È

Александр Сокуров Екінші дүниежүзілік соғыс саясаты туралы фильм түсірмек

Александр Сокуров Екінші дүниежүзілік соғыс саясаты туралы фильм түсірмек

Көптеген халықаралық фестивальдердің лауреаты, ресейлік режиссер Александр Сокуров («Франкофония», «Фауст») Екінші дүниежүзілік соғыс саясаты туралы фильмнің түсіріліміне кірісті. Режиссер картинамен Италияда және Ресейде айналысып жатыр. Бұл туралы картинаның қосалқы продюсері Алена Шумакованың сөзіне сүйене отырып, ТАСС хабарлады.

Таспа Бенито Муссолини, Адольф Гитлер, Иосиф Сталин және Уинстон Черчиллді қамтиды. «Бұл өткен жағдайды баяндайтын қияли фильм. Кейіпкерлер «ақыреттік» әлемде кездесіп, болған оқиғаларымен бөліседі, әлемдік қақтығысқа әкеп соққан жағдайларды баяндайды», - деді Алена Шумакова.

Бір ерекшелігі, бұл монтажды картина болмақ, Сокуров тарихи хрониканың көріністерін ғана пайдаланбақ. Кадрлар ойнамалы фильмге қарай бағытталады, ал монологтар мен диалогтар кадр сыртында айтылады. Дегенмен, фильмнің кей көріністерін жасау үшін хроникадағы қысқа кадрларды «созуға» тура келеді, оған арнайы эффектілер мен компьютерлі графика қолданылады.

Жобаға ресейлік Госфильмофонд және итальяндық «Институт Луче» атсалысты, екеуінде тарихи хрониканың архивтері көп жинақталған. Картина 2019 жылға қарай дайын болмақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер