3 маусымда Арнольд Шварцнеггердің орындауындағы атақты киборгтың үлкен экранға шыққанына жиырма бес жыл толыпты. Шварцнеггер осы күнді елеусіз қалдыра алмады. ол өзінің Facebook парақшасына негізгі фильмге кірмей қалған кадрлардың видеоларын жариялады, осыған қатысты постында Джеймс Камерон мен жобаның түсірілім тобына алғыс білдірді. Оның айтуынша, сол кездегі жұмыс естен кетпестей болды.
«Терминаторда» адамдар мен «Скайнет» кибермашиналарының қақтығысы баяндалады. Франшиза бес бөлімнен тұрады, оның төртеуінде Арнольд Шварцнеггер адамазатты қорғаушы киборгтың басты рөлінде ойнады. «Терминатор: Да придет спаситель» бөлімін Шварцнеггер жақтырмай, түсірілімнен бас тартқан болатын. Ол кезде басты рөлдерді Кристиан Бэйл және Сэм Уортингтон ойнады.