È

«Z ұрпағы» фильмінің режиссері Диас Әзімжанмен сұхбат

«Z ұрпағы» фильмінің режиссері Диас Әзімжанмен сұхбат

Қысқаметражды көркемсуретті фильмдер түсіріп жүрген режиссер Диас Әзімжан жақында деректі кинода өз күшін сынап көрді. Картина «Z ұрпағы» деп аталады және ішкі мәселелерімен күресіп, дүниедегі өз орындарын табуға тырысқан жасөспірімдердің өмірі жайлы баяндайды. Жұмыстың нәтижесін жақында YouTube-тан көруге болады. Ал әзірге Диас жобасының не жайында екенін, түсірілімнің қалай өткенін және өзін неліктен жаңа бағытта сынап көргісі келгенін айтып берді.


- Жоба жайында айтып беріңізші?

- Бұл «Жаңа Ұрпақ» ұйымы мен Neonomads Art Lab продакшнның біріккен жобасы.

Мен түсірілім тобын барынша мобильді және шағын жасауды ұйғардым, өйткені түсірілім барысында жасөспірімдердің жеке күйініштері мен отбасындағы мәселелері туралы сөз қозғағанда, көп адамдардың ортасында өздерін ашуы қиынға соғар еді. Нәтижесінде көп сұхбаттарды жалғыз немесе жасөспірімдерге қатысты үлкен тәжірибесі бар Асқат Әбжановпен («Жаңа ұрпақ» жетекшісі) бірге алдым, себебі біз әңгімелесушінің сұхбат кезінде өзін еркін сезініп, өміріндегі бар мәселені ашық айтқанын қаладық.

Аталмыш фильмнің спецификасы кейіпкерлердің және ата-аналарының өзгеруін бақылауға бағытталды, яғни біз түсірілім барысында барынша көзге көрінбеуге тырыстық (жобаға 60-тан астам жасөспірім мен ата-аналары қатысты).

Ұйымдастырушылық жұмыстармен «Жаңа ұрпақ» тамаша тобы айналысты.

weproject.kz
weproject.kz

- Фильм сюжеті не жайында? Неге «Z ұрпағы»?

- Фильм үш (негізгі) жасөспірім-кейіпкердің және олардың ата-аналарының өзгеру хикаясын баяндайды, олар «Жаңа ұрпақ» лагерінен өтуді ұйғарады. Өзіндік күйініштері, реніштері, жоспарлары, мәселелері бар, өзгерістер мен арманға ұмтылған үш түрлі адам.

Олар Z ұрпағының өкілдері болып табылады – 2000 жылдан кейін дүниеге келген адамдар, сандық әлемде туылған алғашқы ұрпақ, олар өмірлерін мобильді құрылғыларсыз, гаджеттерсіз елестете алмайды. Олар үшін аймақтық шекара жоқ, бірақ, өкінішке қарай, мұндай шекаралар жиі монитор экранымен ғана шектеліп жатады.

Бұл фильмде актерлар жоқ, өздерінің ішкі әлемін ақтара білген мықты әрі күшті адамдар бар, оларды тыңдай білуге болады (қажет) және пікірлерімен санасу керек, олардың әрқайсысында қызықты, сонымен қатар әлі зерттелмеген ойлар мен идеялар бар, осылардың барлығы барлығымыз үшін пайдалы болуы мүмкін.

weproject.kz
weproject.kz

- Фильм қанша күнде және қайда түсірілді?

- Фильм үш аптаның ішінде түсірілді. Алматы мен қала сыртында, балалар мен ересектерге арналған рекреациялы лагерь орналасқан жерде түсірдік.

- Сценарий идеясы қалай туындады?

- Бұл «Жаңа ұрпақ» жетекшісі Асқат Әбжановтың идеясы, ол кісі маған сценарий жазып, сол бойынша деректі фильм түсіруді ұсынды. Құрылым жағы қиын болған жоқ, себебі ұйымның жасөспірімдерге арналған лагерь ұйымдастырудың нақты бағдарламасы бар. Менің тапсырмам фильм концептін жасап, кейіпкерлерді барынша ашу болды.

weproject.kz
weproject.kz

- Неліктен өзіңізді деректі кинода байқап көргіңіз келді?

- Менің ойымша, біз басқа адамдарды зерттей отырып, өзіміз де біраз нәрсе үйренеміз. Бұл бізге өмір сүріп, әрі қарай дамуға көмектеседі. Сонымен қатар, мен бала күнінмен адамдардың хикаяларын тыңдағанды, солардан бір нәрсені үйренгенді ұнатамын. Аталмыш жобада көптеген кейіпкерлердің хикаяларымен танысып, көруге мүмкіндік туды, маған шығармашылық тәуелсіздік берілді, бас тарта алмадым.

- Картинаны қашан жарыққа шығаруды жоспарлап отырсыз?

- Картина жобамен биылғы қарашаның бірінші жартысында шығады. Мүмкін, фильмнің барлық қатысушылары – 60-қа жуық жасөспірім мен олардың ата-аналары, лагерь нұсқаушылары үшін тұсаукесерлі көрсетілімі болатын шығар. Кейін, фильм Youtube-қа жүктеледі, сондықтан көрермендер көрсетілімді тамашалап, жас ұрпақтың дамуы мен тәрбиесіне қатысты өздері үшін қажетті мәлімет алатын шығар деп ойлаймын.

Превью: weproject.kz

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Амирхан Жалгасбаев

13 февраля 2020, 06:23

успехов, я бы хотел сняться

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер