È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Cтатьи
  • Сұқбат
  • Келли Гарднер: «Қазақстандықтардың өздерін толығымен режиссураға арнап келетінінен үміттімін»

Келли Гарднер: «Қазақстандықтардың өздерін толығымен режиссураға арнап келетінінен үміттімін»

  • 20 Қыркүйек, 2017
  • Мадина
  • 1 802
  • 0
Келли Гарднермен сұхбат

27-29 қазан аралығында Алматыда New York Film Academy-дың режиссура мен актерлік шеберлікке қатысты сабағы өтеді. Режиссура бойынша шеберлік сыныбын Лос-Анджелестегі Нью-Йорк кино академиясының деканы, қоюшы Келли Гарднер өткізеді. Алматыда болатын дәрістің не беретінін және кинорежиссердің қандай қасиеттерге ие болу керектігін Гарднер «Бродвей» кинопорталына берген сұхбатында айтып берді.


- Неліктен ұстаздық қызметке бет бұрдыңыз?

- Мен оқытуға деген үлкен махаббатымның арқасында сабақ беруге кірісіп кеттім. Шығармашылық мәдениетті зерттеп жүрген кезімде ұстаздық жолға түстім, осы жағынан жолым болды. Өзім үйреніп жүрген дүниені жастарға оқыта отырып, ақпаратқа қанық бола түстім. Шығармашылық пәнінің ұстазы бола тұра, 20 жылдың ішінде мәдениеттің жаңашыл тұстарын ойлап таптым, қазір солмаған өнер адамы әрі кәсіби маман ретінде дұрыс таңдау жасауыма көмектеседі.

- Киномектебіңізге студенттерді қандай қасиеттеріне қарап таңдайсыз?

- Шығармашылық тұрғыдан қарағанда әрбір студенттің табысты болуына әсер ететін маңызды фактордың бірі – мәдениетті тану мен мақсатқа жету жолында бар күшін сарп етуге дайын болу деп сенемін. Адам баласы алдына мақсат қойғанда, қаншама кедергілер кездессе де, тоқтамай алға ұмтылуы тиіс. Жеңілгенің емес, қателіктерге қалай қарайтының маңызды, осылайша табысқа бастар жолың анықталады. Егер сен әңгіме айтуды жақсы көрсең, онсыз өмір сүре алмасаң, онда – баяндаушысың, ал кино мектебі – сенің дұрыс таңдауың.

- Студенттеріңіздің кәсіби және тағы басқа қандай қасиеттерін дамытуға тырысасыз?

- Оқушыларымды әлемді баяндаушының көзімен көрсетуге тырысамын. Нағыз кәсіби маман айналасындағы әлемді, әрбір әрекетті және өзін баяндама арқылы көре алуы керек. Пабло Пикассо: «Күнді сары нүктеге айналдыра алатын суретшілер бар немесе керісінше, өзінің өнері мен интеллектісінің арқасында сары нүктені күнге айналдыра алатындар бар» деген еді. Күнделікті тәжірибесі арқылы айналасындағы әлемнің тереңдігін көрсете алатын шынайы маман керемет дүние жасайды.

- Студенттеріңіздің қандай жетістіктерімен мақтана алатын едіңіз?

-Мен NYFA-да 10 жыл бойы сабақ беріп келемін, әлем бойынша табысты болған көптеген студенттерімді атай аламын. Сондай студенттерімнің бірі - Шакил О’Нил. Ол баскетболшы мансабын тастап, сценарист пен режиссер ретінде Дэймон Уайанспен бірге жұмыс істей бастады. Сондай-ақ, қазір актер ретінде табысты қызмет атқарып жатыр.

- Қай елдер мен қалаларда дәріс өткіздіңіз? Алматыдағы курстан не күтесіз?

- Мен NYFA атынан Қытайда, түркияда, Катар мен Италияда ұстаздық еттім. Қазақстандықтардың өздерін толығымен режиссураға арнап келетінінен үміттімін. Дәріс арқылы маңызды ақпараттар алып, өткізген уақыттарын табысты әрекеттер мен нәтижелерге айналдырса деймін.

- Табысты кинематографшы әрі ұстаз ретінде жас режиссерларға қандай ақыл-кеңес айтасыз? Кинематографтағы жолдарын қалай бастауға болады?

- Кинотеатрдан шығып, әлемге көз салу. Шынайы адамдардан шынайы тәжірибе алу, сол арқылы өзіндік шығармашылығын қалыптастыру. Барлық тәжірибені өз кадрыңыз арқылы өткізіп, көре біліңіз, сонда ғана әлемге қызық дүниені ұсына аласыз.

 

Келли Гарднерге сұхбаты үшін алғыс білдіреміз!

Алматыда қазан айында өтетін New York Film Academy-дың режиссура мен актерлік шеберлік дәрісі туралы толық ақпаратты www.nyfa.kz сайтынан немесе 8 (777) 212-63-91 телефоны арқылы білуге болады.

  • 20 Қыркүйек, 2017
  • Мадина
  • 1 802
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

27 Тамыз, 2019

Фариза Танаева: «Дәрежан Өмірбаевтың кейіпкер түсімен жұмыс істеуі жаныма жақын»

Кинорежиссер Фариза Танаевамен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

26 Тамыз, 2019

Шұғыла Сержан: «Мен қазіргі кезге дейін қызығатын тақырып – отбасы махаббаты»

IV Baiqonyr SFF жеңімпазы Шұғыла Сержанмен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама