È

Әлия Телебарисова 3 жылдық үзілістен соң киноға қайта оралды

Әлия Телебарисова 3 жылдық үзілістен соң киноға қайта оралды

«Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы көпшілікке танылған Әлия Телебарисова кинодағы түсіріліміне қайта кірісті. Үш жылдық үзілістен кейін актриса «Шыңғыс хан қыздарының хикаялары» отандық фильмінде басты кейіпкердің образын сомдайды.

Кинотаспа «Сырғалым», «Қыздар» және «Айман мен Шолпан» хикаяларының продюсері Ильхам Жәлеловтың режиссерлік дебюті болмақ. Қоюшы толықметражды фильмдегі рөлдерге кастинг өткізген, оған Әлия Телебарисова да қатысты. Сынама қорытындысынан кейін бойжеткен басты рөлге ие болды. Оның түсірілім алаңындағы серіктестері - жас актерлар Вахид Изимов («Шатырдағы бұлт») және Ақниет Орынтай. Таспа түсірілімі Алматыда өтіп жатыр.

«Жаужүрек мың бала» фильмінен көрініс
«Жаужүрек мың бала» фильмінен көрініс

Әлия Телебарисова тұрмысқа шыққан соң ұзақ демалысқа кеткен. 2014 жылы олар үйлену тойларын жасап, Астанаға көшіп кетеді. Бойжеткен өзін отбасына арнап, қызы Алишаның тәрбиесімен айналысады. Ал енді актриса қайтадан киноэкранға оралмақ.

Еске салсақ, Әлияның актерлік мансабы 15 жасында басталған. Ол Ақан Сатаевтың «Ағайындылар» хикаясында дебют жасады. Кейін «Жаным», «Сыныптастар», «Ештеңеге қарамастан» хикаяларына және «Жаужүрек мың бала» көркем фильміне түседі. Актрисаның кейінгі картиналарының бірі қырғыз режиссері Руслан Акунның 2015 жылы шыққан «Менің қызымның батыры» комедиясы болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер