È

Айжан Байзақоваға есірткі пайдаланды деген айып тағылды

Айжан Байзақоваға есірткі пайдаланды деген айып тағылды

Актриса әрі блогер Айжан Байзақоваға наркологиялық сараптамадан өтуге тура келді. Жол полициясының қызметкері бойжеткенді «есірткі пайдаланып көлік жүргізді» деп айыптап, наркологияға талдама тапсыруға жеткізді. Жағымсыз жағдаймен бойжеткен Инстаграмдағы жеке парақшасы арқылы бөлісті:

«Бір ай бұрын. Уақыт, балалар, күндізгі сағат 2-3 шамасы. Мен Сатпаевтің бойымен Фурмановқа жетпей кетіп бара жатқан едім, бір кезде оңға тоқтауымды өтінді... Жарайды, құжаттар өзімде, қай жерде жол ережесін бұздым деп ойладым? Маған қызметкер келіп, артық сөзсіз сараптамаға бірге баруымды өтінді, олар мені есірткі пайдаланды деп ойлаған. Мен қатты таң қалдым. Кешігіп бара жатсам да, бірге баруға келістім. Ол менің рөліме отырды да, осылайша наркологияға тартып кеттік».

Айжан Байзақованың жеке Instagram парақшасынан
Айжан Байзақованың жеке Instagram парақшасынан

Айжанның айтуынша, наркологиялық орталыққа барар жолда қызметкер одан мойындауды талап еткен. Алайда, бойжеткен өз көзқарасын білдіріп, соңына дейін барды да, есірткі пайдаланбағанын дәлелдеді.

«Ол мұны күтпеген сияқты. Әрине, қорытындысы керісінше болып шықты, зәрден алкоголь де, есірткі де табылмады. Мен сол парақшаны абыроймен алып тұрсам, қызметкер маған: «Кешірім өтінемін, сіздің есірткі пайдаланғаныңызға сенімді едім, өйткені сіз Байзақовасыз ғой», - дейді. Содан??? Мен күндіз шегіп алып, рөлге отырады дейсіз бе? Менің арықтығым нашақор екенімді білдірмейді ғой. Мен шөп шекпеймін, сондықтан әуре болмаңыз», - деп түсіндірді актриса.

Айжан Байзақова әңгімесінің соңында жол полициясымен арадағы мәселені ешқашан пара беріп шешпейтінін, айыппұлды адал ниетпен төлейтінін айта кетті.

 

Превью: Айжан Байзақованың жеке Instagram парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер