È

Әзиз Бейшеналиев подиумға алғаш рет шықты

Әзиз Бейшеналиев подиумға алғаш рет шықты

Астанада KFW Astana жоғарғы сән апталығы аясында «Құрақ көрпе» ұлттық бренді топтамасының дебютті көрсетілімі өтті. Кино және театр актері Әзиз Бейшеналиев ерлер топтамасының амбассадоры атанды. Ол алғаш рет сән көрсетіп, подиумға шықты.

«Мен заманауи casual стилін ұнатамын, сонымен қатар этноны жақсы көремін. Бірақ, «Құрақ көрпе» компаниясының дизайнерлері Жаннар Шурева және Гүлмира Кеделбаевамен таныспай тұрып, осы екі түрлі бағытты әдемі қылып, үйлестіріп бірге киюге болатынын білмеппін. Осыны білгеннен кейін әрі авторлар маған өкіл болуды ұсынғанда, қатты қуандым!»,-деді актер.

Жаңа үлгілердің авторлары арнайы Әзиз Бейшеналиев үшін ерекше образ ойлап тапты: актер KFW Astana қатысушылары мен қонақтарының алдына килт (Шотландия таулықтарының дәстүрлі киімі – ред.) киіп шықты. Актер осы образды бұрыннан бері киіп көргісі келгенін жасырмады.

Сонымен қатар, аталған белгінің амбассадорлары қоғам қайраткері, продюсер, «Қазақстан Барысы» қорының төрағасы Арман Шораев және актриса Салтанат Наурыз болды.

«Құрақ көрпе» киімдеріндегі нәзіктік, ыңғайлылық, еркіндік, өткенімі бен тарихымызды байланыстыратын этникалық бояулар және қолжетімді бағалар ұнайды. Жұмыс кестесі тығыз жандарға арналған ыңғайлы киімдерді іскерлік кездесуге немесе беделді шараларға киіп баруға болады. Бастысы – барлығында махаббат пен жанды дүние бар»,-деп түсіндірді актриса.

Айта кету керек, «Құрақ көрпе» бренды арт-жоба ретінде ұсынылған, сондықтан амбассадорларды шығармашылық саладан таңдауы бекер емес.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер