«Лауазымды адам»: Netflix Стивен Содербергті баскетбол жайлы жобаға шақырды
Netflix стримингті қызметі режиссер Стивен Содербергті («Өзін-өзі ұстай алмайды», «Логан сәттілігі») «Лауазымды адам» атты баскетбол жайлы жобаға шақырды. Бұл таспадағы басты рөлдерді Андре Холланд («Уақыт қалтарысы», «Касл-Рок» хикаясы) және Зази Битц («Дэдпул 2», «Атланта» хикаясы) сомдайды.
«Лауазымды адам» сценарийімен Тарелл МакКрейни («Айдың жарығы») айналысуда. Таспадағы оқиға баскетбол локауты кезінде өрбиді және спорт агентінің хикаясын баяндайды, ол қарамағындағы жас баскетболшыға спортқа қатысты қызықты іскерлік ұсыныс жасайды.
Алдыңғы жолы Андре Холланд Содербергтің бірнеше жыл бұрын табысты болған «Никербокер ауруханасы» хикаясына түскен. Сондай-ақ, «Лауазымды адамдағы» басты рөлдерді Закари Куинто («Артемида» қонақ үйі», «Сноуден») және Кайл МакЛоклен («Твин Пикс» хикаясы, «Көк барқыт») сомдамақ.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Maxim Bogomolov
14 қыркүйек 2018, 10:55100% провальный проект будет