È

Сёдзо Итияма: «Қазақстан киносының мүмкіндігі жоғары»

Сёдзо Итияма: «Қазақстан киносының мүмкіндігі жоғары»

Алматы облысында «Барымташылар» көркем фильмінің түсірілімі аяқталды. Картина «Қазақфильм» киностудиясы және Tokyo New Cinema жапондық компаниясының біріккен жобасы болып табылады. Таспа режиссерлары – Ерлан Нұрмұхамбетов және Жапониялық қоюшы Лиса Такеба. Бұрын Такеши Китаномен жұмыс істеген фильм продюсерінің бірі Сёдзо Итияма «Бродвейге» коөнім идеясының қалай туғанын және «Барымташыларды» қандай болашақ күтіп тұрғанын айтып берді.


- Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовпен жолыңыз қалай түйісті?

- Мен бір кездері «Еуразия» кинофестиваліне келген болатынмын, сол жерде Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ тал» фильмі көрсетілді. Сол кезде оның фильмі бас жүлдеге ие болды. Маған картина қатты ұнады, бірақ ол уақытта Ерланмен жеке әңгімелесуге мүмкіндік болмады. Былтыр Каннда Лиса Такеба Ерлан Нұрмұхамбетовтың жақсы жобасы бар екенін және соған қатысып көргісі келетінін айтқан еді. Сол кезде ол өз жұмысын Канндағы павильонда таныстырып жатқан, сол жақта барлығымыз кездесіп, бірігіп жасайтын жобаны талқыға салдық. «Барымташылар» - Жапония мен Қазақстанның коөнімі. Жапондар тарапынан Ерлан Нұрмұхамбетовпен бірге жұмыс істегенімізге қуанышты екенімізді айтқым келеді. Ол нәзік көзқарасы мен ерекше бағыты бар дарынды режиссер.

Лиза Такеба, Самал Еслямова/ «Барымташылар» фильмінің түсірілімі
Лиза Такеба, Самал Еслямова/ «Барымташылар» фильмінің түсірілімі

- «Барымташыларды» коммерциялық жоба ретінде қарастырасыз ба, әлде авторлық кино ретінде ме?

- Меніңше, біздің фильм авторлық киноға жақын. Сонымен қатар, картинада ауқымды аудиторияға қызықты болатын шынайы хикая бар. Фильмде барлығына түсінікті элементтер де жетерлік. Негізі, «Барымташылар» авторлық пен коммерциялық кино екеуінің ортасындағы дүние.

- Фильмнің айналымы Қазақстан мен Жапонияда жоспарланып отыр ма?

- Иә. Сондай-ақ, фильмді бүкіл посткеңестік аймақта көрсететін шығармыз. Қазір мықты пиар мамандармен серіктестік орнатып жатырмыз, солардың арқасында жапон кинотеатрларындағы тұсаукесерлер кестесі жасалды. Қазақстандық таспаны Жапония аумағында айналымға шығару өте қиын, бірақ мүмкін нәрсе. Сондықтан, жергілікті айналымшыларды қызықтыра білгенімізге қуаныштымыз. Жұмыс барысындағы негізгі рөлді жобаға отанында танымал актер Мирай Морияманың қатысуы атқарды.

Мирай Морияма/ «Барымташылар» фильмінің түсірілімі
Мирай Морияма/ «Барымташылар» фильмінің түсірілімі

- Картина халықаралық кинофестивальдерге қатыса ма?

- Әрине. Топқа уақыт жағынан қысым жасағымыз келмейді. Бірақ, түсірілімді аяқтағандықтан, монтаж жасап, Канн кинофестиваліне қатысуға өтініш беруге уақытымыз жеткілікті. Арнайы асығыс жасағымыз келмейді. Барлығы өз уақытымен бола жатар.

- Сіз Қазақстанда бірінші рет емессіз. Жапония мен Қазақстан киноөндірісіндегі қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтарды байқадыңыз?

- Айырмашылық байқалады. Жапонияда бокс-офистің жартысы жергілікті киноөндірісті қолдауға кетеді, сондықтан жергілікті режиссерлардың түсірілімге қатысып, тәжірибе жинақтауға мүмкіндігі зор. Қазақстанда басқа жағдайды көрдім. Дегенмен, картина өндірісіндегі өсу байқалады. Елдер арасындағы ұқсастықтар да бар. Мысалы, Жапонияда коммерциялық табысты картиналардың көпшілігі түсірілім және орындау сапасы жағынан аса жақсы емес. Алайда, олар көрермен арасында сұранысқа ие. Сол фильмдер көбінесе ойын-сауықтық форматта түсірілген.

Ерлан Нұрмұхамбетов, Әзиз Жамбакиев/ «Барымташылар» фильмінің түсірілімі
Ерлан Нұрмұхамбетов, Әзиз Жамбакиев/ «Барымташылар» фильмінің түсірілімі

- Халықаралық жобаларда үлкен тәжірибесі бар продюсер ретінде қазақстандық кинематографқа не жетіспейді деп ойлайсыз?

- Менің ойымша, Қазақстан киносының мүмкіндігі жоғары. Өзіме классикалық қазақ киносының бағыты ұнайды. Әрине, жаңа режиссерлар, солармен бірге кинематографтағы жаңа көзқарас пен форматтардың пайда болатынын түсіну қажет. Дегенмен, қазақстандық классик кинематографшылардың ерекше бағыты сақталса екен деймін.

 

Әңгімелескен Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса