È

Анар Жүнісова: «Мен Instagram парақшасы жоқ продюсермін»

«Инстаграмшыл қыз» комедиясының креативті продюсерімен сұхбат

2018 жылы айналымға «Инстаграмшыл қыз» комедиясы шығады, картинаның басты кейіпкері - барлығына «Q-Елі» скетчкомы арқылы таныс Айнұр. Instagram-мен ауыратын бойжеткен туралы фильм түсіру идеясы «ДК» production-ға: сценаристер мен продюсерлер Қуат Садықовқа, Дархан Тастановқа және креативті продюсер Анар Жүнісоваға тиесілі. Анар Жүнісова «Инстаграмшыл қыздың» басқа комедиялардан несімен ерекшеленетінін «Бродвей» кинопорталына айтып берді.


- «Q-Елі» скетчкомындағы кейіпкерлердің ішінен неге дәл ainur_official хикаясын таңдадыңыздар? Мысалы, анасы үнемі келіндер кастингін өткізетін Тайлаққа неге таңдау түспеді?

- «Q-Елі» скетчкомы негізінде толық метр түсіру идеясы бір жыл бұрын туындаған еді. Бұл идеяны «ДК» production жігіттері ұсынды. Мен де осы идеямен шабыттанып, қатысуға бел будым. Біз осы істі қолға аламыз ба, алмаймыз ба деп ұзақ ойландық. Бір жағынан, кинонарығымызда комедиялар көп қой, ал бір шетінен хикая рейтингісі жоғары болды. Сондықтан, биыл жұдырығымызды жұмылдырып, Instagram-ға тәуелді Айнұр туралы толыққанды картина түсіріп тастадық. Осы оқиғаны таңдауымыздың себебі, Айнұр сияқтылар көрермендерге жақын таныс әрі түсінікті. Әлеуметтік желілерге тәуелділік – өзекті тақырып, сондықтан жобамыз сәтті болатын шығар.

- Алғашында Арыстан Каунев фильм режиссері ретінде бекітілген сияқты еді ғой?

- Жоқ. Арыстан сценарист ретінде шақырылған. Бірақ, кейін біз, продюсерлер болып, оған өзін режиссер ретінде сынап көруге мүмкіндік бердік. Маған оның сценариймен жұмыс істегені ұнайды. Бұрын жұмыс істеген авторлардан айырмашылығы - ол оқиғаны басқаша жеткізе алады. Осылайша, оның режиссурамен қалай айналысатыны қызық болды. Менің ойымша, жақсы режиссер – жақсы сценарист. Сондықтан да Арыстанды таңдадық.

- Басты рөлге басқа актрисаны байқап көру ойда болмады ма?

- Инстаграмшыл қыз - таза продюсерлік жоба. Анар Батырхан кейіпкер ainur_official арқылы танылды және керісінше, ainur_official барлығына Анар Батырхан ретінде таныс. Сондықтан, бұл рөлге басқа актрисаны іздеудің қажеті жоқ. Егер актрисаны ауыстырған болсақ, көрермен жобаға деген қызығушылығын продакшн кезеңінде-ақ жоғалтып алар еді.

- Жобамен айналысып жатқанда, түсірілім тобы қандай қиындықтармен кездесті?

- Қиынға соққаны - ainur_official хикаясын толық метрге айналдыра отырып, 10-шы немесе 20-шы минутында көрермен жалығып кетпейтіндей қызықты сюжеттермен толықтыру. Сюжет желісін шиеленістіру біршама қиындау болды. Көрерменннің фильмді қалай қабылдайтын ешқашан болжап біле алмайсың. Жалпы, сценариймен түсірілім тобының барлығы айналысып, өз тәжірибелерімен, пікірлерімен бөлісіп отырды.

- Бір сұхбатыңызда «Инстаграмшыл қыздың» отандық өзге комедиялардан ерекшеленетінін айтқан едіңіз. Картинада қандай өзгерістер болады?

- Түсірілім барысында ерекше әрі жаңа біраз режиссерлік және операторлық шешімдер қабылданды. Бір жарым сағат бойы экранда айрықша бір дүние болады деп айта алмаймын. Дегенмен, фильм форматы, сюжетті текшесі және қызықты көріністері көрермендерді таң қалдыратыны анық.

- Өзіңіз Instagram-ға немесе басқа да әлеуметтік желілерге тәуелдісіз бе?

- Қуанышқа орай, жоқ. Мен Instagram желісі жоқ продюсермін. Оған қызықпайды екенмін. Бірнеше сағат бойы уақытын босқа жұмсап, соған телміріп отыратын таныстарым бар. Бұл жақсы емес. Менің ойымша, Instagram-дағы басты мақсат – өз-өзімен, дүниелерімен және айналасындағылармен мақтану. Бірақ, жақсы тұсы да бар, Instagram – жас продюсерлер үшін керемет маркетинг құралы. Бірақ, 2-3 жылдан кейін тағы бір жаңа дүние пайда болып, бұл желі қалып қоятын шығар.

- Көрермендер бұл картинадан бір нәрсе үйрене ме, жоқ әлде жәй ғана көңіл-көтеріп қайта ма?

- «Инстаграмщица» - коммерциялық жоба. Картина қоғамды тәрбиелеу үшін түсірілген жоқ, тек жақсы хикаяны баяндау арқылы адамдардың уақытты жақсы өткізуіне, демалуына жағдай жасайды. Дегенмен, бұл жоба әлеуметтік желілерден де маңызды дүниелердің барын, шынайы өмірмен өмір сүру керектігін үндейді. Қырағы көрермен осыны түсініп, қорытынды шығарады. Бірақ, картина ойын-сауықтық бағытта түсірілген. Алдымызға қойған басты міндет – фильм көрсетілімінен кейін көрерменннің көтеріңкі көңіл-күйде болуы.

 

Анар Жүнісоваға сұхбаты үшін алғыс білдіреміз!

 

 

Әңгімелескен Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер