È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Cтатьи
  • Сұқбат
  • Ерболат Тоғызақов: «Егер ештеңені өзгерте алмасаң, өзіңді босқа қинаудың қажеті жоқ»

Ерболат Тоғызақов: «Егер ештеңені өзгерте алмасаң, өзіңді босқа қинаудың қажеті жоқ»

  • 10 Қараша, 2017
  • Мадина
  • 4 643
  • 0
Ерболат Тоғызақовпен сұхбат

Ерболат Тоғызақов – киноөндірісінің ардагері, «Күзет Сақшылары» атты алғашқы украиндық фэнтезидегі бақсы. Ол өзінің жарты ғасырлық мансабында кім болып жұмыс істемеді дейсіз, әкімші, директор, декоратор, режиссердің көмекшісі сынды қызметтерді атқарған. Бір қызығы, Ерболат Қасымұлы актерлік жолын алпыс жасында бастаған.


- Кинода түрлі жағдайларда жұмыс істедіңіз. Мысалы, 1998 жылы экранға шыққан «Омпа» фильмінде ұшақ декорациясын құрастырдыңыз. «Күзет сақшылары» фильміндегі суретшілердің жұмысын қалай бағалайсыз?

- Павильондағы сары қыпшақтар лагеріне тап болғанымда, яғни декорация екенін білмегенімде, бірнеше жыл бойы адамдар тұрып келе жатқан тұрғын жай деп ойлар едім. Нағыз ауылдың ахуалы сезілді - жағылған от, қазақ үйлер, жылқылар… Өзімді кәсіби қоюшы-суретші дей алмаймын, дегенмен олардың жұмысын бағалай аламын, себебі ондаған жыл бойы қазақ үйді қалай құратынын көрдім. Фильмдер әкімшісі ретінде осындай мыңдаған үйлерді көргем.

- Сізде бақсылар рөлі аздау. «Қара өзенде» де осы образда шыққан едіңіз. Сол жоба мен «Күзет сақшылары» фильміндегі кейіпкерлердің айырмашылығы қандай?

- Жалпы, бақсы – діни адам, ол діни наным-сенім аясында жұмыс істеуі тиіс. Олар адамдар мен құдайдың арасын жағаушы іспетті. Ол – дін қызметшісі, сопы. Нақты кейіпкерлер туралы айтар болсақ, «Қара өзенде» күнәларынан айырылу үшін бақсыға айналған адамды сомдадым. Бақсы сол фильмде жақсы адам, ал «Күзет сақшыларында» ашушаң адам болды. Сары қыпшақтар абызы баланы да аямайды, оның міндеті – қара істерге көмектесетін сиқырлы күшті босату.

- Кейіпкеріңіздің киімі ауыр сияқты. Онымен жүру қиын шығар?

- Мен біздің және американдық, украиндық, ресейлік фильмдерді көрген сайын актерлардың физикалық жағдайына зер саламын. Кинода көптеген эпизодтарға жақсы дайындық қажет, жалпы маған физикалық жағы келіскен адамдар ұнайды. Өзім бала кезден бері дене бітіміме қатты көңіл бөлуге тырыстым. Мектепте оқып жүргенімде, әйгілі жаттықтырушы Вадим Псаревтің үйірмесінде күреспен айналыстым, ол кісі екі мәрте олимпиада чемпионы болған Валерий Рязанцевті, 1980 жылғы ойындардың жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіровты тәрбиелеген. Сонымен қатар, шәкірттерінің көбісі ең ірі халықаралық додаларда жүздеген жүлдеге ие болған. Костюмге келер болсақ, бұл образда жұмыс істеу қызық, өзімді айнадан көрген кезде, кейде үйрейленіп кетемін, маған әйгілі сиқыршы қарап тұрғандай көрінеді.

Фото: Voxpopuli.kz

Фото: Voxpopuli.kz

- «Бақсылық жасау» деген сөз бар. Достарыңыз бен таныстарыңыздың жаңбырды тоқтату мақсатында сиқыр жасауыңызды өтінген кездері болды ма?

- Көбінесе қалжыңға айналдырады ғой. Мысалы, «Күзет сақшыларына» арналған фотосессия өткізгенде, менен бір сиқыр жасауымды сұраған. Мен «Қазір аяқ астынан қар жауып кетеді деп қорықпайсыңдар ма?» деп сұрадым. Менен ештеңенің аяқ астынан болмауын өтінді. Әйтеуір, табиғаттың да бізге қарсы шықпағаны қуантады.

- Сюжетте пайдаланатын зұлым күштің өмірде де кері әсерін тигізетінінен қорықпайсыз ба?

- Актерлік қызметте жағымсыз рөлдерді ойнауға тура келеді. Мен үшін жаман кейіпкерді сомдау қиындау. Жауыз болғым келмейді, бірақ рөл бойынша сәбиге айқалауым керек – бұл табиғатыма жат дүние.

- Сіз шынайы бақсылардың әрекетін көрдіңіз бе?

- Иә, «Қара өзенмен» жұмыс істеп жүргенде, бақсылардың биін көрдім. Оның жылдам айналып жүргенін көріп, таң қалдым, қимылдары бір тылсым күшпен байланысты сияқты көрінді. Оның жәйдан-жәй жүрмегені білініп тұрды, әр қимылы арқылы сиқырлы күшке сенді. Айтпақшы, «Күзет сақшыларының» бас режиссері Юрий Ковалев: «Сіз ерекше күшке ие екеніңізге сенуіңіз қажет»,- деп айтқан. Бұл әдіспен одан әрі қарай жұмыс істей беретін боламын, себебі актерлік мамандығым бақсы немесе сопы, кейде ауыл шалы секілді рөлдермен шектеліп жатады.

- Өз мүмкіндігіңізді неге шектейсіз, сіз кемпірді де сомдап едіңіз ғой?

- Рас айтасыз, «Бөтен» картинасында саяхатшы кемпірді сомдаған едім. Ол да қызықты рөл еді. Картинадағы апа елес сияқты аяқ астынан пайда болады. Ол әйелдің туғандарынан айырылып қалған соң, есі ауысып кетеді. Көптеген қашықтықты жеңеді… Сол кезде маған қиын грим жасаған болатын, иегімнің астын жасаған, тіпті, айнаға қарап, өзімді танымай қалғанмын.

Кадр из фильма «Шал»

«Шал» фильмінен көрініс

- Украиндық фэнтезиге түсердің алдында сары қыпшақтардың тарихын зерттедіңіз бе? Олар да қазақтардың ата-бабасы ғой…

- Иә, біз олардың тікелей ұрпағымыз. Оларды қыпшақтар, көшпенділер деп те атайды. Кезінде Оралдан бастап, Қара теңізге дейінгі аймақты мекендеген. Киев Русінің көптеген қанын ағызған. Кейде «олар неліктен соғысты екен?» деп ойлайсың. Көршілер бір-бірін не үшін өлтірді? Дала кең ғой, барлығына жетер еді.

- Сіз ұзақ жылдар бойы фильм директоры қызметін атқардыңыз, яғни жұмыстың ұйымдастырылуына жауапты болдыңыз, сондықтан «Күзет сақшыларындағы» жағдайды салыстырып, бағалай аласыз ба?

- Егер ұйым жақсы болса, оны байқай бермейсің, ал жаман болса, бірден сезесің. Украинада, әсіресе FILM.UA студиясында нақтылық пен реттілік бар. Маған бұл жерде жұмыс істеген ұнайды. Әр адам өз ісімен айналысады. Барлығын жоспар бойынша түсіреді. Егер бір нәрсе болса, әрі кетсе, он-он бес минуттарын жоғалтады. Мұндай жағдай американдық кинематографта да бар, олармен де бірге жұмыс істеп көрдім. Біздің елде, Қазақстанда осыған қатысты белгілі бір сұрақтар туындап жатады. Бұл біздің кинода кәсіби мамандар жоқ деген сөз емес, тек жұмысты белгілі бір тәріппен орындайтын тәжірибе жетіспейді.

- Өзіңіз киноға қалай тап болдыңыз?

- Мен халық шаруашылығы институтын бітірдім, бірақ студияда жұмыс істегім келді, кино әлемі қатты қызықтырды. Әкем Қасымнан көмек сұрадым, ол кісі танымал жазушы әрі аудармашы ғой. Әкемнің арқасында түсірілім тобына қосылып, әкімші қызметін атқардым. Олар бұл қызметті жарты жыл істейтінімді, кейін Мәскеуге, Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтына жіберетіндерін айтты. Аңқау адам ретінде соған сеніп қалдым. Ол кезде танымал режиссер Толомуш Океевтің «Көксерек» таспасымен жұмыс істедім. Ақыры, БМИК-ке түспедім, дегенмен мені Кеңес одағының астанасына, киноөндіріс директорларының курсына жіберді. Бұл іспен 41 жыл айналыстым. Сол кезде фильмдерде өзімнің ойнайтынымды айтса, сенбес едім. Ал актерлік дәмді алғаш рет 60 жасымда таттым, 2008 жылы «Келін» фильмінде келін болып түскен қызын саудаға салатын әкенің рөлін сомдадым. Бір қызығы, сюжет бойынша менің күйеу балам Ержан Нұрымбет болды, ол «Күзет сақшыларында» қыпшақтар басшысы Андактың рөлін сомдайды.

- Сіз декорациясын құрған фильмнің атына айналған «омпа» сөзі асық ойнау кезіндегі сәттілікті білдіреді. Сіздің жолыңыз болғыш па?

- Иә, солай сияқты. Әсіресе, мамандық таңдау жағынан. Маған көптеген кәсіби мамандармен жұмыс істеу бақыты бұйырды. Бірақ, шынымды айтсам, кино мен үшін хобби болып саналады. Мен кино саласында жүріп, үлкеннен де, кішіден де, тіпті балалардан да бірнәрсе үйренемін. Білімі жоқ, бірақ берілген рөлді ашық-жарқын, анық орындауға тырысатын актерларды бақылаған ұнайды. Көбісі нағыз актер болуды армандап жатады, кейде менен де «Сіз қалай киноға тап болдыңыз?» деп сұрайды. Мен: «Жолым болды» деп, бар шынымды айтам.

Ерболат Тогузаков в роли Шамана

Ерболат Тоғызақов Бақсы рөлінде

- «Күзет сақшыларын» түсіріп жатқан Юрий Ковалевпен де жолыңыз болды ма?

- Онымен бірге жұмыс істеген өте ыңғайлы. Ол маған түрлі бақсылық әрекеттерді жасауыма рұқсат берді, сондықтан сиқырлы күшпен уақытша әуестеніп жүрмін.

- Сіздің жұлдызыңызды жаққан фильм – Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» туындысының желісімен түсірілген Ермек Тұрсыновтың «Шал» (2012) таспасы. Басты рөлге көптеген кәсіби актерлар таласқан-ды, бірақ шалды сомдау бақыты сізге бұйырды. Тағы да жолыңыздың болғаны ғой, сонда?

- Иә. Бір қызығы, мен режиссерге: «Мұндай күрделі философиялық аңызға мен сияқты әуесқойды алудың қажеті қанша?» деп, айнытуға тырыстым. Бірақ, ол көмектесетінін айтып, көндірді, мен де келістім. Тағы да қайталап айтамын, менің режиссермен жолым болды, соның бар айтқанын бұлжытпай орындауға тырыстым, сондықтан рөлім ойдағыдай шықты деп ойлаймын.

- Бірақ, дәл осы режиссер сізді қасқырларға берді ғой…

- Кейіпкерім қасқыр аузынан қойды тартып алатын бір эпизод болған. Жыртқыш жалғыз болатын, ал менің артымда оқыс жағдай болса, атуға дайын екі снайпер тұрды. Бақытыма орай, барлығы сәтті өтті, «Ешқандай аң зардап шеккен жоқ». Мен ғана қайғырған сияқтымын (күлді). Бір көріністе қармен ұзақ бауырлап жүрдім, саусақтарым тоңса, түсірілімді үзіп, жылытып аламын да, қайтадан «қиналуға» кірістім.

- Тағдыр сізді Голливуд киносына жетеледі. «Үйге оралу» картинасымен жұмыс істегенде қандай қызықтар болды?

- Біріншіден, танымал режиссер Питер Уир. Екіншіден, Колин Фаррел мен Эд Харрис сынды жұлдызды актерлар. Оларды алғаш көргенде сопының костюмінде болған едім, сондықтан құрметпен бас идім. Олар да маған иіліп, жауап қайтарды. Бір қызығы, фильмде мені тибеттік дін қызметшісін емес, қарт монғолды сомдауға шақырды, бұл рөлді сол жақта трюк қойған біздің белгілі каскадеріміз Жайдарбек Күнгіжінов ұсынған. Сол шал міндетті түрде атпен шабуы тиіс болған. Мен қалалық тұрғын болғандықтан, төрт жасымда алып берген төрт дөңгелекті жалғыз ойыншық атым болған. Сондықтан, атқа мініп үйренуім керек болды, жаттығу циркте өткендіктен, таңнан кешке дейін шеңберді айналып жүрдік, сол шеңбердің мезі қылғаны есімде. Қорыққан кезде ер-тоқымды ұстап алатынмын, ал Жайдарбек: «Жібер! Қолың бос болу керек» деп айғайлайтын. Бір күн, екі күн дайындалдық… Қатты шаршап жүрдім. Бірақ, режиссердің көмекшісі келді де, маған қарап тұрып: «Жоқ, ол қарт монғол емес, сопы болады» деді. Оны жәй ғана әңгіме ретінде айтып тұрған шығар деп ойладым. Бір күні бір аптадан кейін маған хабарласып: «Сізде шетелдік төлқұжат бар ма?» деп сұрады. «Менде қайдан болсын?»-дедім. Тез арада құжаттарды рәсімдеп, Болгарияға жіберді: сол жақта қызылкүрең киімді сопы рөлінің түсірілімі болды. Атқа мініп, үш метр қашықтықты жүріп өттім.

Кадр из фильма «Шал»

«Шал» фильмінен көрініс

- Сіз шығармашылық жанұяда тәрбиелендіңіз: әкеңіз – жазушы, анаңыз – опера театрының хор әншісі. Бұл сіздің көзқарасыңызға қаншалықты әсер етті?

- Әкемнің арқасында үйімізде тамаша кітіпхана болды. Сөрелерде шетелдік, орыс, КСРО халқының ұлттық әдебиеті сынды классиканың түр-тұрі тұрды. Әкем көптеген украиндық жазушылармен дос болған, барлығы Алматының орталығында орналасқан үйімізге қонақ болып келетін. Ата-анамның арқасында кітап оқуға әуестеніп, көптеген елдердің, халықтардың мәдениетіне қызығып өстім.

- Тағдыр сізге күліп қарағанымен, отбасыңызда қиын кезеңнің болғанын білеміз. Яғни, әкеңіз Қасым Тоғызақов 1940 жылдардың соңында репрессияға ұшырап, Сібірге айдалды. Сол кезеңдер есте сақталды ма?

- Біз Сталин өлмегенше және әкеміз ақталып шықпағанша, айдауда болдық. Қамау жағы есімде жоқ, өйткені тым кішкентай едім. Бірақ, аннам екеуіміздің алдымен пойызға, кейіннен кемеге мініп, ұзақ саяхаттағанымыз есімде қалыпты. Сол кезде аннам мені иллюминаторға көтеріп: «Әкең жағада тұр» дейтін. Мен алысқа көз жүгіртіп: «Әкем қандай сүйкімді адам» деп қуанатын едім.

- Кино сіздің хоббиіңіз екен. Басқа да қызығушылықтарыңыз бар ма?

- Футбол көргенді жақсы көремін. 1966 жылдан бері бірде-бір чемпионатты жібермей тамашаладым. Қазір уақыттың тығыздығына байланысты, клубтық грандтың жарыстарын кейде өткізіп аламын. Мен «Барселонаның» жанкүйерімін, жеңіліп қалса, кәдімгідей көңілім түсіп қалады. Жалпы, маған еуропа футболы ұнайды, федерациямыздың УЕФА қанатына өткенін дұрыс деп санаймын, қазір құрамамыз әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Азияның емес, Көнеден келе жатқан әлемнің ұлттық командаларымен жарысады. Еуропада футболға көп көңіл бөлінеді, құрама топтары мен клубтар да жетерлік. «Футболды 22 адам ойнайды, бірақ немістер жеңеді» деп, бекер айтпаса керек. Олар әлем Кубогының иегерлері ғой. Еуропалықтармен тең дәрежеде Оңтүстік Американың ойыншылары ғана бәсекелесе алады, сол бразилиялықтар: «Қарсыласымыз шамасы келгенше, ал біз қанша қаласақ, сонша гол соға аламыз» деп айтады екен.

- Соңғы сұрақ: Өз-өзіңізге қаншалықты сын көзбен қарайсыз?

- Әрине, егер бір нәрсені дұрыс істемесем, көңілім түсіп, уайымдаймын. Бірақ, ештеңені өзгерте алмасаң, өзіңді босқа қинаудың қажеті жоқ. Алға қарай ұмтылып, сол қателікті қайталамауға тырысамын. Жақында бір философтың пікірін оқыдым, ол екі ережені ұстануға кеңес береді. № 1 ереже: ұсақ-түйекке назар аудармау. № 2 ереже: барлығы – ұсақ-түйек (күлді).

 

Kinorob компаниясы баспасөз қызметінің материалдары бойынша

Превью: Vlast.kz

  • 10 Қараша, 2017
  • Мадина
  • 4 643
  • 0

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Жека Дикий

11 қараша 2017, 15:46

Був у кіно. Крутий герой! Зіграв неперевершено. Я вірив у те що людина котримось боком шаман.

Даник

14 января 2018, 00:47

Кеш болса да, арманына жетті! Керемет актер екенін дәлелдеді!

Рекомендуем

Интервью

27 Тамыз, 2019

Фариза Танаева: «Дәрежан Өмірбаевтың кейіпкер түсімен жұмыс істеуі жаныма жақын»

Кинорежиссер Фариза Танаевамен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

26 Тамыз, 2019

Шұғыла Сержан: «Мен қазіргі кезге дейін қызығатын тақырып – отбасы махаббаты»

IV Baiqonyr SFF жеңімпазы Шұғыла Сержанмен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама