È

Мұрат Бисенбин: «Мен сәтті рөл үшін көп нәрсеге әзірмін»

Мұрат Бисенбин: «Мен сәтті рөл үшін көп нәрсеге әзірмін»

Оның кинемотографтағы жолы - маңдайына жазылған тағдыры: инженер-механик күндердің күнінде танымал болып оянды. Бірақ танымалдық оған оңай берілген олжа ма? Мұрат Бисенбин өзінің кино әлеміне келу жолы мен мотивациясы жайлы:- Бала кезімізде достарымызбен «видик» көруге баратынбыз. 90-ыншы жылдардың басында америкалық «экшн» жанрындағы Сильвестр Сталлоне, Арнольда Шварценеггер, Жан-Клод Ван Дамм сынды атақты актерлер қатысқан «Рэмбо», «Кобра», «Коммандо», «Самоволка» секілді фильмдер өте танымал болды. Дәл осы кино бізді ынталандырды. Сол кезден бастап жаттығып, киноактер болу туралы армандадым. Бірақ қайда оқуға түсерімді білмедім. Кастинктерге бардым, анкеталарды толтырдым. Хабарласып, эпизодтық рөлдерге шақыратын. Қабілетімді байқап, мені шақырғандары өзімді өзім қамшылауыма себеп болды. «Демек,- менің тереңде жатқан дарыным бар, деп ойладым». Осылай кино әлеміне түстім, - дейді.

- «Рэкетирден» кейін сіз көптеген жобаларға қатыстыңыз. Экшн жанрындағы жобаларға түсуден шаршаған жоқсыз ба?

- Шындығында мен шаршайтындай соншалықты көп түсемін деп айта алмаймын (күлді) және де бұл жанр бізде аса жақсы дамыған деуге келмейді. Сондықтан бәрі де әлі алда!

- Сіздің келбетіңіз және физикалық формаңыз жиі өзгереді. Бірде салмақ қосып аласыз, бірде бірден салмақ тастайсыз. Басқа қандай эксперименттерге әзірсіз?

- Кез келген, тіпті ессіз әрекеттерге де әзірмін! Бұл мені ынталандырады. Мен табиғатымда - экспериментатормын. Менің денем не көрмеді (күлді), рас, кейде кебір эксперименттер психологиялық және психикалық жағынан да сәтсіз шығып жатады. Бірақ қайталап айтайын, мен сәтті рөл үшін бәріне әзірмін. Әр рөл, үлкен болсын, кіші болсын, еңбекті қажет ететінін мойындау керек.

- Кумиріңіз бар болар?

- Кумирлер жас кезімізде болды ғой. Қазір жоқ. Дегенмен өмірде үлгі тұтатын, қиналған кезде қолдау білдіретін адамдар кездесіп жатады.

- Түсірілімдерден бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

- Бос уақытымды отбасыммен, достарыммен өткізуге тырысамын. Белсенді демалысты жақсы көремін. Кейде бұл қуаттандырады. Уақытымның көбін түсірілімдерде өткіземін, әрине, отбасым, жұбайым мен балаларым сағынады, бірақ олар мені түсінеді, қолдайды.

- Балаларыңыз өмірін кинемотографқа арнаймын десе, қалай қабылдар едіңіз ?

- Білесіз бе, мен ешкімді қыстамаймын. Ең бастысы әркім өз кәсібін жақсы көру керек. Киноөндірісті таңдай ма, мархабат. Мен қарсы болмаймын.

- Қалай ойлайсыз, кәсіби актерлық білім керек пе, әлде талант пен еңбек бәрін шеше ме?

- Бір жақты айту қиын. Әркімге әрқалай. Кейбір адамдар бәрін бірден қағып алады, олар - нағыз таланттар, ал кейбіреулер үшін оқу маңызды болса, оқу керек. Бастысы - нәтиже.

- Сіз француздың «Заложница» фильміне ұқсас экшн-триллер түсірмекші едіңіз. Ісіңіз қалай жүріп жатыр?

- Уақытнан бұрын бұл туралы айтқым келмейді. Бір ғана айтарым, жобаға қызығушылық танытқан адамдар бар. Бірақ қазір жұмыс қарбалас болып тұрғандықтан жобамды кейінге қалдырдым.

- Жаңадан актерлық жолын бастап келе жатқан жас актерлерге қандай кеңес берер едіңіз?

- Өзіңнің ішкі дауысыңа құлақ түріп, рөлді өзіңше көре білу керек. Өміріңіз бен уақытыңызды арнаған салаға қатысты біліміңізді толықтырудан жалықпаған жөн. Төзімділік қажет, осы қасиет артықтық етпейді!

 

Мұрат Бисенбинге сұқбаты үшін алғыс білдіреміз!

 

 

Сұқбаттасқан Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер