È

2017 жылғы 20 хикая

2017 жылғы 20 хикая

Кейде фильм екі әдемі суретті, әсерлі сюжетті және логикалық соңын сағаттың ішіне сыйдыра алмай жатады. Сондықтан, хикаялар – бір сағатқа шынайы өмірден алшақтап, эстетикалық және эмоционалдық әсер сыйлайтын тексерілген әдіс. Назарларыңызға 2017 жылдың үздік хикаяларын ұсынамыз.


«Тақтардың ойыны»

Телеарна: HBO

Маусым: 7

Бөлім: 7

Рейтинг IMDb: 9.5

«Тақтардың ойыны» хикаясы 7 маусымның ішінде «Эмми» жүлдесінің (телевизиялық «Оскар») 38 мүсіншесіне лайықты түрде ие болып үлгерді, себебі «Сақиналар иесі» шыққаннан кейін ойдан құрастырылған әлемге апаратын туынды бола қоймаған-ды. Әр көрініс – кейіпкерді жаңа қырынан танытатын пазлдың кішкентай бөлшегі іспетті, мысалы Дейнерис бойынан 1-маусымдағы жасөсіпірімді байқай алмайсыз, Ария – Винтерфеллдің ханымы емес, кәсіби ассасин, Джона бастардтан Солтүстік Патшасына айналды. 7-маусымның соңы ең ұзақ болды, бірақ хикаяның басты құпияларын аша қоймады, ол құпия соңғы – сегізінші бөлімінде ашылмақ. Әзірге барлығы оны тағатсыздана күтіп жүрген кезде, актриса Лесли Джонстың («Сенбі кешіндегі тікелей эфир») «Тақтардың ойынына» деген көзқарасын назарларыңызға ұсынамыз.

 

«Шерлок»

Телеарна: BBC

Маусым: 4

Бөлім: 3

Рейтинг IMDb: 9.2

Шерлок – өмірде болмаған адам, бірақ оның ұшқыр ойы бізді 3-маусымда да таң қалдыратыны анық. Бұл маусымда аяқ астынан жаңа кейіпкер

пайда болады, сондай-ақ Шерлок сүйікті әдісі – ақыл Чертогына қайта оралады. Бейкер-Стрит 221 Б-ның тұрғыны индуктивті (оны дедуктивті деп қате айтқан) әдісі арқылы және сенімді серігі дәрігер Ватсонмен бірге демалысқа кетіп, Сассекс (Конан Дойл «Оның соңғы тағзымы») графтығына кетуі мүмкін бе?

«Картадан жасалған үйшік»

Стриминг-қызметі Netflix

Маусым: 5

Бөлім: 13

Рейтинг IMDb: 9.0

Майкла Доббс романының желісі бойынша түсірілген және АҚШ-тың экс-президентіне ұнаған (Барак Обама екінші маусымы шығар алдында Твиттер арқылы жанкүйерлерден спойлер жасамауын сұраған) «Картадан жасалған үйшік» Ақ үйдің сыртындағы өмірмен таныстыруды жалғастыруда. Тіпті, Клэр Андервудты сомдаған актриса Робин Райт бір сұхбатында қазіргі конгрессменнің сюжет шынайылығын растағанын, тек білім туралы билльдің солай жылдам өтпейтінін, ал қалғандарының барлығы шынайылыққа жақын екенін айтқан болатын. «Картадан жасалған үйшік» хикаясы төртінші қабырғаны бұзған алғашқылардың бірі, басты рөлдегі Фрэнк Андервуд Овалды кабинетке қарама-қарсы отырып, сізбен сөйлескендей әсер қалдырады, хикая мұнымен тоқтап қалмақ емес, елдегі саяси жағдай аталмыш хикаяға шабыт сыйлайтындай көрінеді.

«Жабайы батыс әлемі»

Телеарна: HBO

Маусым: 1

Бөлім: 10

Рейтинг IMDb: 9.0

$40 000-ға бір күнде керемет ойын-сауық саябағын аралап қайтуға болады, ол жақта ковбой, тонаушылар тобының басшысы немесе түнгі кеште думаншы бола аласыз, таңдау өз еркіңізде, не болмаса Энтони Хопкинс сомдаған саябақтың иесі Роберт Форд сізге қайсысын құп көреді, соның образына енуіңізге болады. Роберт – Жабайы батыс әлемінің авторы, ол аталмыш лабиринттің әр бөлігін ойластырып, адамдарға андроидтарды басқаруға мүмкіндік сыйлады. Бастапқыда адамдарға барлығы рұқсат етіледі, бірақ бұл ұзаққа созыла ма әлде басты рөлге Долореске ие бола ма? Дегенмен, бірінші маусымның соңы осыны меңзейді, ал екінші маусымда не болатынын алдағы уақытта көреміз.

 

«Фарго»

Телеарна: FX

Маусым: 3

Бөлім: 10

Рейтинг IMDb: 9.0

1995 жылғы аттас фильмнің ремейкі табысты хикаяға айналып үлгерді, бір қарағанда кейбір көріністер сүреңсіз көрінуі мүмкін, бірақ кішкентай қалалардағы өмірдің құпияға толы екендігін есте сақтауымыз қажет. Сондықтан, бұл маусымдағы ағайынды екеудің (Юэн МакГрегор) тартысын сүреңсіз дей алмайсың. Нойя Хоулидің (Легион) бейнелеген әдемі суреті және ерекше баяндау бізді Американың кішкентай қаласындағы өмірдің «шынайы» хикаясын ұсынатын «Фаргоға» қайта-қайта оралтады.

 

«Қара айна»

Стриминг-қызмет Netflix

Маусым: 4

Бөлім: 6

Рейтинг IMDb: 8.9

Әлемде онлайн арқылы жеке ақпатарпен бөлісіп, «көрінбей қалу» мүмкін емес, апта сайын жаңа гаджеттер шығып жатады, ал солардың экрнадарына біз көз жүгіртіп отырамыз –хикая атауының мағынасы осы. Жаңа маусым алдыңғылары секілді жаһандану заманындағы технологиялардың дамуы бізге зиянын да тигізуі мүмкін дегенді алға тартады. Таңдау өз еркімізде екенін ұмытпасақ болды.

«Өте біртүрлі әрекеттер»

Стриминг-қызмет Netflix

Маусым: 2

Бөлім: 9

Рейтинг IMDb: 8.9

Хикая Стивен Кинг туындыларының желісімен түсірілген сияқты, себебі ағайынды Даффендер бастапқыда «Оно» фильмінің ремейкін жасағылары келген. Вайнона Райдер Уилл есімді баланың анасын сомдайды, ол ұлының із-түзсіз жоғалып кеткеніне сенгісі келмей, жақын жерде жүргенін айтады, бұған баланың достары мен қайдан екені белгісіз, аяқ астынан пайда болған Он бірінші атты кішкентай қыз да сенеді. Кішкентай кейіпкерді актриса әрі сәнбике Милли Бобби Браун сомдады. «Өте біртүрлі әрекеттер» хикаясының екінші маусымы Хэллоуинге қарсы шықпақ.

«Нарко»

Стриминг-қызмет Netflix

Маусым: 3

Бөлім: 10

Рейтинг IMDb: 8.9

Эскобар – аңыз, оның хикаясы қайта-қайта жырлана бермек, біз оны бұрын «Пабло Эскобар, зұлымдық иесі», «Кокаин», «Жоғалған жұмақ», «Жасырын афера» және «Серілер» фильмдерінен көрген едік. Үшінші маусымда Пабло мен есірткі бақылау агенті Стив Мерфи жоқ, бірақ хикая қызықты сюжетімен көрермендерді қуантуға асық. Ол мұны «Клан Сопрано» хикаясынан артық жасайды, сюжеті аздап ұзаққа созылған, дегенмен Тони Сопраноны ерекше дарынынан айыра алмайсың ғой. «Нарко» туралы айтар болсақ, оны «Барлық қиын кезеңдерде» жобасымен қатар қоюға болады, себебі сол жанрдың үлгісі ретінде танылған.

 

«Бұл біз»

Телеарна: NBS

Маусым: 2

Бөлім: 18

Рейтинг IMDb: 8.8

Негізі туған күннің бірдей саны цифрдан өзге үлкен бір мағынаны беретінін біліп пе едіңіз. Хикаяда басты үш кейіпкердің: ағайынды екеу мен қарындастың өмірін көреміз. Ағайындылардың біреуі - асыранды бала, себебі босанып жатқан уақытта жаңа туған сәбидің біреуі шетінеп кетеді, сол кезде перзентханаға бір сәбиді тастап кетеді, сондықтан сол бала шетінеген сәбидің орнын басады. Хикаядан ересек кейіпкерлерді көреміз, олар балалық шақтарын еске түсіріп отырады. Телеэкранда көптен бері отбасы құндылықтарын еске салатын жылы хикая болмап еді.

 

«Қызметшінің әңгімесі»

Стриминг-қызмет Hulu

Маусым: 1

Бөлім: 10

Рейтинг IMDb: 8.7

Канадалық жазушы Маргарет Этвудтың антиутопиясы Гилеаданың мағынасыз тоталитарлық кезеңін бейнелейді. Жаңа әлеуметтік құрылым діни көзқарасқа сәйкес орнатылған заң шеңберінде автоматы түрде әйелдерге арналған жаһандануды жоққа шығарады. Әйел рөлі ошақ басынан ұзамай қалды, тіпті Командордың әйеліне өз кітабын оқуына, жазуына тыйым салынды. Мұндай мүмкіндіктерден айырған Гилеада түрлі естеліктер мен сезімді қалдырды. Олар Оффредке әлі де бүкіл әлемді өзгертуге болатынына және барлығының Гилеада түнегіне еніп кетпегендігіне сенуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкін жақында аяқталатын жаман түс қана шығар?

 

«Тәж»

Стриминг-қызмет Netflix

Маусым: 1

Бөлім: 10

Рейтинг IMDb: 8.7

Ұлыбританиядағы патшайымның ұлы екендігін айтудың өзі артық шығар, ал Тәжді сыраның маркасы деп санамайтын бүкіл ұлттың ар-намысына тимей, Елизавета туралы хикая түсіру өте қиын. Көрермен хикая арқылы Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі Англиядағы ахуалды ғана емес, патшайымның өмірінен хабардар бола алады. «Тәж» хикаясы патшайымдардың қиынға толы өмірін және олардың біреулер армандаған нәрсені жүзеге қалай асырғандарын бейнелеп береді.

 

«Одан да Солуға қоңырау шалыңыздар»

Телеарна: AMC

Маусым: 3

Бөлім: 10

Рейтинг IMDb: 8.7

«Барлық қиын кезеңдерде» хикаясының приквелі түпнұсқадан кем түскен жоқ, ол да танымал болды (бірінші бөлімі 6.9 миллион көрермен жинады). Қылмыстық істерімен айналысатын қалжыңбас адвокат Соул Гудман кез-келген қиындықтарға қарамастан іші пыспайды, ол күнде әр түрлі жағдайларға тап болады, соған сай сюжет те қызықты бола түседі, хикая арқылы Нью-Мексико штатындағы Альбукерк атты кішкентай қалашыққа ғашық болып қаласың.

«Твин Пикс»

Телеарна: Showtime

Маусым: 3

Бөлім: 18

Рейтинг IMDb: 8.7

Лора Палмердің өлімінен кейін 25 жыл өтті (негізгі хикая 1991 жылы шыққан), бірақ соңғы бөлімдегі Лораның «25 жылдан кейін көрісеміз» деген сөзі сәуегейлік па дерсің. 2017 жылы Showtime Линчтің сүйікті баласының жалғасын шығарды, ол бастапқыда 9 бөлім шығаруды ойлаған еді, бірақ жаңа хикаяның 18 бөлімін түсірді. Жанкүйерлер шағымданған жоқ, себебі хикаяны бір деммен көріп шығасың, жарты ғасыр өтсе де ол маңыздылығын жоғалтпады.

 

«Үлкенді-кішілі өтірік»

Телеарна: HBO

Маусым: 1

Бөлім: 7

Рейтинг IMDb: 8.6

Тамаша актерлік құрам, Лиана Мориарти кітабының желісі бойынша жазылған сценарий және кәсіби режиссер – керемет кіші хикаяның туындауына себепкер. Хикаядағы романның оқиғасы сәулелі Австралиядан Америкаға ауыстырылды, ол жақта Мадлен (Риз Уизерспун), Селеста (Николь Кидман), Джейн (Шейлин Вудли) және Рената (Лора Дерн) есімді аналар балалар тәрбиесімен айналысып отыр. Әрқайсысы үй зорлығы, өзін-өзі іздеу, өткенді еске алу және мектептегі бұзықты іздеу секілді түрлі мәселелерге тап болады. Соңында барлығын полициядан жасыруға тура келген балда болған трагедия біріктіреді.

 

«Кек»

Телеарна: FX

Маусым: 1

Бөлім: 8

Рейтинг IMDb: 8.6

Джоан Кроуфорд пен Бетт Дэвис Роберт Олдричтің «Бэби Джейнге не болды?» психологиялық триллерінің түсірілімінде өмір емес, өлім үшін күресті сипаттайды. 1962 жылғы Голливуд хикаясы жарты ғаырдан соң да маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Ересек келген екі ханым жас Голливудқа қажет емес болып қалады, олар армандар фабрикасына қанша талпынса да, ерекше дарынды жас әрі ақ нәсілді еркектерден аттап кете алмайды.

 

«Легион»

Телеарна: FX

Маусым: 1

Бөлім: 8

Рейтинг IMDb: 8.5

Хикая авторлары менталды ауруларға басқаша қарауымызға септігін тигізеді, Дэвид расымен де рухани ауру ма әлде ол еститін дауыстар қиялынан туындаған ба? Хикая Marvel-дің ең мықты мутанттарының бірі профессор Ксавьенің ұлы туралы болмақ. Хикаяның уақыт шектеулері жұмбақ, сондықтан оның 70-жылдары немесе біздің кезімізде болған-болмағандығы белгісіз.

 

«Данышпан»​

Телеарна: National Geographic

Маусым: 1

Бөлім: 10

Рейтинг IMDb: 8.4

Альберт Эйнштейн мен Милева Маричтің жеке өмірін баяндайтын және табысқа бастар жол мен жұмыстарын Нобель комитетінің мойындауы үшін түрлі сынақтардан өткен әйгілі ғалым туралы хикая. Біз Эйнштейнді қалыптасқан формулаларға қырғи қарап, физиканың жаңа қырын ашудан жалықпайтын ғалым ретінде танимыз.

«Негенің 13 себебі»​

Стриминг-қызмет Netflix

Маусым: 1

Бөлім: 13

Рейтинг IMDb: 8.4

Джей Эшердің жасөспірім бойжеткен туралы кітабы, ол жақындарынан қолдау таба алмай, мәселені шешудің жалғыз жолы – өз-өзіне қол жұмсау деп біледі. Бұл - жаңа мектепке үйрене алмаған жасөсіпірмдердің ішкі күйзелісін тамаша жеткізетін өткір әлеуметтік жоба. Ханна Бейкер жазған аудиотаспаның саны – 13, соның ішіндегі біреуі Клэй Дженсенге – Ханнаға ғашық досына арналған.

«Қолынан бал тамған шебер»​

Стриминг-қызмет Netflix

Маусым: 2

Бөлім: 10

Рейтинг IMDb: 8.3

Басты кейіпкер Дев бұл жолы Италияға аттанады. Режиссер, сценарист әрі актер Әзиз Ансари расизм, ЛГБТ, үлкен қаладағы жалғыздық туралы өткір түрде айта алады. Ал Италия хикаяға көңіл-күй сыйлайды: жүруге қиын тар көшелер, пармизан ірімшігімен жасалатын дәмді итальян тағамдары, сәулелі жағажай – барлығы көрініс тапқан. Жалпы, салмақты ойды әзілмен жеткізе білу маңызды, «Қолынан бал тамған шебер» мұны беске жасаған.

 

«Америкалық құдайлар»

Телеарна: Starz

Маусым: 1

Бөлім: 8

Рейтинг IMDb: 8.2

Басты кейіпкер Тени Лунның көзқарасымен берілген Гейман романының бейімдеуінде Америкаға түрлі жолдармен енген көптеген мәдениет пен сенімдер сипатталады. Көне (Жалғыз, Жанартау, Қара құдай, Анубис пен Билкис) және жаңа құдайлар (Медиа, Әлем мырза, Технобала) бір-бірімен шайқасады, олардың ойы Жерді құрту ма әлде адамдардың құндылықтарға деген көзқарасын өзгерту ме?

 

Дина Чутенева

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Batya Bot

31 қазан 2017, 07:46

Отзыв скрыт, причина: так как не относятся к комментируемым материалам и не имеет смысловую нагрузку.

Таныс бейне

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер