È

Астанада Айжан Байзақованы белгісіз еркек бауыздай жаздады

Астанада Айжан Байзақованы белгісіз еркек бауыздай жаздады

Бірнеше күн бұрын Айжан Байзақова Астанадағы шабуылдың құрбаны бола жаздады. Елордадағы клубқа келушілердің бірі актрисаны балағаттай бастаған. Бойжеткен күзетшілерден оны шығарып тастауын өтінгенде, олар оның ықпалды адам екенін айтқан. Айжан болған оқиға жайлы Telegram-да толығырақ айтып берді.

«Ол таңғы 9-ға дейін мені бауыздау үшін клубтың алдында күтіп тұрған. Оған ешкім ештеңе істей алмады. Жанжалда болған астаналық бірде-бір жігіт оған қарсы келе алмады, керісінше, ештеңе естімегендей кейіп танытты. Міне, сіздерге Астана. Өркендеуші қала»,- деді Байзақова.

Бір жақсысы, актриса ешқандай зардап шеккен жоқ. Дегенмен, бойжеткен жақын арада ол азаматтың суретін әлеуметтік желіге жүктеуге уәде берді.

Айжан Байзақова оған Шымкентте ешкім ауыр сөз айтып, ренжітпегенін айта кетті.

 

Превью: Айжан Байзақованың Instagram-дағы жеке парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер