È

Францияда Қазақ киносының фестивалі өтті

Францияда Қазақ киносының фестивалі өтті

Қыркүйектің 26-ы мен 29-ы аралығында Парижде өткен Қазақ киносының фестивалі аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген фильмдер естелік жүлделермен марапатталды.

Париждегі Cinéma Le Lincoln кинотеатрында төрт күн ішінде отандық кинотуындылар, оның ішінде «Қазақфильм» киностудиясының фильмдері көрсетілді. Аталған фестивальді Қазақстанның Франциядағы елшілігі қолдауымен Қазақ киносы қауымдастығы (Франция) ұйымдастырған.

Мәдени іс-шараның негізгі мақсаты кинематография саласындағы екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ көрермендерді Қазақстанның қазіргі киносымен таныстыру.

Қазақ киносының фестивалі «Айка» фильмімен ашылды. Бұл кинотуындының көрсетілімі Канн фестивалінде «Үздік әйел адам рөлі» жүлдесімен марапатталған актриса Самал Еслямова және фильмнің режиссері Сергей Дворцевойдың қатысуымен өтті.

Режиссер Рүстем Әбдірашев және актриса Мадина Есманова осы фестиваль барысында көрермендерге «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи фильмін таныстырды. Сондай-ақ «Анаға апарар жол» фильмінің көрсетілімінде Алтынай Нөгербек және Аружан Жазылбекова, ал Әміре Қашаубаевтың өмірі туралы баяндайтын режиссер Джефф Веспаның «Әміре» фильмінің таныстырылымында актер Санжар Мади қатысты.

Айта кетсек, фестиваль барысында Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» және Фархат Шәріповтың «Тұлғалық өсу тренинг» фильмдері, сондай-ақ Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлуғазы түсірген «Мұзбалақ» анимациялық фильмі көрсетілді. Мәдени іс-шараның жабылу салтанатында режиссер Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмі көрсетіліп, барлық қатысушыларға естелік жүлделер табысталды.

Сонымен қатар фестиваль шеңберінде Виктория Якубованың «Олма Джон» көркем фильмі, Дана Мұсаның «Киелi би» және Айжан Қасымбекованың «Су» атты қысқаметражды фильмдер көрсетілді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

«Жаралы періштенің» қазақстандық тұсаукесері

Алматыда «Арман» кинотеатрында 13 мамыр күні «Жаралы періште» фильмінің тұсаукесері өтеді. Бұл картина Қазақстанда көрсетілгелі отырған Эмир Байғазиннің екінші режиссерлық жұмысы.

Айнур

Казахстанское кино

21 Апреля, 2016

Аңыз адам туралы фильм

«Менің атым Қожа», «Алпамыс мектепке барады», «Бауырым менің», «Ана мен бала» киноленталарын әрбір қазақстандық көрермен біледі. Ал осы фильмдерді жасаушы Абдолла Қарсақбаевтың есімі де ел аузында. Кинемотография тарихында елеулі із қалдырған, қазақ киносының әкесі атанған ұлы тұлғаның өмірі жайлы фильмді Қарсақбаевтың ұлы Тоқтар Қарсақбаев түсірді. 

Айнур

Мнения

19 Шілде, 2020

Қазақстандағы кинофестивальдер қозғалысы

Қазақстан кинофестивальдерінің бағыт - бағдары, деңгейі және пандемия жағдайындағы мәселелер төңірегінде кинотанушылардың пікірі

Brod.kaz

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер