Айжан Байзақова: «Некеден бақыттырақ боламын деп ойламаймын»
Айжан Байзақова тұрмысқа шығуға асықпайтынын тағы да айтып өтті. Актрисаның айтуынша, ол үшін төлқұжаттағы мөр ештеңені білдірмейді, бастысы – бір-біріне деген шынайы сезім. Оның үстіне, Айжан әзірге жеке әлемімен бөлісуге дайын емес көрінеді.
«Көпшілігі: «Сені кім алады, осылай жалғыз қаласың» деп жазып жатады. Мен тұрмысқа шықсам, бақытты болатыныма кім кепіл. Жоқ, мен некеге қарсы емеспін, тек некеден бақытты боламын деп ойламаймын. Мен жалғыз тұрып үйренгенмін, тіпті, басқа біреудің тіс жуатын шөткесі менің жуынатын бөлмемде тұратынын ойлағым да келмейді немесе сүйікті деректі фильмдерімді көруге, біртүрлі музыкамды тыңдауға біреудің кедергі келтіргенін қаламаймын.
Маған өзімнің жеке кеңістігім әрдайым қажет. Менің ойымша, нағыз махаббат мөрленуге міндетті емес. Егер бір-біріңізбен бірге жүріп-тұру ыңғайлы болса, ешқандай мөрсіз Ямайкада да қол ұстасып өтесіз. Сондықтан, мен үшін алаңдамай-ақ қойыңыздар, мен өзімнің ессіз адамымды тауып аламын», - деп бөлісті пікірімен Instagram-да Айжан.
Сонымен қатар, бойжеткен адам өз-өзімен жалғыз қалғанда да көңілді болса, шынайы бақытты болатынын қоса кетті.
Еске сала кетсек, алдыңғы жолы Айжан Байзақова үйлену тойына дейін апарған алғашқы шынайы қарым-қатынасы туралы айтып берген болатын.
Превью: Айжан Байзақованың Instagram-дағы жеке парақшасынан
2 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
24 мамыр 2018, 02:09Ну быть счастливым выбираю люди сами себе эту судьбу.
Murat
11 маусым 2018, 19:25Ссылку на данную статью я увидел на странице сайта мэйл.ру где данная статья была подана следующим образом: "Казашка Айжана Байзакова не хочет выходить замуж за казаха". И само собой возникает вопрос, кому это надо так подставлять человека. Ведь нигде ни словом она не говорит что дело именно в её родной нации. Сдается мне что это целенаправленная работа прокремлевских ботов, стабильно и методично раскачивать лодку в соседних государствах, задевая национальные чувства других национальностей, якобы "ненароком" разжигать скандалы внутри других сообществ чтобы вспыхнул конфликт внутри нас, тех кто чутко реагирует на национальный вопрос. Я даже не знаю кто эта девушка которая просто не хочет выходить замуж, и ни при чем здесь национальность. Я думаю, встретит она еще того кому захочет отдать свое сердце, а пока ей дорога её свобода и она ценит текущий момент свей жизни. Пожелайте просто удачи красавице и не используйте её в своих грязных шовинистических играх.