Актриса Сая Оразғалиеваны тонап кетті
Актриса Сая Оразғалиеваның («Бәрі еркектердің кесірінен», «Тоқал») пәтерін белгісіз үш жігіт тонап кетті. Бұл туралы актриса өзінің Instagram парақшасы арқылы хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, оның пәтері екінші мәрте тоналып отыр. Бірінші рет осы секілді оқиға былтыр болған.
«Біз отбасымызбен азық-түлік алуға кеткенбіз. Үйде 40-минутқа жуық болған жоқпыз. Қайтып келген кезде олар (тонаушылар – ред.ескертуі) әлі де біздің пәтерімізде болған. Аллаға шүкір, анам сатып алған заттарды ыңғайластырып, бірнеше минут далада жүрді. Мен дүкенге су алып келемін деп қалған болатынмын. Ал ұлымды бөтелке алып келу үшін үйге жібергенмін... Егер анам бірнеше секундқа үйге тез кіріп кеткенде... не болар еді, тіпті ойлағым да келмейді»,-делінген жазбасында.

Суреттер Сая Оразғалиеваның Instagram парақшасынан алынды
Сая Оразғалиева үйінің тоналғанын білген соң, бірден полиция мен үй күзетінің қызметкерін шақырған. Бейнебақылаудан пәтерге енген тонаушылардың түрлері анық көрінеді. Пәтерді үш жас бала тонап кеткен. Актрисаның мәлімдеуінше, тонаушылардың кім екендігін анықтайтын нақтыланған дәлелдерге қарамастан, тергеу жұмыстары ұзаққа созылатын секілді.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін