È

«Миымды ашытпаңыздаршы!» фильмінің режиссері Джами Бейсеновпен сұхбат

«Миымды ашытпаңыздаршы!» фильмінің режиссері Джами Бейсеновпен сұхбат

Сәуір айының соңында айналымға «Миымды ашытпаңыздаршы!» қазақстандық комедиясы шығады, картинаның жартылай түсірілімі Шри-Ланкада өткен болатын. Режиссер Джами Бейсенов үшін бұл деректі фильмге арнаған ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы ойнамалы картина болды. Шетелдегі түсірілім қиындықтары, кәсіби емес актерлармен жұмысы және картина жалғасы туралы қоюшы әрі басты рөлді сомдаушылардың бірі Джами Бейсенов «Бродвей» кинопорталына берген сұхбатында айтып берді.


- Өзіңіз бен алдағы жұмыстарыңыз жайлы айтып беріңізші?

- 2005 жылы «Жақ!» дебютті толық метрімді түсірген болатынмын, ол Қазақстан бойынша шектеулі айналыммен шықты және «Астана» телеарнасынан көрсетілді. Екі жылдан соң ағам екеуіміз «Аймалашы мені» мелодрамасын түсірдік, ол да шектеулі айналыммен шығып, теледидардан көрсетілген. Одан кейін тек деректі фильмдер түсірумен айналыстым. Олар көптеп түсірілді, дегенмен «Миымды ашытпаңыздаршы!» ойнамалы картинасын түсіру мүмкіндігіне ие болдым, жақында ол да айналымға шығады.

- «Миымды ашытпаңыздаршы!» фильмін түсіру идеясы қалай дүниеге келді?

- Фильмдегі оқиға Таиландтағы қазақстандық туристің басынан өткен шынайы хикаяға негізделген. Әрине, дәл фильмдегідей болды деп айта алмаймын, бірақ ол өте күлкілі әрі қызықты хикая еді.

- Картинаның айтар ойы қандай?

- Оның бірнеше мағынасы бар, дегенмен негізгілерін айтар болсам, ол - әке мен бала арасындағы мәселелер, түрлі ұлттар арасындағы қарым-қатынас мәселесі және діл, әлеуметтік тап мәселелері.

- Идеяның туындауы мен оның іске асуының арасындағы кезең ұзаққа созылды ма?

- Сценарийдің жазылуы мен айналымға шығуының арасындағы уақыт – екі жарым жыл.

- Неліктен фильм оқиғасын Шри-Ланкада өрбітуді ұйғардыңыз?

- Мен басында Гоаға арнап жазған едім, бірақ Шри-Ланкада түсіру арзанға шықты.

- Өзге елде жұмыс істеу қаншалықты қиын болды?

- Жұмыс барысы барлық жерде бірдей, дегенмен Шри-Ланкадағы уақытымыз шектеулі болғандықтан, актерлармен бірге ұшудың алдында жақсылап дайындалдық. Ал тобымызға ланкалық Сенака Джаядев қосылған соң, локация таңдау жағы оңайға соқты. Оператор Саша Вертяков екеуіміз жобамен Алматыда жүрген кезде гугл-карта арқылы локация таңдаған болатынбыз, ал Цейлон аралына келген соң, бізге Сенака көмектесіп, кеңес беріп жүрді.

- Бастапқыда жазылған бюджетпен жұмыс істедіңіздер ме? Әлде шығынды көбейтуге тура келді ме?

- Иә, қаржы жоспарлағаннан да көп жұмсалды.

- Фильм алаңында болған қызықты оқиғаны еске түсіре аласыз ба?

- Мен бұл оқиғаны қызықты демес едім, дегенмен пілмен түсірілген көрініс кезінде біздің актерларымызды қорқытқан оқиға болған. Біз пілдердің адамдарға қарағанда, ультрадыбысты жақсы еститінін ұмытып қалыппыз.

Сондай-ақ, коптеріміз ұшып кеткенде, қозғаушысының дауысы пілді қорқытып жіберді. Піл оқыс қимылдар жасай бастады, көмекшісіміз оны тыныштандыра алмады, мәселенің анық-қанығын анықтағанымызша, Фархат мен Жібек бірнеше минут күйзелісті өткеріпті.

- Актерлармен қалай жұмыс істедіңіздер? Кәсіби емес актерлармен жұмыс істеу оңай ма?

- Менің ойымша, ең бастысы дайындыққа, оқуға және т.б. уақыт бөлу маңызды, сол арқылы актерларға өз сөздерін жаттауға, кейіпкерлерін түсінуге мүмкіндік береміз.

Мұндай жағдайда актерлармен жұмыс істеу қиын емес. Сонымен қатар, олардың жекелеген мықты тұстарын көріп, ұтымды пайдаланған кезде, жұмыс істеу мүлдем оңай болады.

Мысалы, Жібектің мамандығының хореограф екенін білген соң, оның «айналандыру» қабілетінің дамығанын жобаладым, сол ойым дұрыс болып шықты. Ал Фархат Құлбаев жас актер ғана емес, сонымен қатар сценарист болып шықты. Осы ақпарат арқылы жұмыс істеу оңайға соқты. Төлепбергенмен мүлдем оңай болды, себебі оның тәжірибесі мол. Ерденмен де ортақ тіл табысып кеттік.

Ал ланкалықтардың көпшілігі оператордың «жазу» түймесін басқанын сезбегендіктен, түсірілім кезінде қысылмай, шынайы қалпында шықты.

Нәтижесінде, барлық актерлар мен ойлағандай ойнап шықты.

- Картинада арнайы эффектілер пайдаланылды ма?

- Иә, олар көп болды, бірақ көпшілігі қай жерде шынайылықтың, қай жерде арнайы эффектілердің қолданғанын байқамай қалатындай жасалды.

- Фильм әр түрлі жастағы көрермендерге арналған ба?

- Жалпы, иә. Бірақ, біздің категориямыз 12+.

- Картинаның жалғасы болуы мүмкін бе?

- Иә. Келесі картина «Миымды жүктемеңіздерші!» болады.

Оны 2019 жылы түсіреміз деп ойлаймын.

 

Джами Бейсеновке сұхбаты үшін алғыс білдіреміз!

 

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Kamila Aldiyarova

24 апреля 2018, 17:16

прикольное название

Мырзахмет

30 апреля 2018, 22:31

Не Египте мне мозги, как воодушевило режиссера на название фильма. Пошло оно ко всем чертям. Якобы есть в жизни, куда больше проблем - чем их решение. А в итоге, получается в ответ, все наоборот. Хотел помочь, в ответ спасибо - сарказм. И как ни старнно выглядило это проблема, ее ни чем нельзя олицетворять. Якобы даже нет обиды, если придваться глубокому рассуждению, не делай добра не будет зла "Не Египте мне мозги" ваши проблемы меня не касаются.

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер