È

Топ-10 еліміздің белгілі операторлары

Топ-10 еліміздің белгілі операторлары

Көбіне кинооператорлар назардан тыс қалып, атаң-даңқ оларды айналып өтеді. Алайда негізі осы адамдардың арқасында лента үлкен табысқа ие болады. Өйткені кино ең алдымен визуальды өнержақсы, сапалы картина көрерменді тартады. мінсіз кадр үшін еңбек талмай еңбек еткен операторлар кімдер? Олар үшін 650 респондент дауыс берді. Құрметті оқырман, сіздердің назарларыңызға өз мамандықтарына адал болған 10 кәсіби кинооператорды ұсынамыз.

10-ыншы орын - Асхат Ашрапов

Лидия және Асхат Ашриповтар

Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген қайраткері, 90-жылдары Қазақстанның Кинемотографистер одағының директоры болды. Ол «Сказ о матери», «Қыз-Жібек» және «Атаманның ақыры» секілді фильмдерді түсірді. Асхат Ашрапов 17 көркем және 15 деректі фильмді камераға түсірген.

 

9-ыншы орын - Әубәкір Сүлеев

Болат Сүлеевтің ағасы. Екеуі де ВГИК-те білім алған, өмірлерін киноөнерге арнаған. Сүлеевтер 6 картинада бірге жұмыс істеді. Әубәкір Сүлеев «Отырардың күйреуі», «Шілде», «Көшпенділер» секілді ірі фильмдерді түсіруге қатысты. Қазіргі кезде оператор Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА қабырғасында сабақ береді.

 

8-інші орында - Болат Сүлеев

Оператордың қоржнында 30 деректі және көркем фильм бар. Олардың ең танымалдары - «Где ты, Чапай?» және «Прыжок Афалины». Өкінішке орай, соңғы фильмі «Меч победы», осы фильмнің түсірілімінен кейін Болат Сүлеев арамыздан кетті.

 

7-інші орын - Ренат Қосай

Отандық кинемотограф, дыбыс режиссеры Қадыр Қосайдың ұлы, ол кино әлеміне жастайынан келді. Алғашқы операторлық жұмысы «Текемет» картинасы. «Қарой» фильміндегі операторлық жұмысы үшін ол «Дух огня» ХКФ үздік операторларға берілетін жүлдесін жеңіп алды. Кино саласы бойынша президент шәкіртақысының иегері Ренат оператор психологпен тең, ол режиссерды деп есептейді.

 

6-ыншы орын - Александр Рубанов

«Қош бол, Гүлсары!», «Заговор Оберона», «Сіз кімсіз, Камырза?» фильмдерін түсірген қазақстандық оператор. Ескі операторлық мектептің өкілі Рубановтың айтуынша жақында оператор туралы классикалық түсінік жоғалды. "Бүгінде камераны қолға алғанның бәрі өзін оператор деп есептейді, бірақ олай емес", дейді шебер.

5-інші орын - Ескендір Нарымбетов

Белгілі Один из сыновей известного казахстанского режиссера Сатыбалды Нарымбетова. Ескендірдің айтуынша, оны әкесі жастайынан жақсы киноға баулыған. Ұзақ жылдар телеарналарда оператор болып қызмет еткен ескендір үлкен киноның жолын таңдады: ол «Мұстафа Шоқай» фильмінің екінші операторы және «Рэкетир» фильмінің бірінші операторы болды. Әке мен бала тандемі «Аманат» тарихи драмасы, бұл фильм 2017 жылдың «Оскар» жүлдесіне ұсынылды.

4-інші орын - Азиз Жамбакиев

Фото: Cosmopolitan Kazakhstan

Қазақстандық қоюшы-оператордың есімі шетелдерде де білгілі. Непал режиссерымен бірлесіп түсірген «Черная курица» фильмі де «Оскар» киножүлдесіне ұсынылған. «Асланның сабақтары» фильміндегі операторлық жұмысы үшін Жамбакиев берлин кинофестивалінде «Күміс аю» жүлдесімен марапатталған.

 

3-інші орын - Хасанбек Қыдырәлиев

Фото: Николай Постников

Қырғыз және қазақ киносының мэтрі, П. Лебешев атындағы жүлденің иегері. Өзінің шығармашылық жолында Қыдырәлиев көптеген қазақстандық режиссерлермен бірлесіп жұмыс істеді. Олардың арасында Ақан Сатаев, Ермек Тұрсынов, Рүстем Әбдрәшев және басқа да белгілі режиссерлер бар. 2016 жылы «Анаға апарар жол» картинасындағы «Үздік операторлық жұмыс» үшін ол «Тұлпар» ұлттық жүлдесіне ие болды.

 

2-ші орын - Мұрат Нұғманов

Есімі «Игла» фильмі арқылы белгілі еліміздің танымал операторлардың бірі. Табысы еңбегінен кейін Мұрат Нұғманов «Дикий Восток», «Құрақ көрпе», «Качели любви» фильмдерін түсірді. Соңғы жобасы «Жаңғақ ағашы» картинасы 20-сыншы Пусан халықаралық кинофестивалінде New Currents секциясы бойынша жеңімпаз атанды

1-ші орын - Азамат Дулатов

Фото: Канат Бейсекеев

Жас, дарынды оператор, оның есімі жұртшылыққа жақсы таныс. Қызмет жолында ол 20 киножоба мен видеожұмыс түсірді. Ол 2016 жылдың «Сыншылар таңдауы» бойынша өз саласының үздігі деп танылды. Жақында ғана түсірілген «Тараз» фильмі оған Лос-Анджелесте өткен Genre Celebration Film Festival халықаралық фестивальда «Үздік операторлық жұмыс» номинациясы бойынша жеңіс әкелді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер