È

Аружан Жазылбекова ресейлік «Адаптация» сериалына түседі

Аружан Джазильбекова снялась в российском сериале «Адаптация»

Ресейлік «ТНТ» арнасында қазақстандық актриса Аружан Жазылбекованың қатысуымен «Адаптация» сериалы басталды. Комедиялық телефильм ГазПромға кіргісі келетін америкалық тыңшы жайлы. Сериалдың түсірілімі мен өзінің кейіпкері туралы актриса «Бродвей» кинопорталына әңгімелеп берді:

«Мен Сатане есімді қыздың рөлін ойнадым. Ол ненц тайпасының көсемінің қызы. Ненцтер - Ресейдің солтүстігіндегі шағын халықтың өкілдері. Олар бізге ұқсайтын болып шықты. Сатаненің әкесі өз халқының дәстүрін берік ұстанатын жан, ал оның қызы үнемі тәуелсіз болуға ұмтылады. Мені кастингте бағымды сынап көруге сериалдың кастинг-директоры шақырды, бірнеше бейнесынақтардан соң мені рөлге бекітті».

Сериалдың түсірілімі 2016 жылдың ақпанында Мурманс облысында өтті. Сондай-ақ түсірілімне отандық актеріміз Дәулет Әбдәғапаров та қатысты.

«Біріншіден, менің жобаға қызыққаным, оқиға өте қызықты, америкалық тыңшының ресейге келуі. Сюжеті бүгінгі күнге арналған. Екіншіден, актерлер құрамы ұнады: Евгенией Брик, мен оны«Стиляги» мюзиклі үшін құрметтеймін, Леонид Бичевин, мен оны «Груз» және «Морфий» фильмдері арқылы білемін, сондай-ақ Юрий Стоянов. Түсірілім кезінде біз бірнеше шағын қалаларды және Мурманск облысындағы елдімекендерді араладық, өте тамаша жер, адамдары да қонақжай, мейірімді. Ауа райы да бізге қарайласты. Түсірілім кезінде күн жылы болды, тіпті түнгі түсірілімдер кезінде де қиналған жоқпыз. Тундра, шаналар, бұғылар, хаски - осының бәрі ұмытылмас әсер қалдырды», - дейді актриса.

Естеріңізге сала кетейік, актриса ресейлік «Золотая Орда» сериалына да түскен болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса