліп алынған. Байқауға Қазақстан, Грузия, Әзірбайжан, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей сияқты елдердің өкілдері қатысты.

Ұлттық байқауға Қазақстаннан 150-ден астам өтінім түсіп, оның ішінде 17 фильм байқау бағдарламасына өткен.

«Қатысушылар арасында студенттер де, белгілі жас режиссерлер де бар. Фильмдер түрлі жанрды қамтығаны қуантады. Әлеуметтік драмалармен қатар, хоррор, мюзикл, триллер жанрында түсірген фильмдер де бар. Байқауға қатысқан фильмдерде көбіне өзін-өзі тану және отбасы құндылықтары тақырыптары қамтылған», – дейді Ержан Жұмабеков.

3 қыркүйекте фестиваль қазақстандық режиссер Кенжебек Шайқақовтың «Айқай» фильмімен ашылады. Фильмнің халықаралық премьерасы Пусан халықаралық кинофестивалінде өткен.

Биылғы бағдарламаның ерекшелігі– толықметрлі фильмдердің дебюттік байқауы енгізіліп отыр.

«Байқау алдында біз фильмдерді іріктеп, панорамалық көрсетілімдер өткіздік. Бастамасы жақсы болады деп үміттенеміз және байқауға қысқа және толықметрлі фильмдер қатысады», - деді Жұмабеков.

Байқау бағдарламасындағы фильмдерді көрсетуден басқа фестивальде танымдық іс-шаралар да өткізіледі:

Шеберлік сабақтары, шығармашылық кездесулер және жетекші кинорежиссерлердің авторлық дәрістері,

Кино мамандарымен панельдік сессия,

Кинофестиваль лауреаттарымен паблик-ток

Baiqonyr кинофестивалі тоғыз жылдан бері мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз ұйымдастырылып, киноиндустрияны дамытуға үлес қосып келеді. Сонымен қатар, фестиваль дарынды режиссерлерге қолдау көрсетіп, жергілікті авторлардың әлемдік кино қауымдастығына шығуға мүмкіндік беретін платформа ұсынып келеді. Осы жылдар ішінде Қазақстанның және басқа елдердің 102 қатысушысы фестиваль лауреаты атанды.

Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қорының қолдауымен өтеді.

Фестиваль жаңалықтарын baiqonyr.kz сайтында және Instagram желісіндегі baiqonyrfimfestival парақшасынан бақылап отырыңыз.

Фестиваль туралы жарияланған кез келген ақпаратты бізге де бөлісіп отырсаңыз риза болатын едік. Бұл біз үшін өте маңызды.

Құрметті журналистер, фестивальға қатысуға аккредитация алу үшін медиа атауын, аты-жөніңіз және байланыс ақпаратын nazerke.press@gmail.com электрондық поштасына жіберсеңіз.

Біз Baiqonyr фестивалінде көруге асығамыз және осы айтулы оқиғаны көрсетуге атсалысқаныңызға рахмет!

Құрметпен,

Baiqonyr Film Festival ұжымы

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Казахстанское кино

9 Қыркүйек, 2019

IV Baiqonyr International Short Film Festival жеңімпаздары

Baiqonyr фестивалі қысқаметрлі кино саласындағы үздік режиссерларды анықтады 

Brod.kaz

Baiqonyr ISFF: Ushqyn байқаудан тыс бағдарламасы

ІІ ХКФ Ushqyn студенттік кинофестивалінің үздік қысқаметрлі фильмдері Baiqonyr ISFF-де көрсетіледі

Brod.kaz

Baiqonyr ISFF: Ұлттық байқаудың қатысушылары

Байқауға 22 қысқаметрлі фильм енді

Brod.kaz

Интервью

24 Шілде, 2023

Baiqonyr жас режиссерлердің бағын жандырады

Baiqonyr кинофестивалінің президенті Әнуар Кенжібаевпен сұхбат

Brod.kz

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер