È

Марк Уолберг Геннадий Головкиннің сыйлығына ие болды

Марк Уолберг Геннадий Головкиннің сыйлығына ие болды

Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2017 жыл қорытындысы бойынша Голливудтағы ең жоғары сыйақы алатын бестіктің көшін бастап тұрған актер Марк Уолбергпен («Трансформерлер: Соңғы сарбаз» және «Қош келдің, әке, Жаңа жыл! 2») кездесті.

Геннадий ұлттық ою-өрнектері бар қолғапқа өзінің қолтаңбасын жазып, Маркке сыйға тартты. «Марк Уолберг және Головкинге қонақ болу керемет қой. Күрескер мен чемпион», - деп жазған өзінің Instagram-дағы парақшасына Головкиннің промоутері Том Леффлер.

Геннадий Головкин – WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы болып табылатын танымал қазақстандық боксшы. Былтырғы жылдың қыркүйек айында Марк Уолберг Головкиннің мексикандық Сауль «Канело» Альвареспен болған жарысына келесідей пікір білдірген: «Головкин (GGG) бұл жарыста жеңіске жетті. Тең есепті жарыс боксшының реванш алуына жақсы мүмкіндік».

Биылғы жылдың 5 мамырында Головкин мен Альварес Лас-Вегастағы T-Mobile аренасына қайта шықпақ.


Подробнее: http://vesti.kz/profi/247288/
Любое использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на Vesti.kz

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

5 наурыз 2018, 01:46

Ждем бой победы, Геннадий выиграет этот бой. Да будет победа за ним.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер