È

Топ-10 махаббат туралы әсерлі фильмдер

Топ-10 махаббат туралы әсерлі фильмдер

Жұбайлар қол ұстасып отбасылық өмірге қадам басқан кезде «қуанышта да, қайғыда да, өле-өлгенше бірге боламыз» деп бір-біріне ант береді. Махаббат туралы романдарда бір-біріне шын ғашықтарды тіпті өлім де ажырата алмайтыны жазылады. Мұны мәңглік махаббат туралы 10 әсерлі картина дәлелдейді. Беторамалдарыңызды қолдарыңызға алып, жайғасып отырыңыздар...

 

P.S. Я люблю тебя

Сесилия Ахерннің осы аттас романының желісі бойынша Ричард Лагравенездің түсірген фильмі көрерменді бір жарым сағат бойы жылатады.Актерлер Хилари Суонк пен өте тартымды Джерард Батлердің ойынынан ләззат аласың.

Өкінішке орай, ажал айтып келмейді. Джерри мен Холли де басқа отбаслық жұптар секілді ұрсысып қалады, бір-біріне өкпелейді, бірақ ешқашан біріне бірі жақсы көрмеймін деген сөзі айтқан емес. Олар бірге қартайып, о дүниеге де бірге барамыз деп ойлайтын, бірақ тағдыр оларға бір болуды жазбады. Джерри науқас, жақында сүйіктісін жалғыз қалдырып кете бармақ. Өлер алдында ол сүйіктісі Холлиге арнап 7 хат қалдырады, бұл хаттар Холлидің күйзелістен шығуына көмектеседі, ары қарай өмір сүруге үйретеді. Әр хатта қарапайым ғана фраза жазылған «P.S. Мен сені сүйемін».

«Өзге жанға ғашық болудан қорықпа, өзіңді сүйетін жан саған белгі бергенше күт, сонда ғана өткен өміріңнен асылтай аласың! P.S. Мен сені өмір бойы сүйіп өтемін!».

 

Сладкий ноябрь

Осы картинадағы рөлі үшін Шарлиз Терон «Перл-Харбор» деп аталатын әскери-тарихи фильмніне түсуден бас тартты. «Сладкий ноябрь» 2001 жылы «Золотая малина» жүлдесіне ұсынылды, бұл картина көрерменнің махаббат туралы ең сүйікті лентасына айналды.

Жарнамашы Нельсон Мосс шікірейіп костюм киіп, табысты келісімшарттар жасаумен айналысады, оның өмірі өзіне ұнайды. Бірде ол өте тартымды, өзгелерден ерекше бойжеткен Сара Дивермен танысады. Нельсон үшін бұл кездейсоқ кездесу, ол өзінің сұп-сұр әлемінен сытылып шы,ғуға мүмкіндік алды. Сара оны өзінің кезекті «науқасы» деп қабылдайды және оған махаббатқа толы қараша айын арнамақ болады.

«Менің мақсатым біреу - сен сүю. Өміріңнің әрбір сәтінен әззат алу үшін сені бақытты ету. Қараша — бұл бүкіл өмір. Басқа ештеңенің керегі жоқ...».

 

Спеши любить

Картина атақты жазушы Николас Спаркстің «Спеши любить» романының желісі бойынша түсірілді.Ол махаббат оқиғаларының шебері емес пе. Джеймиді ойнаған Мэнди Мур жақсы әнші болып шықты, ол картинада бірнеше нәзік, әсерлі компазицияларды орындады.

Жастық деген ғажап қой. Алғашқы махаббат – ең күшті, ең кіршіксіз, ең әсерлі сезім. Лэндон Картер (Шейн Уэст) –мектептегі ең сымбатты, қыздардың жүрегін жаралағашы жігіт. Бірде ол оқу озаты, мектептегі ең салмақты қыз Джэймиден көмек сұрауға мәжбүр болады. Қыз оған көмектесуге келіседі, бірақ бір шарт қояды. Сыныптасы өзіне ешқашан ғашық болмауы керек. Лэндон ойланбастан келісе кетеді, бірақ ол өзінің қызға берген сертінде тұрудың қаншалықты қиын болатынын сезбейді де.

«Біздің махаббатымыз жел сияқты: көзге көрінбейді, бірақ сезінесің».

 

Осень в Нью-Йорке

«Осень в Нью-Йорке» Джоан Чэньнің режиссер ертіндегі екінші фильмі. вКиноиндустрияда ол «Последний император» және «Вожделение» картиналарына түскен актриса ретінде белгілі. «Осень в Нью-Йорке» мелодрамасының басты рөлінде Голливуд секс-символы Ричард Гир және Вайнона Райдер ойнайды, олардың шығармашылық бірлестігі көрерменді бейжай қалдырмады. Экрандағы жұп «Сладкий ноябрь»секілді 2001 жылы «Золотая малина» жүлдесіне ұсынылды.

Кәсіпкер әрі қызқұмар Уилл Кейн көңіл көтеру үшін жас Шарлоттамен танысады. Сол кезде қыз өзінің 22 жасқа толған туған күнін Уилдің мейрамханасында атап өтіп жатқан болатын. Жай ғана көңіл көтеруден басталған қарым-қатынас махаббатқа ұласады. Бірде қыз өзінің қатты науқас екенін, бір жыл ғана өмірі қалғанын айтады. Уилл бұған қанша көнгісі келмесе де, қызды аман алып қалуға барын салса да, қолынан келер шара жоқ.

«Бұл бұрыннан белгілі. Өмірде махаббат оқиғасының екі-ақ түрі бар. Не жігіт қызынан айырылады, не қыз жігітінен. Бұл солай, бұл солай. Әйтеуір біреу жалғыз қалады».

 

Виноваты звёзды

Фильм жарыққа шыққанға дейін Джон Гриннің «Виноваты звёзды» кітабы жарық көрді. Роман бірден танымалдыққа ие болды, кинематографистер Хэйзелдің оқиғасын бірден экранға шығарды. Рөлге қызығушылық танытқан актриса Шейлин Вудли, бірақ романның авторы оны басты рөлге сай келмейді деп есептеді. Бірақ Шейлин сынаққа келе бастағанда барлық түсірілім тобы актрисаның ойынына тәнті болды, осыдан кейін бұл рөлге басқа үміткерлер туралы сөз қозғаудың өзі артық болды. Шейлинге жұп болған Энсер Элгорт.

Хэйзел жазылмайтын дертке шалдыққан, қатерлі ісік. Ауру бір мезетке бәсеңсігенмен, қыз үшін өмірдің еш мәні жоқ. Жас қыз өзіне қолдау табу үшін түрлі кештерге барады, осындай кештердің бірінде ол Огастус Уотерспен танысады. Бұл кездесу тағдырдың жазуы болса керек. Екеуі бірге естен кетпес саяхатқа аттанады, сөйтіп олар қандай кезде де өмірдің мәнін табуға болатынын дәледейді.

«Ол оқып отырған кезде әдетте маужырап ұйықтап кететініміз секілді баяу ғашық бола бастадым, кейін бірден сүйіп қалдым».

 

Ты, мой дом

Махаббат туралы әсерлі фильмді 2012 жылы түрік режиссері Озджан Дениз түсірді. Ол с актриса Фахрийе Эвдженмен бірге ьасты рөлді ойнады.

Олардың танысуы да қарапайым: қыз басынан сатқындықты өткергеннен кейін әкесінің үйіне қайтып оралады. Ал жігіт өзін өзі түсіну үшін ұзақ жылдар жалғыз өмір сүрді. Олардың жолы түйісіп, бір-бірінен жұбаныш тапты. Бірақ тағдырға сеніп, сзімге берілуге бола ма? Мүмкін оларға өмір тағы да сынақтар әзірлеп қойған болар?

«Бір сәттерде кейбір адамдардың сенің жүрегіңде мәңгі қалатынын, бірақ өміріңде болмайтынын түсінесің».

 

Сейчас самое время

«Өмір сүр. Сүй. Арманда» - мелодраманың негізгі ұраны. «Сейчас самое время», жазушы Дженни Даунхэмнің 2007 жылы шыққан «Пока я жива» романының желісі бойынша түсірілген.Табынушылар кітаптағы оқиғаның экранға шығуын Экранизацию 5 жыл күтті. Фильмді көрерменге сылаған британдық режиссер Ол Паркер.

Тессе (Дакота Фаннинг) небәрі 17 жаста, ол қарапайым америкалық жасөспірімдер секілді өмір сүргісі келеді. Бірақ оған ауыр дерті мүмкіндік бермейді.Қыз өзі үлгеруге тиіс істердің тізімін жасайды. Қыз біртіндеп ойындағысын жүзеге асырып жүреді, бірде ол өзінің көршісі Адамды (Джереми Ирвин) кездестіреді. Осы кезде жоспарының быт-шыты шығды, өйткені оған уақыт көп керек екен.

«Оның кеткен сол-ақ екен, мен оны мсағынып үлгердім. Ол менімен бірге емес кезде, мен оны ойдан жасап алғандай әсерде боламын».

 

Небо любви

Осы аттас роман ең алғаш рет мобильді әдебиет үшін сайтқа жарияланды. Автор Мик деген атаумен тіркелген.Қысқа ғана уақыттың ішінде «Небо любви» шығармасын 20 миллион адам оқиды. Кітаптың соншалықты танымалдыққа ие болғаны соншалық, оның сюжеті бойынша толық метр, сериал түсірілді.

Жоғары сыныптың оқушысы Мика (Юи Арагаки) жігіт туралы ойлайтын басқа сыныптастарына ұқсамайды. Оның жүрегі әлі махаббат сезімін сезінбеген. Бірде Мика Хиро (Харума Миура) есімді жас жігітпен танысады, қысқа ғана уақыттың ішінде оның өмірі түбегейлі өзгеріп шыға келеді.

«- Неге сен аспанды сонша жақсы көресің?
- Себебінің керегі не? Жақсы көру үшін ешқандай себептің керегі жоқ?».

 

До встречи с тобой

«До встречи с тобой» - экрандалған шығармалардың бірі, осы шығарманы оқыған соң армандағың, жылағың келеді.«До встречи с тобой» романын Джоджо Мойес 2012 жылы жазған. Роман жарыққа шыққанан кейін оқырмандар фильм түсіріле ме екен деген қызығушылық таныста бастады. Басты рөлде кім ойнайтыны туралы айтыс-тартыс көп болды. Әйтеуір, міне шілде айында 4 жылдан бері күтілген Те Шэррок картинасының тұсаукесері болды.

Лу Кларк (Эмилия Кларк) қаржыдан қатты қысылады, сондықтан кәсіпкер Уилл Трейнордың (Сэм Клафлин) күтушісі болуға бірден келіседі. Оқыс жағдайдан кейін Уилл мүгедектер арбасына таңылған еді. Бұрын өте сымбатты, табысты болған жігіт мүгедек болып қалған соң өзіне қол салмақ болады. Өйткені бұрынғы өмірі есіне түскен сайын ол қатты күйзеледі. Оның шешімін ешкім өзгерте алмайды, тіпті Лу да, өйткені махаббаттың өзі біздің толық бақытты болуымыз үшін жеткіліксіз.

«Өз тәжірибемнен білемін, бір кесе шай ішкеннен кейін шешілмейтін мәселе жоқ…».

 

Адель

Асқар Бисембинді журналистер «Үйлену тойының режиссеры» деп атап кеткен. Бұл жолы режиссер соңы ерекше аяқталатын мелодрамамен таң қалдырды. Басты рөлдерді орындаған Берік Айтжанов және Әсел Сәдуақасова, Әселдің родюсер ретіндегі бұл алғашқы дебюті.

Оқыс жағдайдан кейін Бекжан сүйікті ісімен айналысуды қойып кетеді. Шығармашылықты қойған соң ол отбасынан, атағынан айрылады. Дертінен айығуына, өмірге қайта оралуына ешқандай мүмкіндігі жоқ деп есептеп жүргенде ол көршісі Әделмен танысады. Әдел оның өміріне жарқын бояу енгізеді. Уақыт өте келе кейіпкер өмірге қайта оралу керектігін түсінеді.

«Махаббатты енгізіңіз, ол сізге тірілтеді».

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Іңкәр Әбдіраш

Актриса

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер