È

Елтерес Нұржанов: «Мен өзім районда өскен баламын»

Елтерес Нұржанов: «Мен өзім районда өскен баламын»

«Районы» фильмі дебютқа бай. Басты рөлде жас актер Елтерес Нұржанов, ол астрофизик мамандығы бойынша білім алған. Егер ол күндердің күнінде Ақан Сатаевтың кастингіне қатыспағанда актердің тағдыры қалай болар еді. Күзде «Районы» картинасы прокатқа шығады, осы кезде отандық кинематографтың жарық жұлдызы жануы мүмкін. «Бродвейге» берген сұқбатында Елтерес өзінің актерлық карьерасын жалғастыра ма деген сұраққа жауап берді, алғашқы қаламақысын қайда жұмсайтынын айтты.

- «Районы» - бұл Сіздің дебютіңіз. Сіз жобаның кастингіне қалай қатыстыңыз?

- Сол кезде мен бразилиялық джиу-джитсу чемпионатынан енді оралған едім, сол кезде маған досым «Районы» фильмінің кастингіне қатысу туралы ұсыныс айтты. Мен өзім районда өскен баламын, сондықтан маған сынақтан өтіп көру қызық болды. Өзім жалғыз бармау үшін досым Жанды бірге баруға көндірдім. Аллаға шүкір, екеуміз де өттік.

О баста мені басқа рөлге, Аликтің рөліне бекітті. Бірақ кейіннен бейнесынақтардан кейін маған бас кейіпкердің рөлін ұсынды. Екі күннен кейін менің кандидатурамды Арсенің рөліне бекітті.

- Өз кейіпкеріңіз туралы айтып беріңізші.

- Мен Арсенді ойнаймын. Осындай адамдардың арқасында әлем сақталып тұрғандай, мен ондай адамдарды қатты құрметтеймін. Маған районда өспеген жігіттер әшейін жай жүрген балалар секілді көрінетін, олармен ортақ ештеңеміз болған жоқ. Арсенмен мінезіміз ұқсайды, фильмдегі оның басынан өткен оқиға да маған таныс. Осы фильмнен кейін мен өзінің пікірін ашық айта алатын, жүйеге қарсы шыға алатын адамдарға деген құрметім күшейді. Арсен өзінің көзқарасын соңына дейін өзгерткен жоқ. Бұл фильм үлкен сабақ болады. Бұл рөл маған кино әлеміне келуіме, тәжірибе жинақтауыма әсер етті.

- Сізбен бірге алаңда отандық белгілі актерлер де болды. Олармен қалай жұмыс істедіңіз?

- О баста мен қатты толқыдым, әсіресе Әсел Сағатованы көргенде қобалжыдым. Бірақ Әсел қарапайым қыз екен, онымен жұмыс істеудің өзі ғажап.

- Олар сізге кеңестерін берді ме?

- Иә, ондай болды. Жандос Айбасов, Данияр Алшинов және мен мейрамханадағы көріністі жүз рет ойнаған шығармыз. Олар бізге бір рет те осы болады, тоқтатыңдар деп айтқан жоқ. Алғаш рет алаңға келгенде мен жұлдыз болып кеткен актерлерді көрем деп ойладым. Бірақ түсірілім кезінде мен бірде бір рет актерлердің тәкіппарлығын көрмедім. Олардың кеңестері менің образға енуіме, басқа кейіпкерлермен араласып кетуіме көмектесті.

- Сіз режиссермен қалай жұмыс істедіңіз?

- Бұрын мен режиссерлерді плейбекте отырып, ештеңе істемейтін семіз адамдар ретінде елестетінмін. Бірақ Ақан Сатаев менің ойымды түбегейлі өзгертті. Ол - ең үздік режиссер. Біз балалармен ол кісіні «Ақан-аға» деп атаймыз.

- Бұрын Ақан Сатаевтың картиналарын көрген бе едіңіз?

- Иә, әрине. Мен ол кісінің жұмыстарының табынушысымын. Мен қазақстандық фильмдерден тек Ақан Сатаевтың ленталарын көремін: «Жау жүрек мың бала», «Ликвидатор», «Адасқандар», «Рэкетир», «Рэкетир 2», «Ағайындар» сериалы.

- Сіздің арнайы актерлық мамандығыңыз жоқ, біліміңізді қалай толықтырасыз?

- Шынымды айтсам, арнайы әдебиеттерді оқыған емеспін. Ольга Ландинаның актерлық шеберлік курстарына бардым.Үш сабақ барысында актерлық ойынның негізгі қағидаларын түсіндірді. Өмірдегі кейбір сәттерімді еске түсіріп, кадрда қолдануға тырыстым.

- Актерлық карьераңызды жалғастыру ойыңызда бар ма?

- Әзірге білмеймін, уақыт көрсетер. Қазір мен спортқа көңіл бөлгім келеді.

- Кино мен спорттан басқа немен айналысасыз?

- Мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық университетінде астрофизик мамандығы бойынша грантта оқыдым. Енді басқа университетке, басқа мамандыққа ауысамын. Дарынды балаларға арнғалған физико-математикалық интернатты тәмамдадым.

Осы жылдың ішінде менің басымнан біраз оқиға өтті, шынымды айтсам, әлі өзіме өзім келе алған жоқпын. Біріншіден, «астрофизик» мамандығы бойынша оқуға түстім. Кейін жарыстарға қатысып, чемпионаттарда бірінші орын алдым.Осыдан кейін мені құрама командаға шақырып, джиу-джитсу бойынша Дубайдағы әлем чемпионатына қатыстым. Ол жақтан келгеннен кейін Ақан Сатаевтың «Районы» фильмінде басты рөлге бекітілдім.

- Атақты болуға дайынсыз ба?

- Мен өзіме қатты назар аудартқанды жақсы көретін адамдар қатарынан емеспін. Жақын достарым менің киноға түсіп жатқанымды осы уақытқа дейін білмей келді. Бәрін уақытында көреміз.

- Сіздің киноға түсуіңізді ата-анаңыз қалай қабылдады?

- Ата-анам қарсы емес. Анам - менің ең үлкен сыншым, ол кісінің сыны менің жақсы нәтижеге жетуіме қанаттандырады. Анам мен әжем қатты қуанды. Түсірілім ресми түрде басталғанша ешкімге айтпадым. Әжем Гүлнар Дусматова шығармашылығының табынушысы. Ол кісі картинада менің анамның рөлін ойнайды. Енді әжем фильмнің тұсаукесеріне барып, актрисамен жақынырақ танысқысы келеді.

- Достарыңыз «Районы» фильміне қатысқаныңызға қызығушылық танытты ма?

- Райондағы достарым да фильмге қатысқысы келеді. Олар маған билет алып бер деп жүр. Болаттың рөлінде ойнаған досым Жанмен бірге оларға өз қаламақымыздан билет алып беретінімізді айттық. Қаламақымды достарым мен таныстарыма билет алып беруге жұмсайтын шығармын.

Райондағы балалардан басқа менің фильмге түскенімді көп адам біле бермейді. Адамдар менімен фильмге түскенім үшін ғана араласқанын қаламаймын. Бірақ мен адам тани аламын деп ойлаймын.

- Сіздің есіміңіз ерекше - Елтерес. Сіздің атыңызды кім қойған, мағынасы қандай?

- Есімімді әкем қойған, ол тарихты жақсы көретін адам. Ол жеті атамызды зерттеп жүретін. Елтерес - ежелгі түрік есімі. Ешбар Елтерес -Түрік қағанаты тұсында өз заңдарын қалыптастырған адам.

Елтерес Нұржановқа сұқбаты үшін алғыс білдіреміз!

 

Сұқбаттасқан Айдана Мамаева

Фото: Ильяс Жанғазин

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер