È

Сарапшылар Rotten Tomatoes-тың кассалық жинаққа әсер етпейтінін жеткізді

Сарапшылар Rotten Tomatoes-тың кассалық жинаққа әсер етпейтінін жеткізді

Картина айналымы Rotten Tomatoes ресурсы тарапынан болып жатқан негативті сын салдарынан зардап шегіп жатыр деген сыбысты жоққа шығаратын зерттеу жүргізілді.

USC компаниясы сараптама жобасының директоры Ив Бергквист Rotten Tomatoes-тағы төмен баға мен айналымдағы төмен көрсеткіштің арасында ешқандай байланыстың жоқтығын атап өтті. Маман 2000 жылдардан басталған бірнеше мың картиналарды зерттеп, осындай қорытындыға келген. Статистика ешқандай байланысты көрсетпеді.

Керісінше, продюсерлер айналымдағы төмен көрсеткіштерге кінәлі адамдарды іздей бастады. Дәл осылай Rotten Tomatoes сайты – киносынның агрегаторы назарға іліккен болатын.

Сарапшы соңғы бірнеше жыл ішінде 2017 жылдың көптеген студиялар үшін ең сәтсіз жыл болғандығын атап кетті.

Сонымен қатар, Бергквист сыншылардың блокбастерлерге жақсы қарайтынын байқаған. Ал сыншылар мен көрерменнің бағасы арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ, картина сәтті болған сайын ерекшелік мүлдем білінбейді. Көрермендер нашар фильмдерді өз беттерінше анықтауды үйренді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер