È

Байғали Есеналиев: «Біздің тарихымыз бен батырларымызды көрсетуіміз керек»

Байғали Есеналиев: «Біздің тарихымыз бен батырларымызды көрсетуіміз керек»

Актер Байғали Есенәлиев «Шәкәрим», «Сүйінбай» және «Жаужүрек мың бала» фильмдері арқылы белгілі, ол «Бродвей» кинопорталының журналисімен сұқбаты барысында қазақстандық кино туралы ойларымен бөлісті.

Актер шетелдік көрерменді қазақстандық полицейлер туралы фильмдермен қызықтыруға болады деп есептейді.

«Қазақстанда 16 облыс бар, 16 Ішкі істер министрлігі бар, онда біздің әкелеріміз, бауырларымыз бен, әпкелеріміз, аналарымыз бен ұлдарымыз қызмет етеді. Құқыққорғай органдары қызметкерлерін даярлайтын арнайы мекемелер бар. Неге осы адамдар жайлы, күні кеше біздің қауіпсіздігіміз үшін құрбан болған жандар туралы фильм түсірмеске?! Иә, біз Қазақстанның дәстүрі, тарихы туралы фильмдер түсіріп жүрміз, бұл дұрыс. Бірақ қазіргі батырларымыз туралы: солдаттар, полицейлер, Отан қорғаушылар жайлы фильмдер түсіргеніміз жөн», - дейді Байғали Есенәлиев.

«Жамбыл» сериалынан кадр

Экранда ойдан шығарылмаған, шынайы оқиғаны көрсетуіміз керек деп санайды әртіс.

«Біздің тарихи тұлғаларымыздың өмірі толық зерттелген жоқ. Ақтаңдақтар өте көп. Сәкен Сейфуллин, Шоқан Уәлиханов турады жазылды, фильмдер де түсірілді. Бірақ біздің Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Мағжан Жұмабаев секілді зиялыларымыз ше?! Оларға келгенде неге үнсізбіз? Кинематограф - біздің атамұрамыз ғой. Біз тарихи фильмдерді жалған деректерге сүйеніп түсіретініміз өкінішті. Негізі тарихи деректерді мұқият зерттеу керек емес пе? «Великолепный век» деп аталатын түрік сериалы осының жарқын мысалы. Бұл картинаны бүкіл әлем көрді, өйткені оқиға тек қана әдемі емес, барынша шынайы түсірілген. Бұл терең зерттеу жұмыстарының нәтижесі. Қазақ халқының да көпғасырлық тарихи өте қызық, тек осыны дұрыс экранизациялау керек», - дейді Есенәлиев.

Актердің бір арманы бар - адам қолымен жазылмаған, уақыттың өзі қалыптастырған шынайы оқиғаны көрсеткісі келеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер