Аружан Жазылбекова орталық ашты
Аружан Жазылбекова Praktika Arujazz атты жеке орталығын ашты. Енді кез-келген адам актрисамен жақынырақ танысып, онымен бірге түрлі хоббимен айналыса алады.
PRAKTIKA Arujazz – ашық шығармашылық кеңістік, ол жәрде әр адам Жазылбековамен бірге тоқумен және шет тілдерін (ағылшын және француз) үйреніп, йогамен айналыса алады.
«Мен йогаға сегіз жыл бұрын қызықтым, бірақ үнемі айналысатын мүмкіндік болмап еді. Кейде йоганың қыр-сырын меңгеруге тырыссам, кейде тастап кетіп жүрдім. Қазір, түсірілім көбейген сайын, йогамен айналысу өте қажет болып жатыр. Спорт залдарына баруға уақыт бола бермейді ғой, ал йогамен әрдайым айналысуға болады. Оның үстіне, йога денемді ғана күшейтіп қоймай, санамды тазартып, үйлесімділік пен тепе-теңдікті иеленуге көмектеседі. Барлығын менімен бірге йогамен айналысуға шақырамын»,-деп жазды актриса Инстаграмдағы парақшасына.
Praktika Arujazz шығармашылық кеңістігі Алматыда орналасқан. Орталыққа бару – ақылы.
Превью: Гаухар Омар
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
10 желтоқсан 2017, 01:54Вот я думаю, Творческая деятельность и дала плоды.