È

Аружан Жазылбекова және Нұрлан Әлімжанов «The Steed» монғол фильміне түседі

Аружан Жазылбекова және Нұрлан Әлімжанов «The Steed» монғол фильміне түседі

Отандық актерлар Аружан Жазылбекова («Анаға апарар жол») және Нұрлан ӘлімжановТығырықтан жол тапқан») монғол режиссері Ганболдын Эрдэнэбилэгтің фильміне түсетін болды. «The Steed» деп аталатын тарихи картинаның түсірілімі жақын арада Монғолияда басталады.

«The Steed» («Жылқы») фильмінің сюжеті белгілі монғол аңызына құралған, яғни адам баласы мен сүйікті жылқысының арасындағы достық пен адалдық баяндалады. Хикаяға әр түрлі жерлердің кейіпкерлері қатысады, ал Қазақстан негізгі рөлді атқармақ. Авторлардың айтуынша, картина бірнеше елдердің мәдениетін біріктіріп, ауқымды халықаралық аудитория үшін Орта Азияның әдемі ландшафтарын ашып көрсетеді.

Кинотаспа өндірісімен Three Flames Pictures компаниясы айналысады, ол бірнеше жыл бойы Орта Азия мен Голливудтың фильмдер түсірілімімен жұмыс істеп келеді. Қазір компания KAZprofilm ұсынатын қазақстандық продюсер Надира Ахоновамен тығыз байланыста.

Айта кету керек, Three Flames Pictures бұрын Ганболдын Эрдэнэбилэгпен бірге жұмыс істеген. 2015 жылы екеуі «Father» фильмін жарыққа шығарған, аталмыш картина Қытайда көрсетілген алғашқы монғолдық көлемді жоба болды.

Фильмді американдық және монғолдық жақ қаржыландырады, ал дистрибьюторы – Sony Pictures Entertainment.

«The Steed» әлемнің 70 елінде көрсетіледі деп күтілуде, оның ішінде Қытай да бар, сонымен қатар халықаралық кинофестивальдерге де жол тартуы мүмкін.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер