È

Құралай Анарбекова: «Мен киноға түсуді тоқтатқан жоқпын, тек мансап пен болашақты таңдадым»

Құралай Анарбековамен сұхбат

Актриса Құралай Анарбекованы Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» тарихи фильміндегі Қорлан рөлі арқылы таниды. Бойжеткен мансабындағы біраз үзіліске қарамастан, ресейлік жобадағы тәжірибесі арқылы дипломды продюсер ретінде Қазақстан киносына қайта оралды. Құралай «Аға ма әлде неке ме?» атты дебютті толық метрінің тұсауын кесіп, картинада басты рөлді сомдаған актриса мен бас продюсер ретінде танылды. Құралай Анарбекова «Бродвейге» берген сұхбатында картинасы туралы, өзіне ұнайтын жігіттер мен сүйікті кинокартиналар жөнінде айтып берді.


- «Жаужүрек мың бала» фильмінен кейін ірі жобаларға қатысқан жоқсыз. Соңғы 5 жылда немен айналыстыңыз?

- Иә, «Жаужүрек мың бала» фильмінен кейін мен танымал бола бастадым, актриса болу арманым орындалды. Әрі қарай да мансабымды жалғастырар едім, жарнамаға, кино мен хикаяларға түсуге ұсыныстар болды. Бірақ, болашағымды ойлап отырып, 5-10 жылдан кейін дәл солай сұранысқа ие болмайтындығымды түсіндім. Содан кейін тек актриса болмай, өзім де кино түсіруді жөн санадым да, дипломы бар маман атандым. Мен киноға түсуді тоқтатқан жоқпын, тек мансап пен болашақты таңдадым. Сол себепті, БМКИ-ге (ВГИК) оқуға түстім. Мәскеуде Толстуновта (Игорь Александрович Толстунов – кинопродюсер – ред.) «Мосфильмьде» ПРОФИТ студиясында жұмыс істедім. Біз 16 бөлімнен тұратын «Біздің арамыздағы бөтен біреу» хикаясын түсірдік. Содан кейін Қазақстанға оралдым да, жеке компанияда жұмыс істедім. Продюсер ретінде кино өндірісімізді дамытқым келді. Біреуге жұмыс істей алмайтынымды ұғындым. Сондықтан, кәсіби маман ретінде тәуекелге бел буып, 4 жыл бұрын Corich production компаниясының негізін қаладым. Қазір компания Corich group болып өзгертілді. Алғашқы жылы бізге «Қазақстан» телеарнасы сенім артып, 16 бөлімнен тұратын хикаяға тапсырыс берді. Өзім бас продюсер болдым. Сол жобадан соң коммерциялық фильм түсіруді жөн санадым.

Сол уақытта халыққа ұнайтын жеңіл комедия түсіргім келді, бірақ фильм идеясын ойластырмаған едім. Өзім басты рөлдердің бірін сомдаған «Қазақша кәсіп» картинасында сценарист Алишер Утевпен таныстым. Содан кейін бірге жұмыс істеуге ұсыныс білдірдім. Ол «Аға ма әлде неке ме» идеясын айтқанда, бірден ұнаттым. Осылайша, дайындыққа кірісіп кеттік.

- «Аға ма әлде неке ме» фильмінде екі қызметті атқардыңыз. Продюсер ретінде жоба туралы айтып беріңізші. Фильм қалай құрылды, актерларды қалай таңдадыңыздар және жұмыс барысында қандай қиындықтар туындады?

- Бастысы - идеяның болуы және не түсіретініңді жақсы түсіну. Біз барлығын айқын көріп тұрдық, КҚЖ (күнтізбелі-қойылым жоспары – ред.), кәсіптік жоспарын, медиа-жоспарды құрдық, әр жұмысты қай кезде орындайтынымызды алдын-ала жазып қойдық. Түсірілім барысында қиындықтар бола қойған жоқ, керісінше барлығы жеңіл әрі көңілді өтті. Ағалардың рөлін дәл осы актерлардың сомдағанына қуаныштымын. Сабыровпен келіссөздер жүргізгенде, ол сценарийді оқып шығып, бірден келісе кетті. Негізі, оған көптеген кинокомпаниялар бірге жұмыс істеуді ұсынған екен. Бірақ, ол бас тартып жүрген. Нұрлан өзін жақсы бір қазақстандық кинода көрсеткісі келді. Ал Тәуекелмен біраз қиындау болды, ол барлығының өзі туралы осы рөлдегідей жеңілтек мінезді деп ойлайтынын алға тартып, келіскен жоқ. Алайда, Тәуекел шынында ақкөңіл, қызықты әрі ақылды жігіт. Фильмде ол тәкаппар жігітті сомдайды. Дегенмен, түсірілімнен соң Тәуекел «Келіскеніме қуанамын» деп, шынайы жауап берді. Меніңше, халық оны басқа актерлік қырынан танитын болғандай. Режиссер Ернар Нұрғалиев басты ер азамат рөліне Дәурен Серғазинді ұсынды. Мен онымен «Жаужүрек мың бала» фильмінде бірге жұмыс істеген едім, сондықтан келісе кеттім. Дәурен – шеберлігі қалыптасқан жақсы актер, нағыз бізге керек адам.

- Ернар Нұрғалиевпен жұмысты қалай бастап кеттіңіз?

- Ернармен келіссөздер жүргізгенде, ол маған «Аға ма әлде неке ме» фильмінің алғашқы толық метрі екенін айтты. Сондықтан, фильмді ерекше түсіргіміз келді. Біз оған сенімді түрде иек арттық, себебі оның бейнебаяндары мен хикаяларын көріп, біліп жүрміз ғой. Ернар – жауапты әрі елгезек режиссер, өз ісінің нағыз маманы.

- Актриса ретінде фильмдегі ойыныңыз көңіліңізден шықты ма?

- Иә. Фильмде өзімді сұлу қыз ретінде көрсетуге тырысқан жоқпын. Бастапқыда, образымды да түрлендірген. Образға жұмсақтық беру үшін, шашымды бірнеше рет ақшылдау түске боядым. Бояуды да аз қолдандым, кейді тіпті тек рең беретін майды ғана жақтым.

Түсірілім кезінде апатқа түсіп, соққыдан бетімді жарақаттап алдым. Бетімнің оң жағы көгеріп кеткен. Түсірілім барысында барлығын жасыруға тырысқанымызбен, картинада аздап білінеді.

- Картина бюджеті қанша?

Дәл қазір нақты санды айта алмаймын. Алғашында барлық фильмдердегідей, белгілі бір соманы салдық, бірақ бәрібір сметадан шығып кетесің, себебі күтпеген жағдайлар мен қайта өңдеулер болып жатады. Сондықтан, алғашқы бюджетімізден артық болған сияқты.

- Қандай касса жинауды жоспарлап отырсыздар?

- Көп болғаны жақсы ғой. Бірақ, нақты айту қиын. Ол көптеген факторларға байланысты. Білгілі бір соманы алдын-ала болжай алмаймын.

- Жалпы, «Аға ма әлде неке ме» кімге арналған және не жайында?

- Фильм барлығына арналған. Менің ойымша, мұндай жағдай әр адамның басында болған сияқты. Әкемнің ағалары көп, ал қарындасы біреу. Ол 28 жасында тұрмысқа шыққан. Ата-аналарымыздың кезінде бұл кеш болып есептелген. Фильм сюжеті махаббат, отбасылық қарым-қатынас пен құндылықтар туралы баяндайды.

- Құралай, егер шынайы өмірде Айдар секілді жігіт жолықса, назар аударар ма едіңіз?

- Жоқ.

- Сізге қандай жігіттер ұнайды?

- Маған Айдар өзінше ұнайды. Дегенмен, әр адам тәжірибесіне сүйене отырып, жанында өзінен де мықты адамның болғанын қалайды ғой. Менің жанымда тәрбиелі, ер мінезді азамат болуы тиіс. Мінезі болмаса, менің жанымда болу қиын.

- 5 жыл бұрын берген сұхбатыңызда «Әйел адам үшін мансап маңызды емес. Бастысы – ана болу» деген едіңіз. Қазір өмірлік ұстанымыңыз өзгерді ме?

- Жоқ. Пікірім әлі де сондай. Әзірге отбасым болмағандықтан, жақсы көретін ісіммен айналысудамын. Жалпы, біздің міндетіміз – сүйікті жар, аяулы ана, ата-анамыздың тәрбиелі қызы атану. Сондықтан, ерте ме, кеш пе, отбасын құрып, балалы болуымыз керек. Сол кезде өмірімдегі ең басты мамандығыма ие боламын.

- Өзіңіз қандай фильмдерді ұнатасыз? Отандық кинематографта қайсысын жақсы көресіз?

- Негізі, көңіл-күйге байланысты барлық жанрларды көре беремін. Маған психологиялық фильмдер, фантастика ұнайды. Сүйікті картиналарым - «Люси», «Уақыт». Күзгі уақытта, далада суық болған кезде тәтті шәй демдеп, көрпе жамылып, тарихи кино көргенді жақсы көремін.

- Екінші фильм түсіру жоспарда бар ма?

- Жоспарда барлығы бар. Қаражат болса болғаны. Бірақ, әзірге екінші жобаға кіріспейміз. Өйткені, «Аға ма әлде неке ме» фильмі – менің дебютім, барлық жұмысты, кезеңді сезінуім қажет. Жалпы, жылына бір ғана фильм түсіруге болады, тек оның сапалы болғаны маңызды.

- Қазақстандық режиссерлардың ішінде кімдермен жұмыс істегіңіз келеді?

- Мен Ақан Сатаевпен қайта жұмыс істегім келеді.

- Фильмдеріңіз арқылы кино әлеміндегі жаңа есімдерді танытқыңыз келе ме?

- Негізі, осы фильм арқылы жаңа бейнелерді танытқандаймын. Фильм шыққаннан кейін, Ернар Нұрғалиевтің танымал режиссерлардың бірі болатынына сенімдімін. Дәурен Серғазин үшін - бұл коммерциялық кинодағы дебютті басты рөлі, бұрын барлығы оны театр актері ретінде танитын. Нұрлан Сабыров та кинода өзін алғаш рет сынап көруде. Егер «Аға ма әлде неке ме» фильміне қатысқан әрбір жанның жолы ашылса, мен қуанар едім.

- Басқа жобаларға актриса ретінде қатысуға келісім бересіз бе?

- Әрине. Бірақ, продюсер болғандықтан, соңғы кезде рөлдерге шақырмайтын болды.

- Мүмкін, бәсекелестіктен қорқатын шығар?

- Өзім картиналарыма танымал продюсерлерді түсуге шақыратын едім. Мұнда ешқандай да бәсекелестік жоқ. Керісінше, барлығымыз бір-бірімізді қолдап, бірге дамуымыз тиіс деп ойлаймын.

Жасалған жұмысыңыз көңіліңізден шықты ма?

- Бұл туралы айту әлі ертерек, айналымға шығып, көрерменнің пікірінен кейін белгілі болады. Өз басым, фильмге қатысты жақсы дүниелерді тоқтамай айта берер едім. Бірақ, барлығы салыстыру мен бағалау кезінде білінеді ғой. Негізі, біз қолымыздан келгеннің барлығын жасадық.

 

Құралай Анарбековаға сұхбаты үшін алғыс білдіреміз!

 

 

Әңгімелескен Айдана Мамаева

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

6 қараша 2017, 13:23

отлично сыграла, думаю есть что она может и больше чем просто актриса

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист