È

Қазақстандық кинодағы сәтсіз продакт-плейсменттің 5 мысалы

Қазақстандық кинодағы сәтсіз продакт-плейсменттің 5 мысалы

Продакт-плейсмент фильмдер мен сериалдардың жасаушыларына үнеммі қомақты қаржы әкеледі. Шетелдерде киноға жарнаманы енгізу өте сәтті жүргізіледі және ұсақ-түйегіне дейін ойластырылады. Ал енді отандық фильмдерді айтар болсақ, барлығы керемет деп айта ламаймыз. «Бродвей» қазақстандық кинокартиналарда жарнама сәтті енгізілген мысалдарды жинастыруға тырысты.

«Препод»

Қазіргі қазақстандық кинодағы алғашқы музыклық комедия! Картинаны түсірушілер балаларды дәл осылай елестеткен. «Препод» фильмінің продюсері Сино Ализода ерекше кино түсіру үшін Латвиядан режиссер-клипмейкерлер Виктор Вилкс және Славомир Леонтьевті шақырды. Олар бұған дейін 5 минуттан ұзақ дүние түсіріп көрмеген. Нәтижесінде өте жарқын, көңілді, айтарлықтай мағынасы жоқ толықметражды клип түсірілді. Өте қазақ, бірақ фильм толығымен Назарбаев Университетінің жарнамасы іспеттес. Оқиға орын алған университеті ғимараты жер бетіндегі жұмақ сеаілді. Ғажап интерьер, оқытушылардың қолынлағы платиналық карталар, осылардың арқасында жалға алынған тамаша пәтерлерде кешкі отырыстар ұйымдастыруға болады. Осы ғажаптардың арқасында сюжет пен идея мүлде шетте қалып қояды. Бірақ бастысы бұл емес, Мәселе клипті көргеннен кейінгі сезімде. Керемет университетті көргеннен кейін онда оқығың келіп құлшынудың орнына көргендеріңнің барлығы жалған, шынайы өмірге еш қатысы жоқ ертегі екенін ойлап тұрасың. . Фильм Назарбаев Университетін барлығына көрсету үшін ғанан түсіріген секілді әсер аласың. Бұл дегеніміз асыра сілтеушілік, құрметті кинематографистер.

«Сердце мое - Астана»

Қателес және байқап көр, байқап көр және қателес. Осындай ұранмен шетелдік мамандар түсірген фильмдерді прокатқа шығаруға болар еді. Осы жолы бәрі ойдағыдай шығатын шығар, өйткені жетекшілік етуші он новелланың бірін ғана түсіріп қоймай, бүкіл жобаға жетекшілік еткен Егор Михалков-Кончаловскийдің өзі ғой. Ол белгілі режиссер және продюсер, Виктор Вилкс пен Славомир Леонтьевке қарағанда әлдеқайда тәжірибелі. Бірақ формасы жағынан шетелдік «Париж, я люблю тебя», «Нью-Йорк, я люблю тебя» тағы сол секілді фильмдерге ұқсас жоба мүлде сәтсіз шықты. Оның драматургиясын, актерлердің шеберлігін біз сөз етпейміз, продакт-плейсментіне назар аударайық. Мұндағы жасырын жарнаманың негізгі мәселесі, отандық брендердің көптігін соншалық, Тимур Бекмамбетовтің фильмдеріне бәсекелес бола алады. Көзге қатты ұрып тұрғандары «Корона» макарондары, «Айналайын» сүті, «3 желания» тұздықтары, «Juicy» шырындары, «Шедевр» майы және осылардың бәрі бір асханада. «Каспи Банк», «Цеснабанк», «Мегафон» , «Базис», «KCell», «Astana Motors», «Mega» – бұл әлі фильмде көрсетілген өнімдердің толық тізімі емес.

«Заговор Оберона»

Бұл фильм ұнның арқасында біздің тізімге енді. Біз нашақорлардың монологтарының мәнін түсінуге тырысқан, актерлерлік шеберлікті байқауға тырысқан көрерменнің мұңын айтып отырған жоқпыз. Мқнда кәдімгі өзіміз күнде тұтынып жүрген «Цесна» ұны, мүмкін тіпті жоғары сұрыптысы сөз болмақ. осы фирманың жарқырап тұрған үлкен логотимпінің көлеңкесінде тап-таза аспан туралы сонолог айтқан басты кейіпкер Шыңғыс қалып қояды. Соңғы мәсерсі керемет. Таңғалатын ештеңе жоқ, Өйткені ұн шығаратын концерн Астана әкімі мен «Заговор Оберона» фильмінің сценаристіне тиесілі ғой. Өзіңдікін өзің мақтай алмайсың, мұны әркім байқай да бермейді. Білесіздер мен, ұннан жасалған өнімдер салмақты экшн-триллерден сапалырақ секілді.

«Фейк. Береги себя»

Қазақстандық кинемотографтың тамырын әрдайым ұстап тұру мүмкін емес.Көрермендлер үнемі бізде аз фильимдер шығатынын айтып жатады. бірақ бізде шығатын фильмдер аза емес, олардың көьі кинотеатрларға дейін жете алмай жатады, DVD- ге тіпті де жетпейді, Ал кейбір фильмдер прокатқа дейін жетсе де, жылдап ұшып кетеді. Жастарға арналған «Фейк» драмасы о баста коммерциялық жоба ретінде ойластырылған. Желідегі әдемі махаббат оқиғасы; тың актерлер; Алексей Кравченко және Юлия Зимина қосымша рөлдерде; фильмді ерекше ету үшін компьютерлік графика қосылған жәнее ең бастысы бұл желідегі заманауи «Одноклассники» әлеуметтік желісінің жарнамасы болып шыға келді. («Одноклассники» - бұл сарғыш интерфейсті желі, мұнда анаңыз да (тіпті әжеңіз де)кластастарымен хат жазысып, Петя Крыловтың өзіне ғашық болғаныны, бірақ Маринкаға үйленгенін біледі, өйтені ол түлектер кешінде оның арақ ішкенін асыра сілтеп бағаған), Әдемі, сымбатты, жасы да келе қоймаған әйел адам жас жігітпен желі арқылы сөйлесіеді жүреді. Бұл фильмнің сәтсіздігіне әсер етті демесек те, фильмдегі жасырын жарнама сәтті мысал деп айтға келіңкіремейді

«Рэкетир 2»

Ақан Сатаевтың криминалдық екінші фильмі де продакт-плейсментке аузы-мұрнынан шығып толып тұр. Фильмде жарнама өте көп! Бірақ «Цесна» ұнының жарнамасына қарағанда аздап мәдениеттілеу, бірақ мұндағы жарнаманың көптігіне қарап, фильм прокатқа дейін-ақ өзі ақтап алған болар деген ойға қаласың. Барлық рендтерді тізбектей берудің еш маңызы жоқ, бұған жеке мақала арнауға болар еді. Сондықтан бір парасын ғана мысалға келтірейік:

«Антрекот» дүкендер желісі

Hardees – қалада McDonalds-тан сәнді не болуы мүмкін

Концерн Shell – мұның аз болуы мүмкін емес, өйткені мұнда кейіпкерлердің бірі жұмыс істейді.

KinoPark – бұл да дұрыс, фильмдң рокатқа шығаратын кинотеатрлар желісін қалай жарнамаламасқа?

«Сезон» журналы - нағыз жігіттер отандық глянц басылымдарды ғана оқиды!

Сондай-ақ әрине, барлық мейрамханалар мен дәмханалар, онда кейіпкерлер тамақтанады, сусын ішеді. Бұл жеке планмен көрсетілген, бірақ бұлар көрерменді жалықытырып жібереді.

Шындығында барлығы да өте қарапайым. Сәтті product placement аса қатты байқалмауы тиіс. Жасырын немесе кәдімгі жарнама жай ғана көрініп тұрмай, орынды болғаны жөн. Кадрға брендті жай ғана салып қою жеткіліксіз, бұған көрерменнің келісімі де керек, айталық көрермен бір сәтте фильмнен көрген Maxi-чайды алуға дүкенге жүгіріп кеуі мүмкін. Оператордың белгілі бір өнімді ірі планмен алуы да артықтау. Жалпы, бір нәрсені түсінгеніміз жөн – кино көркем шығарма. сондықтан артық жарнаманы тықпалап, сценарий мен драматургияның құрылымын бұзудың қажеті жоқ. екелесі мақаламызда продакт-плейсментті сәтті қолданған картиналардың 5 мысалын келтіруге тырысып көреміз. Сонда өздеріңіз сәтті продакт-плейсмент пен сәтсізін салыстырып көресіздер, құрметті оқырман.

Варвара Литвинова

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса