È

«22 миль»: Марк Уолберг суперагенттің тәсілін көрсетеді

«22 миль»: Марк Уолберг суперагенттің тәсілін көрсетеді

STX Films студиясы режиссер Питер Бергтің («Теңіздегі шайқас», «Терең көкжиек») «22 миль» экшн-триллерінің соңғы трейлерін жарыққа шығарды. «Аман қалған» және «Патриот күні» саяси триллерінен кейін Берг басты рөлді Марк Уолберг («Әлемнің бар қаржысы», «Қош келдің, әке, Жаңа жыл!») сомдаған «Теңіздегі шайқас» бағытындағы экшнге қайта оралды. Сонымен қатар, фильмге барлығына «Рейд» франшизасы арқылы танылған атыс-шабыс кейіпкері Ико Уайстың қатысуы назар аудартады. Жалпы, Уолберг немесе Уайс – кімнің алдағы тұсаукесерге көп қызығушылық тудыратынын айту қиын.

«22 миль» негізіне элиталы ОББ бөлімшесінің қызметкері Джеймс Сильваның (Марк Уолберг) хикаясы жатыр, ол құнды ақпаратты білетін барлау агентін (Ико Уайс) Индонезиядан тауып әкелуі тиіс. Осылайша, Уолбергтің кейіпкері өмірге аса қауіпті 22 мильді жүріп өтуге мәжбүр болады. Қазіргі таңда Умэйр Алим сценарийі бойынша атыс-шабыс фильмінің жалғасы дайындалып жатыр, ал STX Films амбициясы жаңа франшизаны құруға бағытталуда. Жалпы, «22 миль» бүкіл әлем бойынша кинотеатрға шыққанда бірнеше уақыттан соң бұл идеяның болашағы белгілі болмақ.

«22 миль» экшн-триллері 2018 жылдың 23 тамызынан бастап айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер