È

Ориан Дешам: «Мен жаңашылдықты қолдаймын және өз жолыммен жүремін»

Ориан Дешам: «Мен жаңашылдықты қолдаймын және өз жолыммен жүремін»

«Бүгінгі француз киносы» фестивалі аясында «Көркем» фильмінің көрсетілімі өтті. Комедиялық таспаны картинада өзінің қызы Ориан Дешам ойнаған режиссер және актриса Мишель Лорак түсірді. Бала кезінен кино түсірудің сиқырлы атмосферасына қанығып өскен бойжеткен «Бродвей» оқырмандарымен түсірілім кезіндегі әсерімен бөлісіп, фильмнің неліктен міндетті түрде көруге тұратынын айтып берді.

 

-Ориан, өзіңіздің кейіпкеріңіз жайлы айтып беріңізші, ол сізге несімен ұқсайды және несімен ерекшеленеді?

- Менің кейіпкерім – өтпелі кезеңді бастан кешіп жатқан жеткіншек және ол анасымен ортақ тіл табыса алмай, үнемі оған қарсы шығады. Бірақ, соңынан олардың ара-қатынасы жақсарып, өзара тіл табысады. Бұл жағынан, кейіпкерім екеуміз ұқсаймыз деп айта аламын, мен де өз өмірімде осындай кезеңді бастан кештім.

- Түсірілім алаңында өз анаңызбен бірге жұмыс істеген қалай екен?

- Бұл бір керемет тәжірибе болды, себебі біз анамыз екеуміз қатты ұқсаймыз. Біздің ойларымыз бен идеяларымыз бір жерден шығып отырды және біз түсірілім алаңында бір-бірімізді жақсы түсініп, тіпті толықтырып отырдық.

- Сізге бұл рөл несімен қиындық тудырды?

- Ең үлкен мәселе картинаның режиссерімен, дәлірек айтқанда, анаммен туыстық қарым-қатынасқа жол бермеу (күлді). Отбасылық қарым-қатынасты жұмысқа араластырмау керек қой.

- Бұл фильм қазақстандық көрермендер үшін несімен қызықты болмақ?

- Фильм жеңіл әрі түсінікті. Картинада өмірдің сан қыры бейнеленген, сондай-ақ, әрқайсымыздың басымыздан кешуіміз мүмкін жағдайлар мен әйелдердің өзара қарым-қатынасы көрсетілген. Картинаның түйіні қазақстандық көрермендерге түсінікті әрі қызықты болады, себебі бұл фильмдегі көтерілген тақырып оның ұлтына, тұратын жеріне және жынысына қарамастан маңызды болмақ.

- Әйелдер жайлы айтқанда, француздық орта нені «Ұят» деп санайды?

- Біз өзімізді әлдеқайда еркін сезінеміз, дегенмен бізде де белгілі бір шектеулер бар. Мен әйелдер бір нәрседен ұялуы мүмкін деп айта алмаймын. Бізде цензура Қазақстандағыдай қатал емес. Егер біреу ерекше қылық танытып, еркін түрде әрекет ететін болса, оған ешкім аса мән бермейді.

- Түсірілім алаңы несімен есте қалды?

- Түсірілім кезінде көптеген қызықты жағдайлар орын алды. Біз екі ай бойы Ниццада болдық және түсірілім тобымыздың барлығы бір қонақ үйде тұрды. Қызықты әрі жағымды атмосфераны орнаттық. Шығармашылық үдерісіне кірісіп кеттік. Біздің түсірілім алаңында музыка қосып, билеген сәттеріміз аз болған жоқ және түсірілімнен толықтай ләззат алдық.

- Сіз кімді үлгі тұтасыз немесе кімнің актерлік ойыны сізді шабыттандырады?

- Мен жаңашылдықты қолдаймын және өз жолыммен жүремін. Менің еліктеп, үлгі тұтатын тұлғам жоқ. Мен әрқашан өзіммен-өзім болып, актерлік кәсіпте өз жолымды қалыптастырғым келеді. Әлбетте, әлемде еліктеуге тұратын, таң қаларлық көптеген ұлы актерлар мен актрисалар жетерлік, бірақ менің Құдайдай табынатын тұлғам жоқ. Сондай-ақ, маған италяндық кино ұнайтынын айта аламын.

 

Ориан Дешамге сұқбаты үшін алғыс білдіреміз!

Сұқбаттасқан Камиля Саитова

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер