Арман Әсенов төртінші рет әке атанды
Кинопродюсер әрі актер Арман Әсеновтың отбасында көптен күткен толығу болды. Продюсердің әйелі төртінші баласын, ұлды дүниеге әкелді. Жанұяның жаңа мүшесін Альтаир деп атады.
«Жарым Эльвираның маған 45 жасымда мұрагерді, ал елімізге лайықты азаматты сыйлағанына қуаныштымын. Альтаир қасиетті Рамазан айында, жұма күні дүние есігін ашты. Біз есімді ұзақ іздедік, ақыры қыздарым Альтаир атты тамаша есімді ұсынды. Араб тілінен аударғанда «шарықтап жүрген бүркіт» деген мағынаны білдіреді. Маған бұл атау қатты ұнап қалды. Біріншіден, қалықтап жүрген бүркіт еліміздің көк туында бейнеленген, екіншіден, арабтар түбегіне шабуыл жасаған монғолдарды тоқтатқан араб әскерінің қолбасшысының есімі, сондай-ақ, жерден көрінетін Бүркіт шоқжұлдызының ішіндегі ең жарқын жұлдыз»,-деп айтып берді Арман Әсенов.
Еске сала кетсек, продюсер әйелімен бірге екі қыз - Ариэль мен Алтынайды және бір ұл Әмірханды тәрбиелеп отыр. Енді төртінші ұлдары қатарға қосылды.
Әсенов жақында Альтаирдың туылғанына қырық күн болғанын қазақ салты бойынша атап өтті. Ата-аналарды құттықтап, жаңа туылған сәбиге денсаулық тілегендердің қатарында отбасының туыстары мен жақындары және еліміздің кино қайраткерлері болды.






1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Болат Кисамбаев
5 тамыз 2017, 11:11Поздравляем!