È

Ануар Нүрпеисов: «Қазақстандағы жастар киносы батылдығымен ерекшеленеді»

Ануар Нүрпеисов: «Қазақстандағы жастар киносы батылдығымен ерекшеленеді»

Актер, қоғам белсендісі, «Астана жастары» Жастар ресурсы орталығының жетекшісі Saryarka short film festival кинофетивалінің идея авторы Ануар Нүрпеисов Қазақстандағы жастар киносы туралы өз оймен бөлісіп, Saryarka SFF кинофестивалінің мақсаты, болашақ жоспарлары туралы әңгімелеп берді.

- Saryarka short film festival фестивалінің негізгі мақсаты не?

- Фестиваль мақсаты - жас режиссерлердің алаңын құру, олардың шығармашылығын қалыптастыруға, дамытуға қолдау білдіру. «Астана жастары» командасы ең мықтыларды әділетті түрде іріктейтін білікті қазылар алқасын жасақтады. Әр жеңімпаз өзімен бірге тек «Сарыарқа» естелік марапатын ғана емес, құнды тәжірибе мен әдемі естелікті ала кетеді.

- Отандық жастар киносына қандай баға берер едіңіз?

- Меніңше, Қазақстанның қазіргі жастар киносы өте батылдығымен ерекшеленеді. Партизандық нота сезіледі. Сөз жоқ, біздің кинематограф жасарып келеді, бұл қуанарлық жағдай. Егер мониторинг жасайтын болсақ, біздің кино саласындағы мамандардың орташа жасы жасарып барады. Өз басым жастар тәжірибе жасаудан қорықпауы керек деп есептеймін.

- Тәжірибе демекші, өзіңізді режиссура немесе продюсерлікте сынап көргіңіз келмей ма?

- Әрине, өзімді режиссер немесе продюсер ретінде сынап көргім келеді. Әсіресе режиссура мені қызықтырады. Қанша дегенмен, режиссер өнердің бір бөлшегі ғой. Режиссерлық - менің өмірімнің келесі бір кезеңі деуге болады. 2017 жылы менң алғашқы фильміме сценарий жазылады деп үмітттенемін.

- Алдағы уақытта өзіңіздің қатысуыңызбен картиналарды көре аламыз ба?

- Бірнеше жобалар бар Соңғы уақытта мен тек табысты шығады-ау деген жобаларға ғана қатысуға тырысамын. Егер маған сценарий және фильм идеясы ұнаса, сөз жоқ қатысамын. Өзімді қызықтырмайтын дүниеге уақытымды жоғалтқым келмейді.

- Таяуда Сіз сұлулық байқауына қатысушы қыздарға қатаң ескерту жасадыңыз. Сіздіңше, қазіргі заманның қыздарының бойында қандай қасиет болуы керек?

- Интеллектуалдық деңгейімен қатар қыздар өздерінің денсаулығына, рухани әлемін байытуға көп көңіл бөлсе екен деймін. Адам бір уақытта үш бағытта: интеллектуалдық, физикалық және рухани жағынан дамуы керек деп санаймын. Бұл – табысты әрі бақытты өмірдің кепілі.

- Рухани баю үшін қандай кітаптарды оқуға кеңес берер едіңіз?

- Дэвид Робертстің «Шантарам», Малкольм Гладуэллдің «Гении аутсайдеры», Ричард Бахтың «Чайка по имени Джонатан Ливингстон», сондай-ақ Владимир Войновичтің антиутопиясы «Москва 2042» және Терри Голуэйдің «Слова, изменившие мир» кітаптарын оқуға кеңес берер едім.

Ануар Нүрпеисовке сұқбаты үшін алғыс білдіреміз!

 

Сұқбаттасқан Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса