Айсұлтан Сейітов пен Азамат Дулатов Иван Дорнға арнап бейнебаян түсірді

Танымал әнші Иван Дорн «Afrika» туындысының бейнебаянын жарыққа шығарды. Бейнебаян түсіріліміне жас режиссер Айсұлтан Сейітов пен қоюшы-оператор Азамат Дулатов атсалысты.
Бейнебаян түсірілімі Африкадағы Угандада өткен. Бес минуттық бейнежазбада кейіпкерлер этникалық ырғаққа билейді. Бейнебаянға угандалық Masaka Kids Africana хореография студиясының оқушылары қатысты.
«Бұл 2017 жылы біз қатысқан ең тамаша жоба шығар. Әлі есімде, осы трекке арнап түнімен сценарий жазып, Киевтегі түсірілімді, образды ойлап жүргенімде, таңертең Ваня хабарласып: «Досым, бәрін таста, Угандаға ұшамыз!» деді. Бірнеше күннен кейін Аза екеуіміз Угандаға ұшып кеттік. Сол жақта өткізген бір аптамыз әсерлі болды. Ол басқа ғаламға жасаған саяхат секілді еді. Пароммен бір аралдан екіншісіне бардық, ормандардан локация іздедік, Уганданың геттосын немесе қымбат қонақ үйлерін араладық. Нашар жұмыс істейтін Redи, жергілікті халықтан жалға алған сызылған Rokinon линзалары біздің сағымызды сындыра алмады! Бес еріктіден тұратын біздің қазақ-украиналық тобымыз назарларыңызға «Afrika» бейнебаянын ұсынады, жайлы көрсетілім тілейміз!» (Пунктуация мен орфография өзгертілді. – Ред.), - деп жазды Instagram-ға Айсұлтан Сейітов.
Еске сала кетсек, бұл Айсұлтанның шетелдік орындаушылармен жасаған алғашқы жұмысы емес. Бұрын ол Иван Дорнға арнап, «Collaba» әніне бейнебаян түсіріп берген.
Бейнебаян көп көрсетілімге ие болуда. Оны жарты миллионнан астам адам бағалап үлгерді.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін