Антон Ельчиннің жасы небәрі жирыма жетіде еді. оның отбасы Антонның алты айлығында КСРО-дан қоныс аударған. Ол өткен ғасырдың тоқсаныныншы жылдарынан бастап фильмдер мен сериалдарда ойнай бастады. Актердің ең танымал рөлдері: «Звездный путь» фильміндегі Павел Чехов, «Терминатор: Да придёт спаситель» фильміндегі Кайл Риз.
Он тоғызыншы маусымда актер көлігін үйдің жанына қол тежегішімен қойған, бірақ машина тік жардан сырғанап кетіп, актерді кірпіш қабырғаға тақап, қағып кеткен. Нәтижесінде ол қайтыс болды. Өлімнің себептерін Лос-Анджелес полициясы анықтауда. Голливуд жұлдыздары Джей Джей Абрамс, Гельермо дель Торо, Анна Кендрик, Линдси Лохан және Оливия Уайлд осы жағдайға байланысты желіде көңіл айтты.