«Алита: Өжет періште»: қауіп жағында
Lightstorm Entertainment студиясы режиссер Роберт Родригестің («Күнәлілер қаласы», «Мачете өлтіреді») «Алита: Өжет періште» фантастикалық эпопеясының үшінші трейлерін ұсынды. 90-жылдардың бірінші жартысында жарыққа шыққан Юкито Кисироның «Қарулар түсі» жапондық комикстер мангасының желісімен түсірілген бейімдеуге Джеймс Кэмерон («Аватар», «Титаник») продюсерлік етуде.
«Сені менің адам еместігім ұялта ма?», - деп сұрайды роликте басты кейіпкер Алита (Роза Салазар, «Тәрбиеші», «Лабиринтпен жүгіруші: Өлімге қарсы дәрі») кейіпкердің бірінен. Алита жағдайға орай немесе жеке қауіпінен аниме кейіпкерлеріне тән ерекше эмоционалды қаталдықпен күресе бастағанда, бұл сұрақтың жауабы трейлерде көрінеді. Салазар кейіпкерінің жақыннан ұрысу шеберлігін осы бейнебаяннан тамашалауға болады, ол көптеген киборг дұшпандармен алысады.
«Алита: Өжет періште» фантастикалық эпопеясы 2019 жылдың 14 ақпанынан бастап айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін