È

Асылхан Төлепов «Көкпар» фильмінің бірінші тизерінде

Асылхан Төлепов «Көкпар» фильмінің бірінші тизерінде

 

Актер Асылхан Төлепов «Көкпар» қырғыз фильмінің бірінші тизерінде көрінді. Картинаны қазақстандық көрерменге «Ананы іздеу» комедиясы арқылы танылған режиссер Руслан Акун түсірген. Авторлардың хабарлауынша, «Көкпар» толықметражды драмасы 20 қыркүйектен бастап айналымға шығады.

«Көкпар» («Көк-бөрү») фильмі дарынды көкпаршы Мақсаттың хикаясын баяндайды. Күндердің бір күнінде жігіт туған ауылына қауіп төніп тұрғанын біледі, ал оны құтқарудың жалғыз жолы – ауылдастардан топ құрып, көкпардың Біріншілік кубогына қатысу. Кейіпкер тобымен бірге қарсыластарын жеңу үшін тапқырлық пен батырлық танытып, аңсаған кубокты жеңіп алуға тырысады.

Гүлназ Жоланова және Асылхан Төлепов
Гүлназ Жоланова және Асылхан Төлепов

Фильмдегі басты рөлді отандық актер Асылхан Төлепов, ал басты кейіпкер қызды Гүлназ Жоланова сомдады. Сондай-ақ, фильмге Қырғызстан актерлары Эмиль Эсеналиев, Сұлтан Диқамбаев, Жұма Мамакеев, Назым Меңдібаиров, Асан Аманов, Шұмқар Бейшеналиев, Таалайқан Абазова және Марат Амираев түсті.

Кинотаспа маусымда Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында түсірілді. Қоюшы-операторы - Мұрат Әлиев. Продюсері – Нұрбек Айбашов. Таспа өндірісімен «Аманат фильм» компаниясы айналысты.

 

Превью: Асылхан Төлеповтың жеке Instagram парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса