È

«Бастер Скраггс балладасы»: ағайынды Коэндердің жаңа жобасының тұсаукесері Netflix-те болады

«Бастер Скраггс балладасы»: ағайынды Коэндердің жаңа жобасының тұсаукесері Netflix-те болады

Ағайынды Коэндердің ресми трейлерге ие болған «Бастер Скраггс балладасы» атты жаңа жобасының тұсаукесері Netflix стримингті қызметінде болады. Өткен аптада комедия элементтері бар драмалық вестерн Венеция кинофестивалінде үздік сценарий үшін жүлдеге ие болды. Джоэл мен Итан Коэндер мұндай ковбой жайлы кертартпа киноның өзі даму мен қайта қарастыруды талап ететінін айта кетті.

«Бастер Скраггс балладасы» бастапқыда мини-хикая ретінде хабарланды, бірақ Венеция фестиваліне қатысуына байланысты жоба толықметражды фильмге айналды. Бұл вестернде алты түрлі хикая бар және керемет актерлік құрамға ие: Тим Блейк Нельсон, Зои Казан, Джеймс Франко, Лиам Нисон және Том Уэйтс.

Ағайынды Коэндердің «Бастер Скраггс балладасына» атсалысқан түсірілім тобының құрамы да өзгере қойған жоқ. Олармен бірге бұрынғыдай тамаша кино ауанын композитор Картер Бёруэлл, қоюшы-суретші Джесс Гончор және костюм дизайнері Мэри Зофрис құрады. Коэндердің басқа вестердерінен айырмашылығы, түсіріліммен әдеттегідей көптеген фильмдердің режиссері Роджер Дикинс емес, Брюно Дельбоннель («Амели», «Әлем арқылы») айналысты.

Ағайынды Коэндердің «Бастер Скраггс балладасы» фильмі 2018 жылдың 16 қарашасында айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер