Нұртас Адамбай Геннадий Головкин туралы фильм түсіруді ұсынды
Отандық режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай Геннадий Головкиннің өкілдеріне боксшы туралы биографиялық фильм түсіру ұсынысын айтты. Режиссер өзінің идеясын және аталған ұсыныс жөнінде Facebook парақшасында бөлісті.
«3 ай бұрын Головкиннің PR менеджеріне «Гена туралы фильм түсірсек жақсы болар еді» деп жазған едім. Өйткені, ол қазіргі таңда әлем бойынша ең танымал қазақстандықтардың бірі. Біздің даламыздың нағыз батыры! Бойжеткен мұндай ұсыныстардың көптеп түсіп жатқанын және менің де ұсынысымды боксшыға жеткізетінін айтты.
Бірақ әзірге хабар жоқ. Олар әйтеуір Гена туралы кино түсіруге келісімдерін беретін шығар. Оның бүгінгі таңда 4 белбеулі чемпион екенін пайдаланып қалу керек. Головкин туралы киноның өзекті тақырып екенін мойындауымыз қажет».
Генадий Головкин
Нұртас Адамбайдың пікірінше, картина мемлекет үшін беделді жобалардың бірі болар еді. Ол тіпті, осындай фильмге баласын да ертіп баратынын жасырмады.
Режиссер Today.kz-ке берген сұхбатында аталмыш жобаға режиссер болуды мақсат тұтпайтынын жеткізді. Ал егер де ұсыныс түсіп жатса, қуана келісетінін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өткен жылы министрліктің Тимур Бекмамбетовпен бірігіп, Геннадий Головкин туралы деректі фильм түсіруді жоспарлап жүргенін айтқан болатын.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін